Мен Тараз қаласы №9 бөбекжай-бақшасының логопед мұғалімі Тұрғымбек Нұрила Әбітбекқызы. Осы салаға келгелі балалардың алдында жауапкершілікті сезіндім. Қазіргі кезде түрлі дәрежедегі тіл кемістіктерінің көбеюі – шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселеге айналып отыр. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың ішінде ең көп таралған түрі – сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларды түзетуде көптеген әдіс тәсілдерді қолданып келемін. Сол әдістердің бірі логоритмика. Логоритмика – сөз бен музыканың қозғалыс байланысы. Логоритмиканы әртүрлі оңалту , сауықтыру әдіс-тәсілдерін пайдалануда, емдеу барысында және де даму кемістігін(әсіресе тіл кемістігі) жоюда қолданылады. Логопедтік ритмиканың зерттеу обьектісі дамуында кемістігі бар бала болып табылады. Кез-келген логоритмикалық жаттығулар адам миының жұмысын белсенді етеді. Бұл әдісті қолданғанымның негізгі өзектілігі: Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларда сөйлегенде сөз ырғағы қимылына сәйкес келмей қинаналады және қоғамға еркін арласуына кедергі болады.
Мақсаты: Сөйлеу кемістігі бар балалардың логоритмика арқылы ақыл-ойын, сөздік қорын молайту, дұрыс тыныс алуын, қимыл қозғалысын түзету.
Міндеттері:
- Тіл кемістігі бар балаларды әртүрлі оңалту , сауықтырып, түзетіп, қоғамға еркін арласуына жол ашу;
- Музыка ритміне қарай сөйлеудің мәнерлігін мәнерлігін дамыту;
- Кеңістікті бағдарлай алуға, еркін қозғалыс жүйесін қалыптастыру;
Логоритмика мына элементтерді қамтиды:
- Логопедиялық (артикуляциялық) гимнастика. Артикуляциялық бұлшықеттерін нығайту, олардың қозғалуын дамыту.
- Ұсақ моториканы, естумен сөйлеудің мәнерлілігі
- Музыка және сөзбен ұйлескен қимылдар жүйесін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту
- Сөйлеу, зейінді дамыту, кеңістікте бағдарлай ала білу. Ритмін, сезімін дамыту
Логоритмика арқылы балаларға артикуляциялық жаттығулар жасату артикуляциялық аппараттарының бұлшық еттерін, мимиканы белсендіреді. Бұл жаттығулар балалардың еркін сөйлеуіне жол ашады және музыка, сөзбен үйлескен қолдың ұсақ моторикасын, ақыл-ойын, зейінін дамыту. Логоритмика арқылы балаларды дұрыс сөйлеуге машықтандыру, сөздік қорын молайту. Музыка ритміне үйлескен театрлық қойылымдар ұйымдастыру, бұл балалардың өзін-өзі еркін ұстауына, еркін сөйлеуге, кеңістікті бағдарлауды өз септігін тигізеді. Балалармен түрлі гимнастикалық жаттығулар, сергіту сәттерін жасатуда логоритмиканың маңызы зор. Балалар әнді тыңдау арқылы ырғақты сезінуге, кеудемен терең тыныс алуға үйренеді. Еркін тыныс ырғаққа, әуенге сай қимыл-қозғалыстар жасауға негізгі себеп болатыны сөзсіз.
Жақсы нәтижелерде жетудің қажетті шарттарының бірі – логопед пен ата-ананың қарым-қатынасы. Ата-аналармен дөңгелек үстел, кеңестер, сауалнамалар жүргізіліп отырамын. Ата-аналарға үйде осы әдіс-тәсілдерімді істеуге ұсынып отырамын.
Логоритмикалық әдісті қолданғанымның нәтижесінде музыка аясында сөздерін анық айтуға және ырғаққа сай, еркін қимыл-қозғалыстар жасауға үйренді. Балалар ең бастысы, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу қорқынышынан арыла бастады. Өздеріне деген сенім мен еркіндік пайда болды.