Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI582

Домбыраны үйретудің алғашқы қадамдары

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөз бар.Мәнісі, қазақ үшін киелі аспап саналып,қазақтың небір сал-серілерінің жанында серік болып, дәстүрлі әндерінің дүниеге келунде. Халқымыздың байырғы тарихында ішекті аспаптардың ролі ерекше екені белгілі. Соның ішінде қос ішекті домбыраның қазақпен егіз ұғым екендігі айқын. Домбыра үйрену, әлемге насихаттау, жаңа күйлердің тууы кеңес заманында кенжелеп қалғанымен тәуелсіздік алған шағымыздан бастап қайта даму белесіне көштік. Қасиетті қара домбыраның әлемге танылуы аз уақыттың ішінде орын алды. Бүгінде домбыра үйрену кәсібиленіп, арнайы зерттеліп, музыкалық педагогикадағы ролін айқындап келеді.Тіпті қазіргі таңда,оқу жүйесіне «Домбыра» атты сабақ қосуды ойластырып жатыр.Әрине,қазақылықтың нышаны ретінде танылған домбыраны әрбір өскелең ұрпақ біліп,көріп,санасы тоқып өскені құба-құп. Мақаламызда домбыра үйренудің алғашқы әдістері мен ерекшеліктеріне тоқталғанды жөн санадық.
     Музыкалық педагогика өзін-өзі қамтамасыз ететін шығармашылық ғылым ретінде әрдайым дәстүрлі түрде дамып келеді. Музыкалық аспаптарды үйрету әдістері көптеген көрнекті музыка мұғалімдерінің тәжірибесі мен кәсіби теориясын ұштастыру процесінде дамиды. Қазіргі домбыра педагогикасының мәселелері тұрғысынан алғанда, қазақ домбыра мектебінің негізін қалаушылар мен олардың ізбасарларының әдістемелік жұмыстары бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді.
    Шәкіртті домбыраға үйрету процесінде аспапта ойнаудың алғашқы дағдыларын үйрету кезеңі өте маңызды. Бұл кезеңде мұғалімнің алдында аспаптың негізгі дағдыларын үйрету міндеті тұр, педагогтың әдісі мен шеберлігі оқушының әрі қарай музыкалық дамуына негіз болады. Баланың музыкалық ойлауы нөлден дами алмайды. Баланың бойында атасынан, әкесінен естіген домбыраның үні, күйлердің дыбысы, күмбірі болуы керек. Музыкалық педагогика да оны «алғашқы жинақталған білім» деп атайды. Егер бала өнер мектебіне дейін бір рет те болса, домбыра тыңдап, ұстап көрсе, ол домбыра үйретуші педагогке айрықша көмек және жұмысының нәтижелігіне серпін бола алады. Алайда музыкалық есту тәжірибесі музыкалық ойлаудың міндетті шарты бола отырып, белсенді шығармашылық әрекеттің бала бойында оянуына толық әсер бере алмайды. Қандай жағдайда да педагогтың нақты тапсырмасы, үйретуі, теория мен практикаға негізделген білімі қажет. Домбыраны үйретудің алғашқы әдістерінде қарапайым ережелер, жеңіл орындалатын күйлер, әндер, жырлар балалардың музыкалық аспапқа деген қызығушылығын тез оятады және шәкірт бойындағы техникалық базаны қамтамасыз етеді.
     Балалармен жұмыс жасау кезінде баланың музыканы естуін, санасында образ қалыптастыруын, домбыраның жеткізбек болған үнінің шәкірт санасына орнығуына күш салу керек. Педагог үшін өзекті мәселе – шәкіртінің болашақ орындаушы ретіндегі образының , тұлғасының қалыптасуы һәм өз бойындағы артықшылықтар мен қасиеттерін сезіндіру.
Педагогикадағы музыканың әдіс-тәсілдерін зерттеуші ғалымдардың пікірінше шәкірттердің белгілі бір аспапты тез үйренуіне олардың сабақ барысындағы дұрыс әрекеттері жеткіліксіз. Олар сол асапта ойнауға құмарту керек. Әрине, домбыраға деген құмарлық ертеңгі күні шәкірттің үлкен күйші, термеші, жыршы болуының негізгі кепілі. Сондықтан, алғашқы сабақтардан бастап оқушыға қолжетімді бөліктерімен жұмыс істеген дұрыс. Алдымен құлақтың көмегімен, дауыстың дұрыс интонациясына және әннің мәнерлілігіне қол жеткізіп алған жөн, содан кейін аспапты таңдау керек. Техникалық процесс те қызықты болуы керек. Жаттығулардың мақсаты кез-келген дағдыларды игеру. Сыныптағы тіршілік, сабаққа шығармашылық көзқарас тағы басқа да факторлар педагогтың басты назарында болуы шарт.
Домбыра үйретуде балалардың жас ерекшеліктерін негізге алған дұрыс. Олардың психологиялық және физиологиялық даму деңгейлері әртүрлі екенін есте ұстаған жөн.Мысалы, 12-13 жастағы шәкірттер ноталарды тезірек есте сақтайтын болса, ал олардан кіші балалардың бейнелі жады күшті. Сондықтан, музыкалық аспапқа үйретудегі әр сәт, қадам, эмоцияналды жұмыстар маңызды.
     Қорыта келгенде домбыра аспабында ойнап үйрену үшін, ең алдымен, шәкірт бойында ынта, жігер және талпыныс болуы керек. Жас баланың, шәкірттің жаны домбыра аспабын қаламаса, оны ешкім де күштеп үйрете алмайды.

202 0
Нұрғайша Қасымбекова, Түркістан обылысы Сарыағаш ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің №2 Балалар музыка мектебі Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Домбыра пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000289
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: