«...Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім
беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен
серпінділігін талап етеді...»
(ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасынан)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы мен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттердің бірі «Білім беру ұйымдарының басшылары үшін менеджмент бойынша біліктілікті арттыру...
Инновациялық менеджментті енгізу және ұйымдастыру-әкімшілік орта мен шешімдер қабылдау жүйесін қайта қарау» делінген.
Педагогикалық менеджмент дегеніміз мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылык пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылыкты басқару болып табылады.Педагогикалық менеджмен адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады. Яғни, менеджмент- адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас әдісі.
Жалпы білім мекемесінде тұлғалар қызметінің талап деңгейінде ұйымдастырылуы басқару ісіне тікелей байланысты. Мектептің түпкі мақсаты мен оның негізінде туындайтын міндеттерді ұжым болып бірге қабылдау, келісу. Осыған үндес мұғалімдердің мақсатының айқындалуы. Осы жерде мектеп басшыларының міндеті мұғалімнің өз пәні бойынша және пәннен тыс оқушылардың қызметін ұйымдастыру, қызығушылығын арттыру, денгейін зерттеу мүмкіндіктерін анықтау және олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруға жан-жақты көмек ұйымдастыру, оған ықпал жасау болмақ.Атап айтар болсақ мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Жастықбаева Раушан өткен оқу жылында аудан көлемінде ұйымдастырылған «Ұстаз мерейі-Ұлт мерейі» атты Қасыл Қатықбаева атындағы байқауға қатысып ІІ орын алып, дипломмен марапатталды,Қалалық байқауда «Талантты ұстаз» номинация бойынша дипломмен марапатталды.Ал биылғы оқу жылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Бадықов аудандық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2021» байқауына қатысып «Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша марапатталса, бастауыш сынып мұғалімі А.Қарқабаева аудандық «Үздік мұғалім-2021» байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды.Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімі А.Ақбаева аудандық «Жыл мұғалімі-2021» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп ІІ дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталып, қалалық байқауға қатысуға жолдама алды. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Ақбева,Ф.Тыныбекова шығармашылық ізденісінің нәтижесінде пандемияға байланысты қашықтан оқыту кезінде оқушыларға республикалық деңгейде телесабақты өткізуге үлес қосып, белсене атсалысқаны үшін қалалық білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.Мектеп оқушылары атаулы мерекелер мен түрлі конкурстарға да белсене қатысып жүлделі орындарды иеленді.Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген аудандық Абай өлеңдерін мәнгерлеп оқуда 9 в сынып оқушысы Молдахмет Жансая ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығында «Ұлы дала жыршысы» байауында 9б сынып оқушысы Сейсенбай Аяжан ІІ дәрежелі дипломмен,10ә сынып оқушысы Әбілдаев Нұрлан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.6ә сынып оқушысы Асубек Адиа Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан өткен халықаралық онлаин байқауға қатысып І орын иеленіп, қазақтың қасиетті қара домбырасын сыйлыққа алды.Мектепте ұстаздар мен оқушылардың шығармашылығының дамуына ерекше мән беріліп, игі істер өз нәтижесін беріп жатыр.
Педагогикалык менеджменттің негізгі ұстанымдары:
1.Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы. Тұлғаны құрметтеу
2.Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
3. Ынтымактастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
4.Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру.
5. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
6.Қызметкерлердің сұраныстарын қабылдау және олардың жұмыстан
күтілетін нәтижесінің болуына жағдай жасау
7.Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,
8. Жұмыс бастылық шарттарының заңы мен нормативтерін бұлжытпай орындау
9.Ұйымның жұмыс істеудегі демократиялылығының болуы
Бұл қағидалар педагогикалык менеджментте бірқатар накты талаптар қояды.Мектепте жас мұғалімдерінің үздіксіз кәсіптік білімін көтерге ерекше мән беріліп, әдістемелік көмектер көрсетіліп отырамыз.Соның бірі жас мамандарға тәлімгерлер бекіту.Жетекші тәлімгер олардың кәсіби шеберлігін көтеруде әдістемелік көмек көрсетеді,олардың жауапкершілікті ұғынуына ықпал етеді, құжат толтыру, сабақ жоспарын жасаудың үлгісін сабаққа қатысып талдау жасай отырып кемшіліктерін түзетуде көмек көрсетеді.Сондай –ақ түрлі семинарлар өтізеді,шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдермен тәжірибе алмасады, ашық сабақтар өткізеді,түрлі байқауларға қатыстырады , жыл соңында «Мұғалім мамандығына шыңдала түсуімде: Мен не үйрендім?Нені білдім?» дөңгелек стол басында сұхбаттасады. Ұжым осылай ынтымақтаса отырып, өз ара кәсіби шеберлігін шыңдап, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде үйлесімді, сапалы жұмыс жүргізеді.
Менеджментке негізделген басқару мәдениетін басшылыққа алсақ, мектептің басты негіздері мыналар болмақ:
· Адамдық фактордың рөлі мен маңыздылығын ұйымның тиімділігінің негізгі элементі ретінде түсіну;
·Іс-әрект мативациясы экономикалық күштермен емес, адамдар қажеттілігімен анықталады;
·Адамдарға өзінің мүмкіндіктерін ашуына көмектесу,оның негізінде адамның ресурстық жоғарылауы жатыр.
Сондай-ақ американдық менеджмент теориясында мектеп басшыларына мынандай талаптар қояды:
- басшы қуғындаушы болмау, ұжымды ортақ іске жұмылдыру;
- өз ісіне сенімді болу;
- айқын мақсат қоя білу;
- табанды болу;
- ұйымдастыру және басқарудыңғылыми жолдаарын терең меңгеру;
- талап қоя білу және басқаға үлгі болу;
- әдепті болу,қарамағындағыларға мейірімділікпен қарау;
- әділ түрде сынай білу және өзіне айтылған сынды қабылдай білу;
- тыңдай білу, басқаның пікірімен санасу;
- әзілді түсіне білу;
- ойын жеткізе білу;
- ұжым мүшелерінің уақытын бағалай білу, үнемділікті меңгеру;
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы—мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау
-мұгалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау. Білім беру жүйесін басқарудың жаңаша тиімді әдіс- тәсілін меңгерген, ұжымды бір мақсатқа жұмылдыра білетін мектеп директоры биік мақсаттарға қол жеткізеді.