Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI573

Өнерлі өрге жүзеді

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында оқушылардың жалпы білімін көтеру,біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырып,бүгінгі оқушы,ертеңгі білікті маман екенін ескере отырып,оларға кәсіби білім беріп,қабілетті мен дарынын аша білу, шығармашылыққа бағыт-бағдар беру-әр мұғалімнің мақсаты болып табылады.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту да үлкен қажырлы еңбекті талап етеді.Осындай қажырлы еңбегімен оқушыларға саналы білім мен тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстаздардың бірі -Ақтөбе облысы,Хромтау ауданы, Көктау ауылы Нұрлы-көш орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі-Аристанбаева Шалқар Саламатовна.Ол әрбір оқушы бойындағы дарындылықты,ерекше қабілетті байқаған күннен бастап,сол оқушының шығармашылық қабілетін шыңдай түсуді өзінің басты міндеті деп санайды.                                                                                                  

            Өзінің  15-жылдық тәжірибесінің арқасында көптеген шәкірттерді қалалық,облыстық,республикалық байқауларға қатыстырып келеді.                       Ұстаз  білімді болса-шәкірті мықты болары сөзсіз.Ұстазының үйреткенін әрдайым екі етпей орындап,соның арқасында жүлделі орындарға ие болып жүрген Нұрлы-көш орта мектебінің 4-сынып оқушысы- Нағашыбай Айнара Нұрлыбековна.                                                                                                              

           Айнара -2012 жылдың 17 ақпанында Хромтау ауданында дүниеге келген. Ол мәнерлеп оқу өнерімен кішкентай кезінен бастап көзге түсіп,ұстазының үйретуімен шыңдалуда.Айнара қазіргі кезде көптеген байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. «Өнер-жастан» демекші Айнара қызымыз мәнерлеп оқу өнерімен қатар ,сурет салуды да жақсы меңгерген.                                                              

             Айнараның  жетістіктері өте көп.Мектеп қабырғасында емес, аудан,облыс көлеміндегі жарыстарына қатысып жүлделі I орынды иеленіп келеді. Республикалық intolimp.kz байқаудан мәнерлеп оқу өнерінен I орын, аудандық Дара бала М.Мақатаевтың Мұқағали-мәңгілік ғұмыр байқауының жеңімпазы,Математика пәнінен vpo.kz сайты арқылы ұйымдастырылған Республикалық виртуалды-олимпиядаға қатысып I-дәрежелі диплом иеленді,Халықаралық USTAZ TILEGI олимпиядасына қатысып жүлделі II-орын алды.Өнеге ҚР білім және ғылым басқармасы тарапынан ұйымдастырылған, Сегіз қырыл,бір сырлы байқауына қатысып жүлделі I-орынға ие болды.GRAND PRIX білім және иновациялық орталықтың ұйымдастырылуымен «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясының  I-орын жүлдегері .Республикалық интелектуалды білім порталында                   «Абай-дана,Абай-дара» байқауына қатысып I-орын иегері атанды.Белес өнер орталығының ұйымдастыруымен «Абай-халық данасы» Республикалық байқауға қатысып жүлделі I-орын иеленді. Тұла бойы өнерге тынып тұрған Айнараның-әлі талай байқаулардың жеңімпазы болып,мектебіміздің абыройын асыруына сенеміміз  мол!             

502 2
Шалқар Аристанбаева, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылы, Нұрлы-көш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Ұлы Дала Ұстазы № 000280
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Шалкар
25 октября 2021 11:29
Жарайсың Айнара
Эльмира
30 октября 2021 02:00
Жарайсың Айнара! Үлкен белестерді бағындыруына тілектеспінШалкар,