Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI605

Жаңартылған білім мазмұны- заман талабы

Тәуелсіз елдің негізі-білімді ұрпақ. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»-деген еді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаларға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толықтуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Жаңа білім беру парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдесіне енгізу. Сол себептен де білім беру саласы қызметкерлерінің алдында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазыргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру міндеттері қойылып отыр. Білім беруді жаңғырту- бүгінгі заманның талабы десек, бұл бағыт біздің елімізде үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Олар білім беру ұйымдарын оңтайландыру, оқу- тәрбие үрдісін жаңғырту және білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетділігін арттыру.

Қазыргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Осы педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың модульдерін қолдану барысында мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады. Оқушылар өз ойын еркін жеткізе алады.

Осы орайда ойымды өркендеп өзім жұмыс жасап жүрген Түркістан облысы, Сайрам ауыданы, Қарабұлақ ауылы  №77 Тұран жалпы орта мектетебі   2018-2019 оқу жылында мектебіміз оқушылары «Жас дарын » журналында ғылыми практикалық жобасын жариялады. Атап өтетін болсақ олар 10-«А» сынып оқушылары: Тойчиева Махфуза Камалжановна химия пәнінен «Ең үздік» ғылыми жоба байқауына қатысып, үздік жоба номинациясын жеңіп алғаны үшін «Жас дарын» сыйлығының иегері төс белгісімен марапатталды, жетекші  химия пәні мұғалімі Ахмедов Ташнияз ағай. Математика пәні бойынша Абдуганиева Мухлиса Азизовна , жетекшісі математика пәні мұғалімі Халаева Гузал Моминжановна. Файзуллаева Лобар Улугбековна     6-«В» сынып оқушысы Түркістан обласында өткен  «I Өнерлік ғылыми-практикалық конференциясына » қатысып, «Пословица и поговорки в речи современных школьников» тақырыбында жоба қорғап, III орынды иеленді

229 0
Кимёхан Ахмедова, Түркістан обласы, Сайрам ауданы , № 77 Тұран жалпы орта мектебі орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000307
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: