Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI606

Математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – заман талабы

«Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да қажет те» – деп Англиялық философ Роджер Бекон айтқандай, барлық ғылым математикамен тығыз байланыста. Математиканы кез келген саладан көруге болады. Астрономия, логика, физика, химия, география, биология секілді жаратылыстық ғылымдардан, сонымен қатар лингвистика, тарих секілді қоғамдық бағыттағы ғылымдардан да ұшырастыра аламыз. Математиканың бізге қажет екенін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та шегелеп келеді.

Елбасымыз өзінің мінбелерде айтқан жолдауларының барлығында да білім беру ісіне басымдық беріп келеді. Елбасымыз білімгерлердің, әсіресе оқушылардың өз бетінше ізденуі мен жан-жақты болып дамуын, функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттігін ашық айтып келеді. 

Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс-әрекеттердің әр түрлі салаларында, сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану. Функционалдық сауаттылықтың мектеп қабырғасында өтетін барлық пәндерге қатысы бар. Дегенмен математика барлық ылымдардың жетекшісі болғандықтан, тіпті неміс математигі Карл Гаусс: «Математика – ғылымдар патшасы», - деп түйіндегендіктен математикалық сауаттылыққа кеңінен тоқталған жөн болар.

Математикалық сауаттылық дегеніміз-математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып  үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру. Математикалық сауаттылықтың барлық салаға керектігі жайында төмендегі ақпараттар дәлел бола алады:

  1. Математика адамдарға ой салу арқылы толғандырады, адамдардың ойын жетілдіреді. Адамдардың екінің бірінде «математика ойдың гимнастикасы» деп айтатындары да осыдан болса керек. Математиканың бір саласы болған математикалық логика арнаулы ой қорыту формасын зерттейді. Арифметика, алгебра, геометрия диференциал, интеграл, ықтималдық, статистика сияқты ғылымдардағы негіздік білімдердің барлығы адамның ойын жетілдіретін және дамытатын терең материалдар. 
  2. «Математика – жаратылыстану бағытындағы ғылым, тіл білімі – қоғамдық бағыт екеуінің түйісуі мүмкін емес» деген таяз стереотип қалыптастыру үлкен қателік. Бұл ойымызды американдық лингвист Л.Блофелдтің   «Математика – тілдің жете алатын ең биік шыңы» деген сөзімен дәлелдей аламыз. Қазақстандық Қалдыбай Бектаевтың орыс тілінде жарияланған «Тіл біліміндегі математикалық әдістер» атты екі томдық оқу құралында түркі тілдерін, соның ішінде қазақ тілін математикалық әдіспен зерттеудің ірге тасын қалаған. Оның үстіне қарапайым мектеп қабырғасында да қазақ тілі сабағында оқушылар сөздерге фонетикалық, синтаксистік талдаулар секілді математикалық талдауды да жасайды. 
  3. Сурет өнерінде де математика кеңінен қолданылады. Голандияның суретші-иллюстраторы М.Эшер өзінің суреттерін үш өлшемді жасау үшін басқа суретшілер қолданатын математиканың заңдарын әдейі бұзу арқылы былайша мүмкін емес, щындыққа жанаспайтын сияқты көрінетін дүниелер жасаған. Өз туындыларында ол симметрияны, тесселияцияны және шексіздік ұғымын пайдаланады, соның арқасында ғалым ең тартымды суретші-математик болды. Суретті қағаз бетіне түсіру барысында ориентир алу үшін, масштабты қолдану үшін де математика ғылымы қажет болады.
  4. Астрономиядағы ғаламшарларды ғалымдар күрделі есептеулердің нәтижесінде анықтаған. 1846жылы француз астрономы Урбен Леверье Уран ғаламшарының аспан әлеміндегі орнын анықтау үшін күрделі теңдеудің жуық шешімін анықтаған. Нәтижесінде ғаламшардың аспан әлемінде кезіп жүретін жолы анықталған. Дәл осылай күрделі теңдеулерді шешу нәтижесінде Нептун, Плутон секілді ғаламшарлардың орындары да анықталға.  

Қорыта келгенде, қоғамдағы қай саланы алға тарсақ та математика саласы барлығына қажет. Математикалық сауаттылықты бойына сіңірген оқушыдан қоғамға қосар үлесі көп азаматтар пен азаматшалар шығатына анық. Қазіргі қоғам жан-жақтылықты талап етіп отырғандықтан қазір керек емес дүние жоқтың қасы. Сондықтан математика пәні бойынща оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – заман талабы

453 0
Рима Нурбекова, Алматы облысы, Алакөл ауданы Қабанбай батыр атындағы орта мектебі, Математика пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000308
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: