Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI586

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Тәуелсіздік десек 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымыздан кетпейді. Жер бетіндегі барлық  тірі жандарға зер салсақ, өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құсымыз да көк  аспанда еркін самғағысы келеді. Әлемдегі осы күнге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алма алмай келе жатқаны қаншама! Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих, елімнің өшпес мұрасы  деп білемін.

 «Тәуелсіздік»   деген  ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір адамның жүрегінде үлкен қуаныш орнайды. Бүгінгі Қазақстан- әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуразияны мойындата білген егемен елдің мекені.  Тәуелсіздікті алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым-қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды.Тәуелсіздік алып келген жетістік те, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік!  Еліміздің қол   жеткізіп  отырған  табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Соның бірі-Астана. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіздігіміздің бір түлегі болды. Отанымыздың жүрегі Астанамыз   елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр.Бас қала, арман қала-жас қаламыз өнер-білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда. Жаңа астанамыз бүгінгі күн өзінің зәулім құрылыстарымен ғана емес, рухани жаңғыруымен де көркейіп келеді. Жаңа астанада қаншама жақсы ізгі жұмыстар  атқарылды.. Президентіміз  «Қазақстан-2030» бағдарламасы және жыл сайынғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әдеттегідей тәуелсіз еліміздің өткен жылғы қол жеткен табыстарына, еліміздің әлемдік аренадағы алар орнына тоқтала кетеді. Қазақстанның ертеңі мен болашағы жолындағы  атқарылатын асуларға  жан-жақты тоқталды. Әлемнің күшті елдерінде өтіп келе жатырған ЕХРО-ның 2017жылғы көрмесі өзіміздің Астана қаласында өтті. Бұл бағындырған биік белестер Қазақстандай жас елдің күннен-күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Осындай Қазақстанның  жетістіктері жанымызды жадыратады.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қазақстандықтар үшін айырықша оқиға. Ол ата-бабаларымыздың қанымен, ерлігімен, қайратымен,қуғын-сүргіндерде арманда кеткен аяулы ағаларымыз бен апаларымыздың рухымен қолымыз жеткен Тәуелсіздік. Оны күнделікті қорғау, қолдау қажет.Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлектіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту біздер үшін ең басты парызымыз!

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді, тәуелсіз елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 

 Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс.    Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 30 жыл толады. Жан-жағымыздағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы таныды  және  құрметтейді.

182 0
Ирисхан Арипбаева, Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000294
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: