Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI593

География сабағында оқушылардың шығармашығын дамыту

«Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез», - деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Қазіргі заман талабына сай білім беру көп тәжірибені, мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Сондықтан оқу барысында жаңа технология элементтерін, әдістерін көп қолдану керек.

         Елбасының ұрпақ болашағы жайлы айтқан ой түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеруге міндеттелген. Білім Заңының 8-бабы мектепке «Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу қажеттігін жүктейді».

         География сабағын сыныптар бойынша жүйені жүргізу .Бастауыш сыныптардағы-«Дүниетану», орта буындағы «Физикалық география», жоғары сыныптағы «Экономикалық география» арасындағы байланыс сақталып талап бірдей жүйелі болғанда ғана өзара сабақтастық орнайды, географиялық білім жетіледі. Мысалы: Дүниетанудан судың қасиетін білмеген оқушы , гидросфера тарауында үлкен кедергіге ұшырайды.

         Оқушының географиялық білімін жетілдірудің бір жолы оқушының өз бетімен ізденуі мұғалімнің әдістемелік көмек көрсетуі.Оқушы кітап көмегімен шектеліп қана қалмай қосымша білім көздеріне сүйенуі керек немесе географиялық жаңа басылымдар жинақтау, теледидар арқылы берілетін хабарларды бейне таспаға түсіру, аудандық, облыстық білім сайыстарына қатысу, басқа мектеп оқушыларымен байланыста болу.

         Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, ғылыми зерттеу жұмыстарына орналастыру дарынды оқушылармен жұмыс. Шығармашық арқылы ойлауы, қиялдауы сана-сезімі өсіп, нақты біліммен қаруланады.  Мысалы:8-9 сынып оқушыларымен Қазақстанның физикалық, экономикалық географиясынан алған білімдеріне сүйеніп жергілікті жердің физикалық жағдайын зерттеуге болады немесе ауылдың, не қаланың табиғат ерекшелігін, халықтың миграциялық жағдайын, өсу динамикасын беруге қол жеткізеді. Дүниетану пәнінен «Табиғатты қорғау» тақырыбын алатын болсақ, табиғатты қорғау керек, ондағы ағзалар өте пайдалы деп айтып қою жеткіліксіз. Олардың қойнауларындағы сырларды түсіну үшін өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын, физиологикалық қасиеттерін, экологиясын танып білу қажет. Осы мақсаттарға жету үшін, тек сабақты сөзбен жеткізу жеткіліксіз. Белгілі бір мағлұматты нақты көрнекіліктерге немесе олардың бейне суреттеріне, қолжазбаларына сүйеніп түсіндірсе ойдағыдай нәтиже береді. Мысалы 5 сыныпта өтілген «Туған жер табиғатын қорғау» атты сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін күні бұрын тапсырмалар берілді.Ол үшін оқушыларды бірнеше топтарға бөлдім,әр топқа жеке тапсырмалар бердім.

ɪ топ Айымжан ауылының тарихын зерттеп тарихи деректер жинады.

ɪɪ топ Айымжан ауылының географиялық орынына сипаттама берді.

ɪɪɪ топ Айымжан ауылының климаттық жағдайын, жыл мезгілдерін суреттеп хабарлама жасады.

ɪᴠ топ Айымжан ауылы туралы суреттер салып Айымжан көліне арнап өлеңдер  жазды.

ᴠ топ Айымжан ауылында кездесетін өсімдіктің түрлерін, әсіресе дәрілік өсімдіктерін анықтап олардың маңызын талдады.

ᴠɪ топ ауыл маңында кездесетін жануарларға   сипаттама беріп олардың пайдасын рөлін түсіндірді.

ᴠɪɪ топ ауылдағы кездесетін дәрілік өсімдіктерден түрлі гербарийлер жасады. 

         Сабақты бір оқушы басқарып әрбір топтардың басшыларына өз жұмыстарын қорғауды талап еттім. Әр  топ мақалдармен, жұмбақтармен, өлеңдермен өз топтарын қорғап,  жұмыстарын қорытындылады.

         Кейбір сабақтарда оқушылардың ойлау қабілетін, есіне сақтау қабілетін дамыту үшін әрбір тараудың соңында тестік тапсырмалар беріп отырамыз. Дегенмен тест әдісін бір сарынды қолдану азырақ. Сол себепті география курстарында тест әдісін түрлендіре оқушылардың білімдерін арттыруды мақсат етіп қойдым. Бұл әсіресе жоғары сыныптарда үлкен нәтиже береді.

         Географиялық білімді тереңдету мен сақтау үшін 7-10 сыныптар үшін бақылау жұмысын алу өте тиімді. Географиядан бақылаудың, негізінен үш түрін жүргізуге болады: графикалық , сандық , шартты белгілер арқылы бақылау. Кейбір сабақтарда тірек сызбаларды қолдану арқылы халықтың орналасу географиясы бойынша сызбада халық санының өсуі, оған әсер етуші себептер, орналасуымен қоныстануына, оған әсер етуші себептер көрсетіледі. Тақырыпта оқушылар білімін тереңдетуді көздеп, урбандалу, субурбандалу, агломерация,  қаланың атқаратын қызметі туралы тың ұғымдар түсіндіріледі. Халықтың орналасуы, қоныстануы, сирек және тығыз аудандар картадан анықталып, халықтың тығыздығын табуға тапсырма беріледі. Еңбек  қоры ұғымын ашу оқушылардан сұралады.

         Әр бір сабақта халықтық педагогика элементтерін де қолданамыз. Тәрбиелік мақсатта оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрін сыйлауға, сақтауға үйретемін, еңбек тәрбиесіне баулимын. Қазіргі заман талабына сай география сабағы да ақпараттану керек. География пәні мұғалімі информатикадан хабары болу шарт. Компьютер, интернет жүйесімен байланысқа түсу керек. Бұл жүйе әлемді ғылыми орталықтандыруға, кітапхана ақпараттарына кіруге, өздігінен білім алуға, ой өрісінің өсуіне, квалификацияның жоғарлануына жағдай туғызады. Менің түсінігім бойынша, мұғалім өзіне ұнаған дұрыс нәтиже беретін технологияны білім денгейіне қарай өзгеріп, жаңартып пайдаланатын болса, міне сол жаңашылдық. Қандай технологияны пайдалансаң да, оны қандай денгейде меңгерсең де, өткізілген сабақтың нәтижесінде мейірімді, білімді, іскер, шығармашыл дарынды тұлғаны тәрбиелеуіміз қажет.  

393 0
Сабыржан Аубакиров, Айымжан орта білім беру мектебі география пәні мұғалімі СҚО, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы. Ұлы Дала Ұстазы № 000300
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: