Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI588

Ұстаз-ұлы тұлға

«Ұстаздық  еткен   жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу  ұстаздан басталары сөзсіз.          Ұстаз-киелі ұғым.Осы   ұлағатты сөздің астарында білімділік те,ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»деп   атап көрсеткендей,  ұрпақ тағдыры үшін  жауап беру ұстаз  атаулыға   үлкен  салмақ  салды.Білім   кілті  ұлағат  иелерінің   кең  пейілді  жарқын   бейнесі  мен  білімдарлығы   арқылы  шәкірт  санасына   қалары  сөзсіз.

Ұлы  ағылшын   ағартушысы Уильян  Уорд: «Жай  мұғалім   хабарлайды,жақсы  мұғалім  түсіндіреді,керемет  мұғалім   көрсетеді, ұлы  мұғалім  шабыттандырады» -деген  екен. Тәуелсіз мемлекеттің  ертеңі-ұрпақтың  рухани   байлығы, мәдениеті, саналы   ұлттық  ойлау  қабілеті   мен  білігіне,іскерлігіне  байланысты.   Өскелең  ұрпақты  биік   мақсаттарға  жетелеу,өз  бойында   бүкіл  адамзаттық  құндылықтарды   жинақтаған,өз  өміріне  өзі   басшылық  жасап,өзін-өзі  дамытатын   тұлғаны  тәрбиелеу-бүгінгі  білім   беру  ұйымдарының  алдына   қойған  міндеттерінің  бірі. Осы   міндетті  іске  асыру   тетігі  ұстаздарға  байланысты.Іскер,жаңаға  жаны   құмар,үздіксіз  ізденіс  үстіндегі   мұғалім  ғана  оқушыға   сапалы  білім  бере   алады.

  Тұла   бойында  тұлпардай  тулаған   дарынын  қамшылай  түсіп,жаңа   шыңға  көтерілем  деген   бала  әркез  өмірден   өзінің  шынайы  орынын   табатыны  хақ.Әйтсе  де  тал  бойына   біткен  талантын  барлығы   байқап,көрсете  білмейтіні  де   бар.Тұтанайын  деп  тұрған   жас  шоқты  үрлеп,лап   еткізіп  жандыратын  жандар   да  кездеседі  өмірде.Олар-өмірдің  асуларынан   асып,тұңғиығын  сүзіп,адамгершілік  пен   намысты,мейірімділік  пен  адалдықты   тең  ұстаған  жүректі   жандар.Ол  жандарды  біз «ұстаз»   -дейміз. Ұстаздарымыз   болмысындағы  бар  қасиет,құрметін,өмірден санасына  түйген   байлығының  барлығын  оқушысына   сыйлап,  жүрегіне  су   сепсе  де  сөнбейтін   алау жағады,шабытын   шыңдайды.Шәкірттерінің   келешегі  жөнінде  ойланып,олар дың  қабілетті   шәкірт  болып,үлкен  биіктерден   көрінуін  қалайды. Ата--ана,ұстаздар  армандайтын   шыңдарды  бағындыру  үшін   аса  зор  қабілеттілік   қажет  екендігін  өмір   көрсетіп  отыр. 

          Ұстаздарымыздың  бар   бақыты  өзі  тәрбиелеп,өзі   білім  беріп  отырған   оқушыларында екені  рас.Кез-келген  шәкірттің   бойында  адам  сүйсінетін   қасиет  болады.Оны  байқау   үшін  жіті  бақылау   мен  асқан  сезімталдық   қажет.Өзгенің  бақытын  аялаумен,өз   уақытын  аямаумен  ғұмырын   өткізетін  ұстаздар  қауымына    бүгінгі  таңда  жүктелер   міндет  аса  салмақты.

268 0
Нина Сыздыкова, Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000296
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: