Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI578

Домбыра үйренудегі психологиялық-педагогикалық әдістемелік қағидалары

Күй-домбыраның үні мен жан дауысы болса, домбыра қазақ халқының жан сезімі мен жан серігі, қазақ халқының көне музыка аспабының бірі. Домбыра көшпелі елдің көне шежіресі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Халықтың өткені мен тұрмыс-тіршілігін, ой-арманын көне аңыз-күйлерден танып білуге болады.Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналды.XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

      Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге небір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

  Халқымыздың қай заманда болсын, атын ауызға айналдырып, жырын жаттаған алып тұлғалардың бірі Асан қайғы. Ол XV ғасырдың алғашқы жартысында шамамен 1445 жылдары Әз-Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Асан қайғы қалдырған өлеңдер мен күйлер бүгінгі күнге дейін ұмытылмай ауыз әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына айналып отыр.

Домбыра күйлері: аңыз, тарихи тартыс, арнау, лирикалық күйлер деп, шығу тарихына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Домбыра дәстүрінің дамуы XIX ғасырда өзінің шарықтау шыңына жетті. Домбыра өнері бұл күнде өз жалғасын тауып, дамып өркендеп отыр. Домбыра күйлері бұдан жүздеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани серігі болып, оның көңіл күйін, жас ұрпақтың болашағына деген сенімін сақтап келеді.Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесінде шешендік, өнерпаздық тәрбиеге баса назар аударды.

Қазақ мінезі домбыра өнерімен шыңдалған. Өйткені оның үні ізгі үйлестікке шақырады. Домбыра өнері-тәрбиенің басты құралы. Қазақ халқының менталитетін айтқаңда, оның басты бір ерекшелігі ол тәрбиелік қасиет. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары айналып келгенде тірелетіні тәрбиелік мәселе. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған. білім қоржынымен келе жатыр. 

       Музыка пәнінен сабақ беру – абыройлы да қиындығы мол күрделі процесс. Бұл процеске тек музыкалық аспап игерген оқушы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ой деңгейімен дүниетанымы қалыптасқан тұлға дайындау міндеті де кіреді. Ұстаздың тағы бір міндеті шәкіртін көркемдік парасаттылыққа, даралыққа, өнерді эстетикалық сұлулықпен ұштастыра ойнауға баулу. Оның музыкалық аспапта ойнау шеберлігін дамыту. Оқу процесіндегі психологиялық-педагогикалық әдістемелік принциптері өзара методологиялық жүйеде біріккенде ғана, өнер ұстазының қызметі нәрлене түседі.

      Домбыра өнерімен айналысқан адамдарда көпшілдік, ашықтық, еркіндік жақтары басым. Сондықтан олар тез тіл табысып, кез-келген жерлерге сіңісіп кете береді. Ортақ бір келісім тудырып пікір алмасуға, шүйіркелесіп, ынтымақ-бірлікке ықпал етуге өте қажетті құрал болып есептелген. Домбыра өнерін кез-келген қазақ баласы меңгеруге тырысып оны үйреніп отырғанына да сол қасиет себеп болса керек.Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан-дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де, киелі қара домбырасының атқаратын рөлі ерекше.

221 0
Бекзат Кибраева Түркістан обылысы Сарыағаш ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің №2 Балалар музыка мектебі Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Домбыра пән мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000285
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: