Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI576

Аспаптық музыканы пайдаланудың әдіс тәсілдері.

      Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаев  «Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі – музыкадан, біреудікі – сұлу суреттен, ал біреудікі – поэзиядан. Өнердің  әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды, ал тәрбиенің міндеті – балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, қызығушылығын, сол тұрғыда  туғызатын сұлулық сезімдерін оятып, өркендету» - деп эстетикалық қызығушылықтың, яғни, тәрбиенің бала дамуындағы маңызына ерекше тоқталған. 

     Музыка өнері әрбір оқушыны әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті, әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек.Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет.

     Мектепте музыка сабағында: шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр-терме, театр өнері өз бейнесін тапты. Сонымен қатар, ұлттық өнерге осылай оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптастыруына, мәдени дәстүріне деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізеді, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттырады. Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілетін дамытады.
       Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі, ұғынықты келуі, әрі ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуын қажет етеді.
 Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:

 а) музыка сабағында ұғымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы);

 ә) өз бетінше қатысуы; 

б) музыканы кездейсоқ тыңдауы.

       Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді». Музыка шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы оқушының сезімін (эмоция) ояту. Оқушылардың сабақ үстіндегі эмоциялық өзіндік іс-әрекеттері бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады.
 Сезімді (эмоция) ояту үшін қабылдауда белсенділік мақсаты қойылады.
 Бірінші мақсат:

 а) музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау;

 ә) музыка-дидактикалық ойындар ұйымдастыру; 

б) тиімді әдісті таңдап ала білу;

в) оқушылардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескере отырып, музыкалық шығарма таңдау арқылы жүзеге асырылады.     

     Қорыта келе, баланы музыкалық аспаптарға үйретпес бұрын, оны музыканы  тыңдауға,  тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу  музыкалық тәрбие беру  жұмысындағы  міндеттердің  бірі. Өйткені, ол оқушының музыкалық міндеттілігін  қалыптастырудың алғышарты болып есептеледі.Музыканы қабылдау – музыка сабақтарында, сыныптан тыс шараларда музыка туралы әңгімелеуде қолданылатын іс - әрекеттердің  кез – келген түрінің  іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез- келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты  және т.б. Баланы музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуға тиіс.

256 0
Ақмарал Рысалиева, Түркістан обылысы Сарыағаш ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің №2 Балалар музыка мектебі Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Домбыра сыныбы мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000283
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: