«Феодалдық-патриархалды тұрмыс билеген, екінші жағынан патша үкіметінің отарлау саясаты езген қараңғы ортаға Ыбырай мектебінің қоңырауы тұңғыш сыңғырлап, ұлы-ағартушы педагогтің ой-пікілері, өлең жырлары халық санасына жаңалық боп сіңді», - деп филология ғылымының профессоры Серік Қирабаев айтқандай, Ыбырай – білім шырағынсыз қараңғылықта күн кешіп жүрген халықты білім алуға шақырып, алғаш мектеп ашқан көреген тұлға. Ыбырай ашқан мектептер қазақ даласына білім ғана әкеліп қоймады, оның жазған шығармалырының таралуына, оның балалар үшін жазатын шығармаларының көбеюіне сабеп болды.
Ыбырай шығармалары, негізінен, автордың педагогтік ой-пікірінің көрінісі есебінен туған. Онда жазушы балаларды өнер-білімге, оқуға, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсатын қояды, шаруашылықтың пайдалы түрелеріне көшуге үгіттейді, үстем тап үкілдерінің жағымсыз істерін сынайды. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейтқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен киіз үй», тағы басқа өлең әңгімелері тек идеясымен ғана емес, көркемдік болмысымен де ерекше тұрған еңбектер. Оның шығармашылығы сонымен бірге сол кездегі орыс оқулықтарын И.Крыловтың, Л.Толстойдың, К.Ушинскиййдің шығармаларын қазақша аударылған нұсқаларымен толысқан. Ондағы ауыз әдебиетінің үлгілері тәрбиелік мәніне қоса тіл дамыту құралы себебінде де пайдалы роль атқарады.
«Хрестоматия» оқулығында қара сөзбен Ыбырайдың қолынан шыққан алпысқа тарта шығарма бар. Олар тақырып жағынан да, әдеби-жанрлық түр жағынан да сан алуан. Солардың көпшілігі – шағын көлемді әңгіме, мазмұн жағынан алғанда – мінез-құлықтың, жалпы адамгершіліктің неше түрлі қырлары. Оны «Талаптың пайдасы», «Мейрімді бала», «Зеректік», «Әдеп», «Қанағат», «Әділдік», «Салақтық», «Ақымақ дос», «Жаман жолдас», «Надандық», «Тәкаббаршылық» деген сияқты тақырыптарына қарап-ақ аңғаруға болады.
Ыбырай Алтынсарин шығармашылық мұрасындағы оның таза ағартшылық жоспардағы мол құнарлы еңбектерімен қатар, оның этнограф ғалым және ойшыл, көреген қоғам қайраткері ретіндегі дарын-қабілетін танытатын да жұмыстары көрнекті орын алады. Ыбырай өз өмірінде қазақты ағартушылық бағытта тәрбие мен білім беріп қана қоймай күнделікті өмірде қолданылып жүрген қазақы салт-дәстүрлерін де басты назарға алады. Олардың алғашқы тобына жататын екі очеркі – Орынбор облысы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау рәсімдері жөніндегі, сондай-ақ өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрі жайындағы жазбалар тарихшы, этнограф, қоғам зерттеушісі ғалымдарға жақсы таныс. Сондықтан оларды бұл жерде кеңінен сөз қылу жөн болмас. Бұл еңбектер сол кездің өзін-ақ жоғары бағаланған болатын. 1870, 1879 жылдары патша үкіметінің Орынбор бөлімшесі жазбаларының бірнеше санында жарияланған еді. Еңбекті екі үлкен топқа бөліп көрсетуге болады:
Біріншісі – адамның ана өмірге аттанған сәтінен кейінгі іс-әрекеттер жайында. Бұл топта Ыбырай Алтынсарин мүрденің сулы жерде орналасатындығын және одан адамдарыдың тым ұзақта қоныстанбайтыдығын айтады. Тіпті адам қайтыс бтолғанда айтылатын жоқтау, оны шығарушылар, олардың әкелетін мүліктері де сөз етіледі. Сондай-ақ 63 жастан асқан адамға берілетін ас, онда ойнатылатын ат жарыс, көкпар, палуан күрес секілді ұлттық ойындардың берілетіндігі туралы да айтылады. Мүндай салт-дәстүрлер М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында кең суреттеледі. Бөжейдің асы, Абайдың өзі шығарып, Ділдәға айтқызған жоқтаулары да, Абайдың жеке шығармашылығындағы Оспанды, Әбдірахманды жоқтаған өлеңдері Ыбырай атаған дәстүрлерді шегелегендей.
Екіншісі – тірі адамның өмірінде орын алар атаулы мерей-тойлар жайында. Құда түсу, ұзату, той жасау жөнінде жол тартады. Қазақы дәтүрлердің маңызын түсіндіре келіп, ұнамсыз, әділетсіз жақтарын да сөзге қосады. Белқұдалықтың болуы, күйеуі өлген соң оны туыс ағаларына күштеп беру, бала күндерінен қосып, отбасылық өмірді ерте бастауына итермелеуі, бала көру мақсатында шалдардың жас қыздарды зорлықпен алуын мінейді. Қазақтың дәстүрдегі осындай осалдығын басқа да ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан анық байқауға болады. М.Дулатовтың «БақытсызЖамал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» сынды шығармалар дәстүр кемдігінің болғандығына дәлел бола алады.
Қорыта келгенде, Ыбырай өз заманындағы ой жағынан Шоқан, Абайлармен бірге алғырлар қатарында болды. Оның қаламынан туған шығармалар әлі де халық жадында сақтаулы тұр. Ол әшкерелеген дәстүрлер бүгінде маңызын жойғандай.