Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI649

Математика патшалығы

Іс-шараның барысы:(фанфар ойналады, жүргізуші шығады)

Жүргізуші: Қайырлы кеш,   қадірменді Балдәурендіктер мен ұлағатты ұстаздар және дарынды оқушылар!

Дүйсенбінің кешінде өткізгелі отырған «математика патшалығы» атты зияткерік сайысымызға қош келдініздер! 

Жүргізуші:  Математика – әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде – өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту: есептеу, санау, өлшеу және физикалық дүниелерді жүйелі түрде орнықтыру.

ЖүргізушіОлай болса, 8 – 9 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған  «математика патшалығы» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Сайыстың мақсаты: математика пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа және пәннің маңызын түсінуге жетелеу.

«Ақыл ойды тәртіпке»  келтіреті нағыз пән – математика! – дей келе ортаға  сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.

1 топ. «Конус» тобы
 2 топ. «Пирамида» тобы
 3 топ. «Цилиндр» тобы
 4 топ. «Шар» тобы

Сайысқа қатысушы топтармен таныс болсақ, сайыстың бөлімдерімен танысайық!

1. «Ойлан, тап» 

2. «Ой шеңбері»

3. «Математика патшалығы»

5. «Адасқан сандар» 

Жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады

Баға берер әділ қазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғады, дей келе бүгінгі әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Білім кешенінің меңгерушісі - Умирзахов Есқали Қалдыбекұлы

2. Әдістемелік бөлімнің әдіскері, осы ауысымның кураторы - Қанаева Салтанат Мелдебекқызы

3. Есептеу комиссиясы, математика пәнінің мұғалімі – Айтбай Батыр Хусанбайұлы

Ойынның барысы:

Слайд 1

Жүргізуші:

Биыл Жәутіков атындағы ХVII халықаралық олимпиадаға әлем бойынша 990 дарынды оқушылар қатысты. Атырау облысынан математика, физика және информатика пәндері бойынша  жас дарынды 7 оқушы бақ сынап, 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жәутіков атындағы халықаралық бұл олимпиада 2005 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биыл пандемияға байланысты онлайн форматында өткізілді.

Олай болса 1-ші кезең «ойлан, тап» бөлімін бастаймыз. 

Ойын ережесі: Бұл бөлім бойынша  4 топқада сұрақ бір мезгілде оқылады.Жалпы саны 10 сұрақ. Сұрақтардың жауаптары үш нұсқамен ұсынылады. Үш нұсқаның біреуі дұрыс жауап. Сұрақтың жауабын алдарыңыздағы жауап парағына белгілеп отырасыздар, яғни жауап парағындағы дұрыс нұсқаны домалақтап белгілейсіздер. Сұрақ оқылып біткеннен соң 5 секунт аралығында дұрыс жауапты белгілейсіздер. Сұрақтар кезегімен оқылып отырады. Әр табылған дұрыс жауап бойынша 10 ұпай алатын боласыздар.

Сұрақтар:

1. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?

А) 50 саусақ

В) 10 саусақ

С) 100 саусақ

2. Екі нүктені қосатын түзу қалай аталады?

А) Сәуле

В) Кесінді

С) Сызық

3. |х|<𝟓 (Модуль ішіндегі икс бестен кіші) теңсіздігінің шешімі қандай?

А) (-5; +∞)

В) (-5; 5)

С) (- ∞; 5)

4. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады?

А) Перпендикуляр

В) Биссектриса

С) Параллель

5.      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарын қандай сандар деп атаймыз?

А) Араб сандары

В) Латын сандары

С) Грек сандары

6. Шаршының қабырғасын 3 есе үлкейтсе онда ауданы неше есе үлкейеді?

А) 9 есе

В) 6 есе

С) 3 есе

7. х²=х (икс квадрат тең икс) теңдеуінің түбірін табыңыз?

А) 0; -3

В) 0

С) 0; 1

8. Дөңес төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең? 

А) 180 градус

В) 360 градус

С) 540 градус

9. Жүз санын жартыға бөлгенде нешеге тең?

А) 50 

В) 100

С) 200 

10. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар?

А) 0 (нөл)

В) 1 (бір)

С) 2 (екі)

 Жүргізуші: І кезең өз мәресіне келіп жетті.  Қолдарыңыздағы жауап парағын әділ қазылар алқасына өткіземіз. 

Слайд 2,3

Жүргізуші: 

Құрметті көрермендер «Филдс» сыйлығы туралы естулеріңіз барма?

«Филдс» 4 жылда бір рет 40 жасқа дейінгі ғалымдарға берілетін математика ғылымының ең жоғарғы сыйлығы. Оның жүлдесі 15 мың Канада долларын құрайды (1 Канада доллары 0,92 АҚШ долларына тең). «Филдс» сыйлығы математика саласында Нобель сыйлығымен папа-пар. Айта кетейік, бұл сыйлық Халықаралық математика конгресінің VII президенті канадалық Джона Филдстің құрметіне оның есімімен аталады. Ол 1924 жылы Торонтада алғаш рет математиктерді алтын медальмен марапаттау туралы ұсыныс білдірген болатын.

Кезекті екінші  «Ой шеңбері» деп аталатын бөлімге береміз. 

Ойын ережесі: Сіздерге экранда 4 ұяшық  ұсынылады, ұяшықтарда бір ғана тапсырма берілген. 4 топ бір ұяшықтан таңдай отырып тапсырманы топта 20 секунт ішінде орындап, жауаптарын ұсынады. Дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.

Ескерту: осы бөлімнен соң ұпай саны аз бір топ ойыннан шығарылады.

1 ұяшық: 

Түзуде 4 нүкте белгіленген. Сонда ұштары осы нүктелер болатын қанша кесінді пайда болады?

          А        В     С     D

Жауабы: 6 кесінді  (АВ, АС, АD, ВС, ВD, СD)

2 ұяшық: 

Мына фигуаның ішін үш түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады?


Жауабы: 7 бөлікке

3 ұяшық: 

Мына фигуаның ішін екі түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады?

Жауабы: 5 бөлікке

4 ұяшық: 

Мына фигурның ішінде неше үшбұрыш бар?

Жауабы: 11 үшбұрыш

Жүргізуші: 2 кезең өз мәресіне келіп жетті. Қазылар алқасы дайын болғанша көрермендерге тапсырма берсек:

Мына сандардың (1 2 3 4 5) арасына қандай арифметикалық амалдар қойғанда теңдік тура (100) болады?

Тапсырма:    1 2 3 4 5 =𝟏𝟎𝟎

Қазылар алқасынан ұпай санымен қоса ойыннан шығатын топты сұрасақ.

Слайд 4

Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі ойынды әрі қарай сабақтастырып, келесі «математика патшалығы» бөлімін бастаймыз.     

Бұл бөлімді 3 топпен жалғастырамыз.

Ойын ережесі: Экранда 3 профиль көрсетілген. Әр профильде 10,15, 20 ұпайлық ұяшықтар бар. Сіздердің мақсаттарыңыз ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру. Дұрыс жауапқа ұяшыққа сәйкес ұпай береіледі.

Ескерту: осы бөлімнен соң, ұпайы аз тағы 1 топпен қоштасамыз және ұпайы көп 2 топ финалға өтеді.

1 профиль. Арифметика

10 ұяшық:

Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан болатындай етіп, сұрақ белгісінің орнындағы санды тап.

20

18

76

43

2

90

50

4

?

 

Жауабы: (50+4)*2=108

15 ұяшық:

Бір таңбалы барлық жұп сандардың арифметикалық ортасы неге тең?

Жауабы: 5

20 ұяшық:

Төрт бүтін санның ( әр түрлі болуы шарт емес ) қосындысы және көбейтіндісі 8 – ге тең. Бұл қандай сандар?

Жауабы: 1, 1, 2, 4

2 профиль. Ғажайып логика

10 ұяшық:

Еркін әкесі 36-ға келгенде туған болатын. Қазір оның жасы әкесінен 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір неше жаста?  Жауабы: 45 жаста

15 ұяшық:

Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша?

Жауабы: 16 ұл, 19 қыз

20 ұяшық:

Аманжол қарияның 7 ұлы бар, олардың әрқайсысының 7 ұлы бар, ал қарияның әрбір немересінің 2 қызы бар. Аманжол қарияның неше шөбере қызы бар?  Жауабы: 98

3 профиль. Геометриялық логика

10 ұяшық:

Параллель екі түзуді үшінші бір түзумен қиып өткенде неше бұрыш пайда болады? 

Жауабы: 8 бұрыш

15 ұяшық:

Үшбұрыштың екі қабырғасының 12 см және 17 см. Үшінші қабырғасы қандай сандар аралығында жатуы мүмкін?

Жауабы: (5; 29)

20 ұяшық:

ABCDEF алтыбұрышы көрсетілген екі квадратпен екі үшбұрышқа бөлінген. ABCDEF алтыбұрыштың периметрі қандай?

Жауабы: 60 см

Жүргізуші: 3 кезең өз мәресіне келіп жетті. 

Бірінші көрермендерге ұсынылған тапсырманың жауабын біле кетсек.

Жауабы: 1*(2 +3)*4*5 =𝟏𝟎𝟎

Олай болса қазылар алқасынан ұпай сандарын сұрай кетсек.

Слайд 6

Жүргізуші: 

Софья Кавалевская математикамен ерте танысқан. Себебі, оның бөлмесіне түсқағаз (обой) жетпей қалып, оның орнына Остроградскидің дифференциял және интеграл есептеулерінің дәрістері жазылған қағаздар жапсырған екен.

Соңғы бөлімге кезек берсек. «Адасқан сандар» .

Ойын ережесі: Бұл бөлімде топтың каптианы ортаға шығып 1 минут ішінде қолымыздағы укаскамен ретсіз, адасқан сандарды ретімен тауып атап шығуы тиіс. Әр тапқан санға 5 ұпайдан беріледі.

Жүргізуші: Күй «Ерке сылқым». Орындайтын 7 ә сынып оқушысы Балық Алихан.

Жүргізуші:  «Математика патшалығы» атты зияткерлік сайысымыз өз мәресіне жетті.Олай болса, әділ-қазылар алқасының шешімін естісек. Бүгінгі сайыстың жеңімпазы қай топ екен?

Қорытынды: Қазіргі жаһандау заманында білім саласында оң өзгерістер болуда. «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман.» - деп тұңғыш Елбасымыз айтқандай ел бірлігі мен білімді бәрінен де биік санап, әрдайым алға баса берейік.

Балдәуренде қалыптасқан жақсы  дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып салайық.

207 0
Жасулан Алиханов, Ералы Жолдасбек, Жумагул Жандарова, «Балдәурен» РОСО филиалы құрастырушылары Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000200
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: