Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI661

Бастауыш сынып оқушысының тұлғалық қабілеті мен дарынын ашу жолдары

    “Өмірдің мақсаты – кемелділікке ұмтылу, бәріміздің тапсырмамыз – соны барынша өз дәрежесінде көрсетуге тырысу" - деп Ричард Дэвид Бах айтқандай, барлық адам – көсем де, ғалым да, дана да, шебер де, басшы да тек мұғалім қолынан шығады. Бүгінгі уақыт, қоғам мектептегі басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Оның алдында  отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруы керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындату, өз алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Жеке тұлғаның қалыптасуы бастауыш сыныптан бастау алатыны  белгілі. Білім негізі де бастауышта. Жаңа сауат аша бастаған оқушы да оқу әрекеттері мен білім алу дағдыларын қалыптастыруды мұғалім сабаққа кіргенде орнынан тұрып, сабақ айтқанда тақта алдында тұрудан бастау керек. Ұсақ–түйек болса да баланың ойлау жүйесі мен дамуына  әсер ететін осындай әрекеттер оларды жауапкершілікке,зияткерлікке,патриотизмге, жанашыр болуға тәрбиелейді. Итальяндық дәрігер және педагог Мария Монтессори былай депті:  «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау». Шындығында да, баланың қоршаған ортасы-туыстары, ұстаздары, тәрбиешілері, достары оның болашақ өміріне ерекше әсер ететін адамдар. 

     Бала есейе келе білімді, білікті, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, инновациялық идеялардың қуат көзі   болатын,  жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында  дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады. Қазіргі дамыған кезеңде, жаһандық дамып жатқан заманда қай салада болмасын бәсекеге қабілетті  болу- заман талабы. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз ететін өзін-өзі тану бүгінгі күні маңызды орынға ие болып отырса, өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыру-бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болады. Ағылшын жазушы, ақын Редьярд Киплинг айтқандай: "Менің ең сенімді алты қызметкерім бар.Олардың алдында міндетім зор. Олардың аттары: Кім? Неге? Қашан? Не? Қайда? Қалай?" Бәрімізге де осы сұрақтар таныс, әрі жақын. Жас кезінен баланы осы сұраққа жауап беруге үйретсек, жауапкершілікке, байқампаздыққа, адалдыққа, жанашырлыққа үйренеді. Күнделікті баланың әрбір іс-әрекетін бақылап, баға беріп отыру-әрбір істеген ісіне, айтқан сөзіне есеп беруге дағдыландырады. Сондықтан баламен ашық әңгімелесуден қашпайық. 

     Ал, мектеп қабырғасындағы бүгінгі мақсат — әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Мектептегі оқыту мен тәрбиенің арқасында балаларға белгілі қоғамдық тәжірбие беріледі. Оқу бағдарламасының күрделенген түрлерін меңгере отырып, оқушылардың қабілеттері дамиды. Білім жүйесін меңгере отырып, балалар сана операцияларын меңгереді және өзінің сана қабілеттерін дамытады. Мектептегі дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысы оқушылардың жеке адам болып қалыптасуына көмектеседі. Бәсекеге қабілеттілік белең алған мына бір «түлкі заманда» тазы болып шалу баршамыздың қолымыздан келетін қабілет болуы тиіс екенін естен шығармай өмірдің өзгерістеріне бейім бола білейік.  

 

191 0
Кулбагыш Танатканова, Сұраншы Сауранбаев атындағы орта мектеп, КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, I-cанатты, Алматы облысы,Райымбек ауданы,Сарыбастау ауылы, Ұлы дала ұстазы № 000813
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: