«Тәрбие басы тал бесіктен», - дегендей, адам баласы дүниеге келген күннен бастап ана сүтімен қоректеніп, ес кіріп, есейген сайын жарық әлем сырын, әлем құпиясын білуге құштар бола бастайды. Осы құштарлық таза жан, пәк сезімді ластамай, дұрыс бағыт-бағдар алуда ата-ананың ықпалы зор екені айтпаса да анық.
Бала тәрбиесінің алғашқы бастамасын отбасынан алса, жалғасы балабақшада жалғасады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады, мүмкіндіктері ашылып, қабілеттері дамиды.
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшелігіне сай өсіп, жетілуіне, біліммен сусындауына, жан-жақты дамуына балабақшаның берер пайдасы зор. Балабақша есігін енді ғана ашқан балалардың бөтен орта, бөтен адамдарға тез үйренісіп, балалабақшаның ішкі тәртібі мен күн режиміне қалыптасуда тәрбиешілердің рөлі басым. Әртүрлі тәрбиеленген балалар мен олардың түрлі мінезді ата-аналаларының тілін тауып, психологиясын зерттеп, жүрегінен орын алу кез келген адамның қолынан келе бермейтін аса күрделі жұмыс. Балабақшаға келген балаланың күн режимі тұрақталып, бір уақытта тамақтанып, бір уақытта ұйықтауға үйретеді. Сонымен қатар, екі мезгіл таза ауада серуендеп қана қоймай, табиғат құбылыстары мен айнала қоршаған ортамен танысып, еңбекке араласып, табиғат анамен жақын қарым-қатынас орнатады. Әртүрлі дидактикалық, қимылды және сюжетті-рөлді ойындарда балалардың ақыл –ойы, денесі, логикасы, танымы дамиды. Сонымен қатар, балабақша балалардың салауатты өмір сүріп, денсаулығын нығайтуға, денелерін шынықытыруға, би билеп, ән салуға, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, сахнада өзін еркін ұстауға, әртістік қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін дамытуға және тағы да басқа шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыс жасайды. Балармен ғана емес, ата-аналармен де жұмыс жасайтын балабақша ұжымы түрлі сайыстар, тренингтер, ашық есік күндерін ұйымдастырып, бала тәрбиесіне ата-аналардың қызығушылығын арттырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты мейлінше нығайтуға атсалысады. Үйінде ата-анасы ертегі оқып беруге уақыты жоқ балаларға тәрбиеші әртүрлі театр түрлерін ұйымдастырып, тәлімі мол әңгімелер оқып береді. Осындай жағдай жасап, мол мүмкінідік ашатын балалабақшаларда тәрбие мен білім алып жатқан балалар бақытты. Себебі, оларға тәрбиеші таң атқаннан күн батқанға дейін көңіл бөліп, олардың жан-жақты жетілген, дені сау, бақытты ұрпақ болуына бар күш-жігерін салып жатыр.
Өзінің ұрпағының болашағына алаңдап, ұрпағының дамып, жетілуі мен денсаулығын нығайтуды міндет етіп алған елде және өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, өзгенің баласын өз баласынан да артық қарайтын балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалар ең бақытты ұрпақ дер едім.
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.
Балабақшадағы әрбір тәрбиеленушіге әртүрлі бағытта ән,би,көркем сөз оқу,театр қою т,б жұмыстардың бәрін дерлік үйрету барысында орын алатын қызықты сәттер,олардың жүзіндегі қуаныш сәулесін көру мына біздер үшін шын қуаныш.
Қорыта келе, балабақшадағы біздің масты мақсатымыз балаға жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделетін басты құзыреттілікті меңгеруге және қолайлы әлеуметтенуге мүмкіндік тудыратын толыққанды жағдай жасау әлеуметтік позитивті қатынастар орнатуға қабілетті шығармашылық тұлға тәрбиелеу.Әр баланың болашақта үлкен өмірге нық қадам басуына жағдай жасау.Болашаққа қадам-балабақшадан бастау алады.