Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI651

Мектепке дейінгі ұйым балаларын тәрбиелеуде дидактикалық ойынның маңызы

         Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.

      Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар,оның міндеттері біртіндеп ашыла түседі.

      Балалар сәбилік шақта өзінің қабылдауын әлі де болса жақсы  басқара алмайды және де егер оның таңдауына екеу емес , көптеген түрлі заттарды ұсынса немесе нәрселердің формасы  күрделі болып, көптеген бөлшектерден тұрса, немесе олардың бояуы айнымалы,  ауыспалы түс болса, онда баланың өз керегін үлгі бойынша іріктеп алуға шамасы келмейді.

      Егер сәбилік шаққа жеткен бала заттарды өзара салыстырғанда олардың кез келген  біреуін үлгі ретінде қолданса, кейінірек, үш жасқа аяқ басқанда кез келген басқа нәрсенің қасиетін салыстыратын өзіне жақсы таныс кейбір   заттарды тұрақты үлгілерге айналады. Мұндай үлгілер ретінде нақты заттар ғана емес, сонымен бірге олар жайлы баланың   ойында қалып қойған, есінде сақталған ұғымдар да қызмет етуі мүмкін.  Мысалы, үш бұрышты заттарды анықтаған кезде ол: «үй сияқты»,  «үйдің шатыры сияқты», - десе, домалақ заттарды анықтағанда: «доп сияқты», сопақша заттарды: «қияр сияқты», «жұмыртқа сияқты », - дейді. Қызыл түсті заттар жайлы: «шие сияқты», жасыл түстіні: «шөп сияқты» т. б. дейді.

      Дәл осы сияқты  сурет сала бастағанда да бала өзі бейнелейтін заттың немесе оған ұсынған үлгінің түсін есепке алмайды да, өзі ұнатқан қарындашпен пайдаланады.

      Әр түрлі заттардың қасиеттерімен – түрлі формасымен, түсімен, көлемімен т. б. танысқан бала осы қасиеттер жайлы ұғымдар қорын жинақтайды, мұның келешек баланың ақыл – ойының дамуы үшін маңызы зор. Дегенмен, егер нәрсе  тек қана баланың көз алдында  тұрса, тіпті бала оны ұстап қарау мүмкіндігіне ие болса, бірақ оған заттың формасын, түсін, көлемін, тағы басқа қасиеттерін әдейі түсіндірудің қажет болмаса, мұның өзі әлдебір айқын ұғымның қалыптасуына қол жеткізбейді. Мұндай ұғым белгілі бір қасиеті бар затпен қабылдау іс-әрекетін әлденеше рет орындағаннан кейін ғана қалыптасады. Ал, бұл қимылдар, біздің көріп отырғанымыздай, балаға тән практикалық іс-әрекеттің түрлерімен, алдымен заттық іс-әрекетпен байланысты. Сондықтан заттың қасиеті туралы ұғымдарды жинақтау баланың өзінің заттық іс-әрекетінде қаншалықты көріп бағдарлай алатынына байланысты.

      Сонымен, сәбидің заттың қасиеті туралы ұғымын байыту үшін, оның заттық іс-әрекетті орындау үстінде осы қасиеттердің негізгі түрлерімен танысуы қажет. Баланың іс-әрекет жасайтын заттарының санын, кейде орын алып жүргеніндей, екі-үш формамен және үш-төрт түспен шектеу дұрыс емес. Зерттеушілер үш жасқа қараған бала бес-алты форманы (дөңгелек, сопақша, төртбұрыш, тікбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш) және сегіз түсті (қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ, қара) айыра алатынын анықтаған.

      Сәбилік шақта баланың сөйлеуге машықтануы  мен заттың қасиеті туралы қабылдау мен ұғым қалыптастыру байланысы бар. Балалардың   үш жасқа дейін үйренген сөздерінің көпшілігі заттарды және іс-әрекетті бейнелейді.  Ал түс пен форманың атауын (қызыл, сары, жұмыр) үйрену балаларға қиынға түседі, оны тек үлкендердің жалықпай үйретуі нәтижесінде игереді, соның өзінде сөздерді шатастырып ала береді. Осыған қарап, ұзақ уақыт бойы балар үш жасқа дейін түсті айыра алмайды деп есептеліп келді. Бұл қиындықтардың өзіндік психологиялық себептері бар.

      Үлкендер балалармен сөйлескен кезде заттардың қасиетін, белгісін үнемі айтып отырғанымен, сәбиден оны жаттап алуды, дұрыс айтып беруін талап етудің қажеті жоқ. Бала төрт-бес жасқа келгенде бұған неғұрлым қолайлы жағдай туады.

         Әдетте бала екі жасқа толғанда ана тіліндегі барлық дыбысты қабылдап түсінеді. Дегенмен фонематикалық есту қабілетін анықтай түсу келесі жылдарда жалғаса береді.

      Балаларда жоғары дыбыстық есту – дыбыстарды биіктігіне қарай қабылдау баяу дамиды. Бірақ арнаулы тәжірибе мұндайда едәуір ілгері басуға болатынын көрсетеді. Жоғары дыбыстарды баланың көңілін аударатын тапсырмаларға енгізіп, олардың сәбиге таныс заттармен байланысты екенін көрсету керек. Сөйтіп  үш жасқа қараған балалар мұндайда неғұрлым қатты дауы кішкене ойыншық малдың, ал жай дауыс үлкен малдың  «дауысы» болып естілсе, айырмашылығы шамалы дауыстарды ажырата білуді оңай үйренеді.    

     Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы  қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының  негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырылады.

150 0
Айжан Молдашева, «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі, II санатты, Алматы облысы,Райымбек ауданы,Ұзақ батыр ауылдық округі,Сарыбастау ауылы Ұлы дала ұстазы № 000804
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: