Сапаржай. Бір себептермен мұнда менде келіп қалдым. Қара-құрым халық, бірі сапарға шығып барады, енді бірі ұзақ жол сапардан келіп жатыр. Қоштасқандардың жанарында қимастық бар, қауышқандардың жанарында шаттық бар. Бәрін сырттай бақылап сан тағдырға куә болған орындықтар мен қабырғалар. Және сапарға шығайын десе барары жоқ, қалайын десе қарары жоқ, сапаржай секілді адамдарға көз сүзген, бала көңілді-кейуана. Бұл бірден назарыма іліге кетті. Сәл аялдадым. Сорлы ана вагондармен бірге жылаған жанарын қурап, құрысып қалған қолдарымен құрғатып әлек. Кенет анамның: -Қызым сен болашақ анасың, мейірімді бол!- деген бір ауыз сөзі санама сап ете түсті. Ығы-жығы адамдар кейуанаға назарда салмады. Асығыс едім. Кетіп қалуға дәтім жібермеді. Жәй-күйін білмекке жақындай беріп едім, кенет менен бұрын бір егде жастағы ер адам жетіп келді. Сырттай қарайлап тұрдым.
- Амансызба апа? Неге жылап отырсыз? Қайда баруыңыз керек еді? Поезь кетіп қалдғой?-деді. Әже болса әлгі адамға бедірейе қарап, отырып-отырып:
- Амансыңба құлыным! Иә поезь! Қалып қойдым!-деді, ауыр күрсініспен.
- Билетіңізді беріңіз мен жаңасын алып берейін!- деді, қайырымды жан.
- Жоқ балам! Керек емес! Енді мен баратын жерге билет жоқ! Поезь да жүрмейді!-деді.Таңырқап қалған ер адам:
- Әже бұл күнде жоқ нәрсе дейтін болмайды! Әкеліңіз билетіңізді!-деді, күлімдеп. Әже болса: Көз жасы сіңіп, иі қанып, алақанында иленіп қалған қағазды, уысын әзер ашып, қалтырап-дірілдеп әзер берді.
- Қазір апа күте тұрыңыз!- деп, жүгіре жөнелді, ер адам.
Ойында ештеңе жоқ кассаға келді де қолынғы иі қанған қағазды ашып билет сату бөліміндегі бойжеткенге беріп жатып кілт тоқтады. Қағаз билетке мүлдем ұқсамайды. Апа шатастырып алған болар деп қағазды қайтадан бүктеп жатып, “өтінемін” деген сөзге көзі түсті. Қағазды қайтадан ашып онда не бар екенін оқи бастады: бұл адамды жақсы, жайлы бір жерге орналастырыңызшы! Өтінем!-делінген. Ананың ауыр демін енді түсінгендей болды. Алға басқан қадамы ашылмай әзер келеді. Ақ жаулықтының жанына келіп солқ етіп отыра кетті...
Жүрегі жыртық ана әңгімесін былай бастады: Мен бұл сапаржайға өзгелер сияқты жол жұру үшін, не болмаса қыдыру үшін келген жоқпын, қарағым! Егер мені тыңдауға уақытың болса, шерімді тарқатайын өзіңе! Осыдан 20 жыл бұрын дәл осы жерде тұңғыш ұлымды әскерге аттандырдым. Ол кезде жолдасым, кенже ұлым болды қасымда. Жыл уағы болып ұлым әскерден оралатын болғанда, әкесі марқұм баламды күтіп алам деп кеткен. Келер жолда көлік апатынан екеуіде о дүниелік болды. Бұл оқиға кенже ұлыма да мағанда ауыр соққы болды. Ер жетіп қалған бала менімен санаспай өз бетімен кетті. Оған айтқан ақыл, түйеге күй ойнатқандай еді. Кейде келеді үйге кейде келмейді. Не істеп жүргенінен хабарым болмады. Тек аман болсын деп отыра бердім. Туыс туған да теріс кетті. Ал ұлым болса қазір орда бұзар отыздан асты. Әлі үйленген де жоқ. Әкесінен қалған бар мүлікті жұмсады. Қаланың шетін ала үш бөлмелі пәтеріміз бар еді. Оны да жақында, мені желкелеп апарып өз атына аудартып алды. Ендігі ісі мынау. Таңертең осында алып келді. Енді бір-бірімізді көре қоймаспыз,-деп кетіп қалды... Енді ешқашан келмейді!...
- Енді не істейсіз апа? Қарттар үйіне апарайын сізді!-деп тұрмақ болып еді әлгі адам, қарт ана:
- Жоқ. Өзің бар! Бармаймын онда! Туған балам мені керек етпегенде, ол жерге менің не керегім бар...
Осылай қарт кеуденің бар шері сапаржай еденіне тырыс... тырыс... тамып жатыр. Тыстан тыңдап тұрған менде жүзімді жуып тұрмын! Бейшара ананы сәлден соң бұл жерден де қуып шығады ғой!....
Бұл оқиғаның соңына дейін тұруға жүрегім шыдамады. Жанындағы адамның тастамасын сездімде, амалсыз аллаға табыстап кете бердім. Осы күнде, осы ғасырда дәл осы әңгімені біреуден естісем сенбес едім. Көзбен көрген соң шарасыз халде қалдым.Ойланайық, санамызды осындай азғындықтан аулақ салайық. Ішіне сыйғызған аналарымызды үйімізге сыйғыза алмағанымыз қалай? (Оқиға шынайы өмірде болмаған, алайда ұқсас оқиғаларға негізделіп жазылған.)