Елбасымыздың мынадай керемет сөзімен бастасам, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Мектепте дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты – жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық.
Білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді.
Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады.
Олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.
Оқушыға дұрыс бағыт – бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.
Қазақта айтпай ма, “Бұлақ көрсен, көзін аш” деп, ендеше қазіргі таңда шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, дарындылық қабілеттерін анықтап, ары қарай дарынды етіп, жандандыра түсейік. Әр бір баланың бойынан дарындылықты көріп, соны аша білейік. Оқушылардың дарындылық қабілетін танып біліп, оны зерделей түсейік.
Әрбір баланың өзіне тән көркемдік қабілеті болады. Ол психологтардың зерттеуі бойынша “туа біткен” және “келе-келе қалыптасқан” қабілет болып екіге бөлінеді. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену керек екен.
Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны әрі дамытуға күш-жігерін жұмсауы керек.
Жалпы айтқанда әрбір оқушының қабілеті әр түрлі. Біреуі музыкаға болса , енді біреуі сурет салуға, біреуі спортқа, тағы біреуі поэзияға құмар болады.
Дарынды балаға тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет.
— баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар тарапынан эксперті бағалау;
— ұйымдық шығармалық іс-шараларды жүргізуде балаларды басты рөлдерге қатыстыру;
— балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер және тағы басқа);
— түрлі танымдық әр пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарына қатыстыру.
“Дарын оқушылар” қатарына:
— Өз құрбыларымен салыстырғанда интеллектуалдық қабілеті, оқуға құштарлығы, шығармашылық мүмкіндігі және оны көрсете білу деңгейі жоғары;
— Танымды сұранысы белсенді;
— Ой еңбегіне қызығушылығы жоғары оқушылар жатады.
Дарынды -адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Ендеше дарынды баланы анықтау үшін сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін ( технология) қолданамыз. Жаңа оқыту әдісі (технология) – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.
Мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезінен бастап –ақ байқайды, олай дейтінім, мұғалім оқушының бойынан бір ерекшелікті байқағаннан-ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды.
Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді;
Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда , өздігімен жұмыс істеулеріне қажетті кеңестер бере алады;
Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады;
Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады!
Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
Оқушымен қарым-қатынастың болуы;
Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.
Дарынды оқушының ата-анасына берілетін кеңестер:
Өзіңіздің балаңыз үшін міндетті түрде өзіне ұқсайтын, жан дүниесі мен мінезі, кем дегенде, қабілеттері мен ойлары бір жерден шығатын, жолдас, серіктес жан дос тауып беріңіз. Бұл бала үшін өте маңызды: ұшқыр ойларын, сырлары мен армандарын бір-біріне айту арқылы олар бойларындағы сенімділік пен қажырлық қасиеттерін нығайтады.
Ұлтымыздың алтын кені болатын дарынды балаларды тәрбиелеудің негізгі орталығы - білім ордасы.Дарынды оқушыларды іріктеу оңай жұмыс емес.Табиғи дарынды, талантты балалардың қасиеттерін біліп, оның дамуына қамқорлық жасайтын: ата – ана, ұстаз, психолог. Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.Ендеше, осындай білімді, дарынды шәкірттерді тәрбиелеп жүре берейік. Дарындылық - адам бойындағы қабiлеттiлiктiң жоғары деңгейде дамуы, iс-әрекет барысында ерекше жетiстiкке жетуi.