Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI660

Балабақша-тәрбиенің алтын бесігі!

     «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» -деген әдемі афоризмнен бастағым келіп отыр. Білім мен тәрбие қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізі міндетіміз. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Бүгінгі жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы ол– балабақша.  

      Баланың сәби кезеңіндегі аса жауапты тіршілік әрекеттері, отырып – тұрудан бастап, тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып – білу балабақшадағы тәрбиеден басталып қалыптасатыны белгілі. Ендеше , жас ұрпақтың тәрбие жүйесінде балабақшаның орны ерекше. Мұнда жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижесі ертеңгі күнгі баланың мектептегі алатын білімінің алғашқы баспалдағы болмақ. Білім алу жолындағы қажетті   тәжиірбені бала тек балабақшада жинап түсінетіні анық. Балабақшадағы баланың көпшілікпен  бірге алған тәрбиенің әсері оның жан-жақты болып өсуіне көп жеңілдік жасайды.

       «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.» - деп М.Шақанов атамыз айтқандай біздің тәрбиешілеріміз бүлдіршіндер тәрбиесіне өз үлестерін қосып қана қоймай, оларға өз ата-анасындай мейірімділік танытып, балапандарды бауырына тарта біледі.Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білм алуға тырысады.Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.  Балабақшада түрлі болашақ маман иелерін тәрбиеленіп жатыр десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке тәрбиелеу, құрылысшыларды – нақтылыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Осының бәрі балабақшада үйретіліп жатқандықтан, баланың болашақта қандай маман болып шығары тәрбие мен білімді қаншалықты ұштастыра алатыны  біз үшін маңызды жауапкершілікті талап етеді. Әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдерді жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін «алтын баспалдақ» болуы тиіс.  Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын  ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамы деп білемін.

Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды талап ететін өнер» дейді. Расында да балабақша табалдырығынан аттаған балаға тәрбие беру үшін маманның өзі тәбиелі, білімді, өнерлі болғаны жөн. Ұлы Мағжанша айтар болсақ балаға тәрбиені  беруде адам ең бірінші өз тәжірибесіне сүйенеді. 

Баланың жас кезінде көрген тәрбиесі оның үлкен өмірге жолдамасы іспетті. Ақиқатында баланы үлкен өмірге әзірлеу үстінде әуелі ата-ананың содан соң балабақшаның алар орны ерекше. Егемен болып – ес жиып,тәуелсіз болып – тәубе деп жүрген тарихи тұстағы  Қазақстанның ұлттық идеологиясы да балабақшамен, осындағы тәрбие мәселесімен тікелей байланысты.

Қорытындылай келе, баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру, бала біздің болашағымыз, қоғамымыздың азаматы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін  басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы -  келешек ел басқарар, жер- суына  иелік етер, ел-халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша-бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша–баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Қазіргі балабақшадағы  оқу-білім беруге арналған  инновациялық қызмет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының  кәсіби дамуының ең басты факторы.

Тәрбиенің нәтижесі балалардың түрлі іс-әрекетінен көрінгенде ғана педагогтың жұмысы  жемісті деп саналады.


241 0
Меруерт Канжигалинова Уакбаевна « Павлодар қаласының № 26 арнайы балабақшасы» МҚКК Тәрбиеші Ұлы дала ұстазы № 000812
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: