Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI574

Балалардың балабақшаға бейімделуіне әсер ететін нұсқаулықтар

    Көптеген  балалар   1,5-3 жастан  бастап  бара  бастайды. Кейбіреулері  үшін  үй жағдайынан  басқа ортаға  ауысу, таныс  адамдарымен  ойыншығымен  қалысып келесі  бір  ортаға  тез  үйренсіп  жатса,  ал басқалары  үшін  үлкен  күйзеліс.  Мінез құлығындағы  өзгеріс,  денсаулығындағы  кедергілермен  көңіл  күйінің  болмауы одан  әрі  күйбеленушілікке,  жүйке  жүйесінің  бұзылуына  әкеліп  соғады.

    Кез  келген  балаға  алғашқы  рет  балабақшаға  бару – үлкен  күйзеліс.  Бұған дайын  деген  баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында күйзеліске ұшырайды, әрине қасында өз үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы; мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы; танымайтын ересектерді көруі және олардың тыңдауы; өздеріне жат ыдыстан тамақтануы; үйренбеген төсекке  жатуы...

     1,5-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз.   Бөгде адамдардан қорқатын да балалар кездеседі.

    Тәрбиешілер үшін де  топқа   жаңа балалардың келуі – үлкен   сын. Осы  кезде  балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар , оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырылып отыратындықтан, бала ортаға тез бейімделедң.

     Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақша тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуіне қандай көмек көрсету керектігінен хабардар болуы қажет.

      Ата-аналарда өз  тараптарынан балаларының жаңа өзгерістерге икемделуін, ортада өзін ұстау ерекшеліктерін айтуы қажет. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса, өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса, ұнтақталмаған немесе әрекеті тағамға дайын болса, ойыншықтарымен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табыса алатын болса, тәрбиешіге сенімді болса, онда бейімделу кезеңінен жеңіл өтетіні анық.

     Топ тәрбиешісі біріншіден балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейін жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әртүрлі болатыны кездестіре бастайды.  Кейбір балалар 1,5 жас шамасында келеді және өздігінен  жүре алмайды, астар киеді, өздігінен тамақтана  алмайды  және   ойнауды білмейді, балаларды  жатырқайды сонымен  қатар анасын үнемі  сағынады. Енді біреуі 2-3 жаста  келеді   және не  нәрсеге  болсын   икемді, бірақ балалар  ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған  байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.

   Белгілі   болып  отырғандай, біріншіден өз құрбыластарымен және үлкендермен  қарым  қатынасқа   еркін түсе алатын, өз бетімен және басқа балалармен ойнай алатын балалар тез бейімделеді. Баланың бірінші күннен балабақшаға келгенінен бастап, тәрбиеші ең бірінші балалар үшін психикалық және физикалық жағдайын жасауға, үйренген ортасынан (әрқайсысында әртүрлі) қоғамдық ортаға (барлығына бірдей) қалыптасу  кезіндегі қиындықтарды жеңілдетуге тиісті. Бұл іс- әрекеттер алғашқы айда балалардың жаңа ортаға бейімделуіндегі туғызатын мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Балабақшаға енді бара бастаған ерте жастан және мектеп жасына дейінгі балаларға  бір жағынан, әрқайсысына жеке, атымен атап: «Айсезім, қолымызды жуайық», екіншіден-баланың топта жүргенін есіне сала  отырып, «балалар»т.с.с. «Балалаор, енді барлығымыз дастарханға жайғасайық! Айдар, сен де отыр, Жарқынай сен мында  отыр» деп қарата айта отырып,  олардың назарын  аудару қажет. Балаларға  үйреншікті емес іс  әрекеттерді айтып түсіндіру керек, бірнеше қайталай отырып: «Барлығымыз қазір киенеміз, өз сөремізге барамыз-бұл бізде Нұрлының сөресі, ал мынау – Ләйләнің сөресі, ал мынау сенікі. Ал сен , Сезім, жарайсың өз сөреңді танып алдың».

       Егер балалар тәрбиешіні түсіне алатын болса-оларды үйде үйретпеген немесе олар жасап үйренбеген  іс   әрекеттерге баулу жеңілдік туғызады. Әрине, біріншіден басты маңыздылықты әрқайсысына жекелей назар аудару керектігін есте сақтау қажет, кім неге қабілетті, кімде қандай қиындықтар (Назым өз қонжығынсыз ұйықтай алмайды). Бір мезгілде тәрбиеші балалардың бір-біріне назар аударып, есімдерін есте сақтап қалуына, мүмкіндігінше аттарын атай алуына және  тәрбиешіге де солай айтқызуына жеткізуіне қажет. Бұл үшін танысуға бағытталған, есімдерін жаттауға арналған, сол сияқты әр баламен амандасу және сәлемдесу рәсімдеріне арналған ойындар бар. Мысалы: «Міне балалар, Айсезім келді. Сәлеметсің бе, Айсезім! Ал енді барлығымыз  онымен амандасайық!», «Диас үйіне кетті. Онымен қоштасайық: Сау бол, Диас! Ертеңге дейін!»

    Топты жұмыс жасау барысында, кездесулер кезінде бөгде адамдардың болғанын аптаның алғашқы күндерінен бастап шектеген дұрыс. Сол  аралықта балалар өз ортасымен, тобымен, ойыншықтарына үйренсіп, өз топ тәрбиешілермен танысып, құрбылармен қарым-қатынасқа түседі.

  Алғашқы кездерде тәрбиеші баланың ата-анасынан балаға қол орамал, майлықтарын алып жүруді талап ету керек.  Қолымша   ауыстыратын  ішкі  киімдерімен керек жағдайда астарларында дайындаған жөн.

     Тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісіне балалардың алғашқы кезеңіндегі әр түрлі жас ерекшіліктерімен, жеке бас  ерекшеліктерін ескере отырып, ұйықтау кезендегі, тамақтану барасындағы, гигиеналық тазалыққа үйрету кезіндегі қиындықтарды есепке алу керек. Егер бала нашар тамақтанса, оны күшпен тамақтандыра алмайсың, тіпті өз тамағын толық жеуге күштеу, осы жаста оның  ашуын жиелетеді. Егер ұйықтамаса, онда оған ойыншық беріп, онымен отырып, тыныштандырып, ұйықтамауға рұқсат етіп,бірақ көзін жұмып, тыныш жатуын қалыптастыру қажет. Балалалрдың кейбіреуінің дәретке барып отыруын  қадағалағаны да жөн. Бұл жағдайларда  оларға далада да естеріне түсіріп отырған жөн. Мұндай  ескертулер бір ай бойы жалғасуы мүмкін және ұзақ мерзімде балабақшада болмаған жағдайда (мысалы, ауырып қалуына байланысты) қайтадан ескертіп отырған жөн.

       Осындай мәселелердің болмауы тікелей  ата-анамен  тәрбиешілердің бірігіп, баланы жаңа ортаға дұрыс бағыттауының  нәтижесінде болмақ, егер әрине баланың (техникалық, физикалық) дамуы тұрақты, қалыпты болған болса.

261 0
Гүлназ Наурызбаева , Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы «Дидар-Нұр» балабақшасы ЖШС әдіскері Ұлы Дала Ұстазы № 000281
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: