Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI579

Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері

Әсем әуен-адам жанын тебірентетін, ерекше күй кештіретін, көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Өте әдемі, әрі әуезді. Ол әлемге барғанда мол бақытқа кенеліп, өмірді басқалай сезінуге мүмкіндігің ашылады. Дүниені басқа қырынан танисың. Жан  тебірентерлік әуезде әннен ерекше әсер аласың. Әдетте, музыканы «көңілдің кілті» деп атайды. Себебі, музыка тыңдаған адамның көңілі лезде көтеріліп, өзін сабырға шақыра бастайды. Музыканың ерекшелігі сондай, ол кез-келген адамның жан-дүниесін, ішкі сұлулығын, жүрегін сезінуге көмектеседі. Ол арқылы біз адамның жүрегіндегі жылулықты, мейірімділікті сезіне аламыз. Музыка- осы әлемдегі ең құдіретті, қасиетті ұғым. Біз оны құдіреттеу арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіре аламыз.

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.

   Қазақ халқының рухани жәдігерлерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндері. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл  - қазақ әншілік өнерінің сан ғасырлық даму тарихы бар екендігінің бірден-бір айғағы.

   «Ел іші – өнер кеніші» дейді дана халқымыз. Әрине, қазақтың дәстүрлі әндері тек домбыра, қобызбен шектелмесі анық. Жетігенмен, сыбызғы, шертер, адырнамен ән айту өнері қазіргі таңда сейілсе де бұрын ел ішінде, ұлт арасында да жалғасып жатты. Ал домбырамен тек қана әннің төресі шырқалған. Тарихтан белгілі, қазақтың сал-серілері де екі не үш ішекті домбыраны серік еткен. Домбырамен сүйемелдеп ән айту сол кезден-ақ шеберліктің шыңы саналған.

     Қазақ халқы дәстүрлі ән-өнеріне бай екенін әрі қазіргі таңда да дәстүрлі әншілеріміз жеткілікті деңгейде таратып жүргенін айта аламыз. Ал негізін салған әнші-сазгерлердің мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие.

     Халық өнері жасампаз. Олай болса, әр халықтың мекеніне қарай өз мәдениеті ауыз әдебиеті бар. Ел болған соң, ел ішінде талай топта жүлде алған әнші, ақын-жыраулар, жыршы –термешілер, күйшілер болған. «Қазақ табиғатынан ақын халық» деген сөз бар. Біз тау өзендей тасқынды, дәстүрлік әншілік өнерді,ақпа – төкпе, ақын-жыраулар туралы естігендеріміз бен көзіміз көрген жайларды, ішкі түйіндерімізді барынша өскелең ұрпаққа өнеге етіп,өткен мәдениетіміз бен дәстүрлі ән өнерінің әрі қарай жалғасын табуына сеп болуымыз қажет. Дәстүрлі әншілер мен термешілер, ақын – жыраулар жайы бір параққа жазса, сыймайтын  толассыз қазына.

701 0
Гулжамал Есет, Түркістан обылысы Сарыағаш ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің №2 Балалар музыка мектебі Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Домбыра пән мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000286
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: