Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI636

Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары

«Ашылмаған қанаттың үлкендігі білінбейді» - деп дана халқымыз айтқандай, адам бойындағы қабілеттің, дарынның бар екендігін айқындау жеңіл іс емес. Жастарды шығармашыл етіп тәрбиелеу одан да қиын. «Көз қорқақ, қол батыр» - демекші, адамдар іс жүзінде көрмей жатып үміт үзіп жатады. Егер қасында жол көрсетер тұлға болса жасап көрер еді. Сондықтан бұл іс көп жағдайда ұстаздарды қажет етеді. Ұстаздар баланың бойындағы қабілетіне, дарынына, бейіміне қарай оларды шығармашылыққа баулиды. 

Шығармашылық – пайда болған міндеттерді әлдеқашан дайын болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетін жоғарғы формадағы ойлау. Ойлау процесі үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Шығармашыл адамдар көбіне шабытпен өмір сүреді. Шығармашылықтың түрлері көп болады: әншілік, бишілік, күйшілік, ақындық, жазушылық, суретшілік, логикалық басымдылық қабілеттер. Шығармашылық жақсы оқитын адамдарда ғана болады деген қатып қалған стереотип жоқ. Кейде мектепті алтын белгімен бітірген талапкерлердің де өмірден өз орындарын таба алмай жүргендерін көреміз. Адам бойындағы шығармашылықтың неғұрлым ерте жастан байқалғаны дұрыс. Ерте жастан өз бағытымен айналысуы оның ең құнды байлығын, яғни уақытты үнемдегені болмақ. Психологтар түрлі тесттер мен тренингтер жүргізіп, баланың бейім-бағытын анықтап жатады. Ал сабақ барысында ынтасының жоғарылығына қарай ұстаздар да шығармашылық қабілетін байқап жатады. Оқушы бойындағы қабілеттерді анықтау үшін төмендегі талаптарды орындау керек:

  1. Оқушының өзін еркін ұстауына жағдай жасау керек;
  2. Оқушының бір іске қызығушылығын арттырып, талаптандыра білу қажет;
  3. Көптеген методикаларды пайдалана отырып, сабақты одан сайын қызықтыра түсу қажет;
  4. Сабақ үстінде тақырыпты өзі түсініп, ой қорытуына, өз бетінше ізденуіне жағдай жасау қажет;

Осылайша оқушының шығармашылық қабілетін  оятуға болады. Бірақ мүны әрі қарай дамытпаса, алтынды сандықта сақтағанмен тең. Сондықтан бұл істе төмендегідей кеңестерге құлақ түрген жөн:

  1. Оқушының күрделі мәселелерді өз бетінше шешуге үйрету;
  2. Бір емес, бірнеше әдебиеттерді пайдалануға дағдыландыру;
  3. Ғылыми бағытта жұмыс істеуге, инттернационалды терминдерді қолдануға үйрету;
  4. Алған білімді саралай отырып, өз бетінше жазуға үйрету;
  5. Қандай да бір бастаған ісін соңына дейін жеткізуге баулу.

Кез келген мемлекет шығармашылықтың дамуына өзінше үлес қосып жатыр. Бұл жолда олар түрлі мекеме, үйірме,  мектеп, лицейлерді көптеп ашып, шығармашылықпен айналысатын адамдарды іздестіріп жатыр. 

 

Шығармашылыққа тәрбиелеу тұлғаның интеллектуалдық қасиеті ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік жаңа жағдайға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабылеті, белгісіз жағдайға өзіне сенімділік, ақиқатты іздеуге және қарым-қатынастағы адалдық жатады. 

Оқушының шығармашылық іс – әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын танымдық белсенділігін арттырып,шығармашылық әлеуетін дамытуында жолашуы қажет.Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың ізденіпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек. етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Қорыта келгенде, мектептегі оқу процессінде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру ісін жолға қойып, білікті мамандарды көбірек жұмылдырып, оқушыларды шығармашылыққа тірбиелесек, юолашақта олардан жақсы мамандары шығары анық. Шығармашыл жастарымыз көп болсын!

346 0
Карашаш Муханова, Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ-сі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Маңғыстау облысы білім басқармасының Мұнайлы ауданы, Бесшоқы елді мекеніндегі Ұлы Дала Ұстазы № 000320
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: