Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI653

Білімдегі олқылықты толықтырудағы жазғы мектептің маңызы

   Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2020-2021 оқу жылының 26 мамыры мен 19 маусымы аралығында білімдегі олқылықтарды толықтыру мақсатында «Жазғы мектеп» ұйымдастырылды.

  «Жазғы мектеп» келесі нормативтік актілерге сәйкес ұйымдастырылды:

  1.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2020-2021 оқу жылының аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» 2021 жылғы 05 мамырындағы № 203 бұйрығы;
  2. «2020-2021 оқу жылын аяқтау және білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы»  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 2021 жылғы 12 мамырындағы №244 бұйрығы;
  3.  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «2020-2021 оқу жылын аяқтау және Қостанай қаласы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттауын өткізу туралы» 2021 жылдың 14 мамырындағы № 581 бұйрығы;
  4. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімі №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2021 жылдың 18 мамырындағы №134,138  және 2021 жылдың 21 мамырындағы №139 бұйрықтары

«Жазғы мектептің» жоспары құрылып , жұмысының іс-шаралары осы жоспар бойынша жүзеге асырылды.

Іс-шаралар

Өткізу күні

Жауапты 

Жүзеге асырылды

1

Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс

Мамыр-маусым

Директордың ОТЖ орынбасары А.Б.Бекбулатова

Бұйрық 

2

Ата-аналармен жазғы мектеп туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, келісімін алу

Мамыр

Сынып жетекшілері

Өтініш

3

Сабақ кестесін жасап, кәсіподақ төрайымы мен қамқоршылық кеңеспен келісу 

Мамыр 

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Бекбулатова

Сабақ кестесі

4

Кабинеттерді санитарлық нормаға сай дайындау

Мамыр 

Сынып жетекшілері

 

5

Пән мұғалімдері сабақ кестесі бойынша күнтізбе жоспарын жасау

Мамыр

Директордың ҒӘЖ  орынбасары Л.Ж.Жилкибаева

Күнтізбе жоспары

6

Мектептің кезекшілігін ұйымдастыру

Мамыр-маусым

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.А.Тлеубаева

Мектеп бұйрықтары

7

Оқушылардың қосымша сабаққа қатысуын бақылау

Мамыр-маусым

Пән мұғалімдері

Мұғалімнің жеке журналы

 

Жоспар бойынша бұйрықтар шығарылып, ата-аналардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-8,10 сыныптардан 80 оқушы жиналды. Әр сыныптан жинақталған оқушылар топтарға бөлініп, арнайы санитарлық нормаларына сай жабдықталған кабинеттерге орналастырылды.

  «Жазғы мектептің» 26 мамыр мен 19 маусым аралығында өтетін пәндері ата-аналардың өтініштері бойынша анықталып жұмыс жоспары жасалды.

1-4 сынып жүктемесі

 

Білім салалары және 

оқу пәндері

 

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

1

2

3

4

1.

Сауат ашу

3

 

 

 

2.

Қазақ тілі

-

2

2

2

3.

Әдебиеттік оқу

-

1

1

1

5

Шетел тілі

2

2

2

2

6

Математика

3

3

3

3

8

Жаратылыстану

 

 

 

 

9

Дүниетану

 

 

 

 

10

Логопед

1

1

1

1

11

Психолог

1

1

1

1

 

Барлығы

10

10

10

10

5-8,10 сынып жүктемесі

 

 

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

 

 

6

7

8

10

1

Қазақ тілі 

2

1

 

 

1

2

Қазақ әдебиеті

 

1

 

 

 

3

Орыс тілі мен әдебиеті 

 

 

1

 

 

4

Шетел  тілі 

2

2

1

1

1

5

Математика 

2

2

 

 

 

6

Алгебра

 

 

1

1

1

7

геометрия

 

 

1

1

1

8

Жаратылыстану 

1

1

 

 

 

9

Физика 

 

 

1

1

1

10

Химия 

 

 

1

 

1

11

Биология

 

 

 

1

1

12

География

 

 

1

1

 

13

Қазақстан тарихы 

1

1

1

1

1

14

Психолог 

2

2

2

2

2

Барлығы

10

10

10

10

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімдері жұмыс жоспарында бекітілген сағаттарының жүктемесіне қарай күнтізбе жоспарларын жасады. Күнтізбе жоспарын директордың ҒӘЖ орынбасары Л.Ж.Жилкибаева тексеріп бекітті.

  «Жазғы мектептің» сабақтары мектептегі түлектеріміздің мемлекеттік емтиханымен қатар жүргізілгендіктен директордың ТЖ орынбасары А.А.Тлеубаева мектепішілік тәртіпті реттеу мақсатында кезекшілік ұйымдастырды.Кезекшілер оқушыларды қарсы алып, олардың температурасын өлшеп отырды және мектепте маскалық режимнің сақталуын қадағалады.

  Сабақ сағат 10.00 басталып отырды және аптаның 4 күні оқуға алынды, сәрсенбі күн санитарлық күн болды.

   Сабақ барысында пән мұғалімдері оқушыларды жыл бойына өткен тақырыптарының олқылықтарын толтықтыру жұмыстарын жүргізді. Барлық тапсырмалар сабақ барысында орындалды. Үйге тапсырма берілген жоқ. Оқушылар сабақ барысында өздеріне қиындық тудырып жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, оқушылармен мектептің психологтары тренингтер өткізіп, логопед бастауыш сыныптың оқушыларымен жаттығу жұмыстарын жүргізді. 

    «Жазғы мектеп» жұмысы мектептегі «Жазғы лагерьмен» сабақтастықта жұмыс істеді. Сондықтан оқушылар мектепішілік лагерлердің іс-шараларына да белсенді қатысып, білім мен тәрбиені ұштастыра білді.

 

Қорытындылай келе, «Жазғы мектептің» сабақтарының оқушыларға білімдерін толықтырып алуға мүмкіндік беретіндігін атай кеткім келеді. Алдағы уақытта осы шара қосымша сабақтарда жалғасын таба деген ойдамын.

 

671 0
Акмарал Бекбулатова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ,Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Қостанай облысы,Қостанай қаласы Ұлы дала ұстазы № 000806
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: