Әйгілі ғалым В. А. Сухомлинский тәрбиелеудің теориямен әдістемесі «Жүрегімді балаларға арнадым» атты еңбегінде: сөзбен жеткізілмейтін нәзік сезімдерді әуен арқылы жеткізуге болады. Жан жақты гармониялық тұлғаны қалыптастырамын, қажетті негіз балалардың елестету қабілетін оятатын жарық бейнелерді туғызатын, әр–түрлі, көңіл–күйлерді сезінетін музыкаға балаларды баулу.
Оқушыны музыкаға баулу мен тәрбиелеу ең танымал және жалпы көпшілік қол жеткізе аларлық құбылыс бола тұрғанымен, ғылымда жеткілікті талданбаған және аз зерттелген. Балалардың музыкалық тәрбиесін бастаған кезде, музыкалық дыбыс әлемінің ерекше құбылыс екенін есте сақтай отырып, баланы оған күшпен итергіштемей, сездірмей қуаныш сезімін оята енгізу қажет. Әрбір балаға оның дарындылығын деңгейіне музыка әлеміне кіргізетін кілт табуға болады. Біз баланы қалай ана тілін сүюді, сұлулық пен поэзияны сезінуді үйретеміз, тап солай музыканы сүюді үйрету керек. Кішкентай оқушылармен сабақ өткізетін мұғалім сабақ үстінде балалардың көңіл – күйін көтере отырып, ой – өрісін кеңейте қостап, мәжбүрсіз қызықты жағдай құрып бағыттау керек. Әрбір мұғалімде оқыту барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Оқу үрдісінде, балалар, алғашқы дайындықтарға келгенде қызығушылық көрсетіп аспапта тезірек ойнағылары келеді. Ал енді нота сауаттылығын жаттаған кезде кейбір, шыдамсыз балаларда сабаққа деген қызығушылығы бәсеңдейді.
Музыканы әрі қарай шыңдап,нағыз маман иесі атанамын деген болашақ ұрпақ үшін, алғашқы оқу кезеңі маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Себебі, еңбегіңнің жемісін бірден көре қоймайтының секілді, бірнеше жылдардан кейін ғана берген тәлімің мен тәрбиеңнің далада қалмағанын түсінетін боласың.
Музыка сабағы – оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі қолданылады.Музыка сабақтарын, ең алдымен, оқушылардың музыкамен қарым-қатынасы деп қарау керек. Ұстаздың басты көңілі осында тұру керек. Музыканы тыңдап, қабылдауды үйрету, сабақтардың формалары мен әдістемелік амалдардың дұрыс қолданылуын үнемі дамытып, жетілдіріп отыру ұстаздық тәжірибенің үлесіне тиеді.
Оқушыны музыкаға баулу және тәрбиелеу барысында көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаланып көрген жөн.Тақырыпты тереңдете оқыту,тәрбиелеу сабақтары төмендегідей мағынада кұрылады:
- Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық дәрежесін көтеруге бағыттау.
- Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді, нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың қызу араласуы негізінде жүргізу.
- Тақырыптарды бекіту, сабақ жайлы оқушылар түсінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік-әдістермен дамытып отыру.
Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі оқушының өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік әдістемесімен өзара бірге қолданылса, зор нәтиже береді.Ұстаздық бақылау мен оқушының өзін-өзі байқап отыру әдістемесі, әр оқушыға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана көрнекті жетістік берері сөзсіз.
Қорытындылай келе, балаға музыка сауаттылығын ойын арқылы үйрету, үлкен қызығушылық туғызуға мүмкіндік береді.Буын элементтерін қолданғанда оқушылар музыка сауаттылығына олардың ой қиялдары, көз алдына елестету қабілеттері дамиды.