Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI580

Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары.

     Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуын талап етеді. Өйткені, адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. 
 
     Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі заман талабы дәлелдеп отыр. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып олардың бойында белгілі-бір адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. 
 

     Музыка сабағында да ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады. Бастауышта оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор. Ойынды әдетте сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады.

      Ойын-балалар әрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне әсерін тигізеді.Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды

 

    Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз

бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен

өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық

қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды,

бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.Шығармашылық – ойлау

қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының

жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. 

      

      Музыкалық шығарма әр түрлі дыбыстардан құралып жазылады. Ал

дыбыстардың түрі өте көп: жоғары, төмен, жуан, жіңішке, ұзақ, қысқа,

жылдам, баяу, біртіндеп бәсеңдейтін немесе біртіндеп күшейетін т.б.

      Қорыта айтқанда, мектептегі барлық пәндер сияқты, музыка сабағы да

оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып,

ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді

мақсат етеді. Алайда музыка жай сабақ емес, өнер сабағы болғандықтан,

оның өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері бар. Атап айтқанда,

оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы музыкалық

шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі арқылы

тәрбиеленеді. Сондықтан, музыка және өмір деген ұғым әр сабақтың ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқушының сабақта қолданған  барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту, музыка тыңдау дағдыларын үйрену музыкалық сұлулығын, әсем сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. Демек, музыка сабағында сезім мен саналылық, көркемдік пен шеберлік шыңдау бірігіп, тұтасып кетуі тиіс. Сонымен қатар, оқытушы сабақта жұмыстың ұжымдық, топтық, әрі жеке түрлерін алмастыра білуі тиіс.

 

726 0
Гүлнұр Тасиммова, Түркістан обылысы Сарыағаш ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің №2 Балалар музыка мектебі Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Домбыра пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000287
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: