Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI572

Биология сабағында CLIL әдісін жаңартылған білім мазмұнының бір компоненті ретінде қолдану

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе –білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет өзегі – білім, ғылым. Осы орайда білім ордасының жаны - ұстаз екендігі баршамызға мәлім. Білім беру жүйесіндегі негізгі талап-сабақта білім берудің жаңа технология әдістерін қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблиясының XII сессиясында «Үш тұғырлы тіл» туралы идияны жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезең – кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасы үш тұғырлы тіл саясатын жыл сайынғы Жолдауында нақты атап көрсетіп келеді. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Дәлірек айтсақ, үштұғырлы тіл идеясының қарапайым формуласы – мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.  

Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. 

Үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

Үштілдіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол."Біз Ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаумыз керек. Қазіргі әлемнің осы ағылшын тілін меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады." Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің,оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. Үш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді.

Өз тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. 

Ағылшын тілінде сабақ беру әдістерінің ішінде CLIL әдісі жаратылыстану бағытындағы пәндерге жақын әдіс.

CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді. 

CLIL әдісінің негізгі мақсаты – оқытушының сөйлеуін азайтып, керісінше студенттердің бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

CLIL негізін төрт C құрайды: 

  1. CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар; 
  2. COMMUNICATION (Қатынас) – бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері; 
  3. СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту; 
  4. CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау [1].

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамыту бағытында жүреді. Яғни тілдік емес пән оқытушылары тек пәннің мазмұнына ғана емес, сонымен қатар сол пән арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады. Бұл әдіс арқылы бірден екі мақсатқа жетуге болады: ағылшын тілі арқылы сабақ мазмұнын түсіндіру және пәндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дағдыларын дамыту.

CLIL әдістерін пайдалануда мұғалім келесілерді ескеруі тиіс: 

  1. білімділік ортасы үш тілдің зерттелуіне және жетілуіне ықпал етуі тиіс;
  2. сабақтардың кестесін құрастыруда биология және тілдік пәндер мұғалімдері арасындағы әріптестікті ұйымдастыру уақытын анықтау қажет; 
  3. әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлағанда, тілдік және биология пәндер мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің өзара әрекеттесу жоспарын түзу қажет; 
  4. тілдік және биология пәндер мұғалімдерінің арасында сабақтарға өзара ену ісін ұйымдастыру;

Әрқашан осындай озық тәжірибемен жақсы шәкірт дайындап шығу әр мұғалімнің арманы. Армандар орындалып жатса   оқушының да, мұғалімнің де, мектептің де, тіпті мемлекеттің болашағы жарқын болмақ.

CLIL әдісін жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде меңгерудің негізгі құралдардың бірі ретінде қарастырылады. Мысалы, биологиялық терминдерді ағылшын тілінде меңгерту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға, қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Қазіргі кезде білім берудің жаңартылған мазмұны аясында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін  ағылшын тілінде беру жолдарына көшуде [2].

Бұл әдісті пайдалану арқылы оның артықшылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Алдымен, оқу үрдісінде CLIL әдіснамасын іске асыруда қиындықтар тууы мүмкін, атап айтқанда, жаратылыстану пәндеріне ағылшын тілін енгізу кезінде, бірақ жылдар өте тәжірибе арқылы бұл қиындықтарды жеңуге болады. Бұл әдістің негізгі артықшылықтарының бірі биологияны ағылшын тілінде оқитын оқушылардың ынталылығын арттыру болып табылады.   Түрлі тақырыптардағы жұмыс оқушылардың термин сөздерді жаттау арқылы сөздік қорын толықтыруға және алған білімдерін әрі қарай қолдануға мүмкіндік беретінін атап өту керек. [3].

CLIL әдісінің айырмашылығы:

  1. CLIL сабағы – бұл тіл сабағы емес 
  2. CLIL сабағы – бұл  пәнді ағылшын тіліне аудару сабағы емес 
  3. CLIL сабағы грамматиканы оқыту мақсаттарын көздемейді. 
  4. CLIL сабағында, пәндік білімдерден, білік-дағдылар мен түсінуден басқа 4 тілдік  дағдыны дамыту керек (тыңдалым/оқылым/айтылым/жазылым).
  5. CLIL сабақтары белсенді оқыту   әдісіне негізделген. 
  6. CLIL сабақтары көбіне мәтіндерді оқу немесе тыңдалымға негізделген

CLIL әдісінің артықшылықтары:

  1. оқушыларға шет тілін пайдалана отырып, бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді;
  2. оқушылардың мәдениетаралық білімін кеңейтеді;
  3. ойлауды дамытады және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашады;
  4. оқушылардың ынталылығын арттырады және олардың өзіне деген сенімін арттырады;
  5. барлық тілдік дағдыларды үйретеді;
  6. тіл біліктілігін және табиғи сөйлеу дағдыларын жақсартады;
  7. әртүрлі тілдерде қызығушылықты дамыту, өмірдің түрлі салаларында қолдану; [4].

CLIL әдісінің нәтижесі: 

  1. Көп тіл білетін, басқа ұлттардың салт-дәстүрлерін қадірлей білетін мәдениетті, отансүйгіш тұлға болып қалыптасады 
  2. Білім алушы бір мезгілде екі тілді меңгереді. 
  3. Толеранттық тұлға болып қалыптасады 
  4. Білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді

Тәжірибелік мысал ретінде, биология сабақтарында CLIL әдісін пайдаланудың келесі мысалдарын келтіре аламыз:

1. Activity «Loop of questions». Ағылшын тілінде сұрақтар мен жауаптар бар парақшалар таратылады. Парақшаның бір жағында сұрақ, келесі бетінде басқа сұрақтың жауабы беріледі. Бір оқушы сұрағын оқып жатқанда, бәрі мұқият тыңдауы керек, жауапты тапқан адам сұраққа жауап береді және өзінің сұрағын оқиды және солай жалғасады. Бұл әдіс оқушылардың мұқияттылығын, ағылшын тілінде термин сөздерді дұрыс айтылуын дамытады. 

2. Activity «Guess the Body». Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа стикерлер жапсырылған үлкен парақ таратылады. Әр стикер артында белгілі адам мүшесінің суреті жасырылады. Парақтың ортасына сұрақтар мен терминдер орналастырылады. Топтың әрбір мүшесі ағылшын тілінде сұраққа жауап береді немесе сөздердің мағынасын түсіндіреді және бір стикерден алады. Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін, оқушылар жасырылған адам мүшесін атап, оның адам ағзасындағы қызметі және рөлі туралы айтуы тиіс.

3. Activity «Inner and outer circle». Оқушылар бірінші, екіншіге  есептеледі және өткен тақырыптар бойынша ағылшын тілінде сұрақтар құрастырады. Содан кейін екі шеңбер жасайды: ішкі және сыртқы. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-біріне сұрақтарды қояды. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сағат тілімен қозғалып, жаңа жұптар құрылып, бір-бірлеріне сұрақтарын қояды.

4. Activity «Grab it!». Бұл әдіс кезінде оқушыларға анықтамалар оқылады сол анықтамаларға сәйкес оқушылар суреттерді тауып, сол сөздің ағылшынша атауын айтады [5]. Мысалы: 

1.Brain - латынша энцефалон деп аталады, бассүйек қуысында орналасқан.

2.Тhorax -12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады.

3.Liver – адам ағзасының ең ірі безі немесе «химиялық зауыты».

4.Stomach -  ас қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы.

5.Kidneys - зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. 

6.Lungs – латынша пульмонес деп аталатын тыныс алу мүшесі.

7.Heart – грекше кардиа деп аталады, ересек адамда 250-300 г болады.

CLIL технологиясы мүлдем жаңа көзқарасты қажет етеді. Қазіргі уақытта білім берудің жаңартылған мазмұны кезінде мұғалімдер жеке, жұптық, топтық және шығармашылық іс-әрекеттерге назар аудару үшін әртүрлі материалдық жұмыстарды ұйымдастыруы керек. 

CLIL әдісін жаңартылған білім мазмұнына енгізу - оқыту процесін жақсартады. Ол үшін қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көп нәрсе орындалуда. Әртүрлі білім беру ұйымдары мектеп мұғалімдерін және колледждер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдерін білім берудегі жаңа кезеңге дайындау үшін ұзақ мерзімді курстар ұйымдастыруда [6].

Қорыта айтқанда: Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Білім беру ісі – біздің мемлекетімізде басты басымдық, дамуымыздың шешуші факторы», дей келе, еліміздің ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеп отырғандығы белгілі. Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді оқытуда тілдік білім беру жүйесін енгізу жағдайында еліміздің барша педагог қауымына сәттілік тілеймін. Жауапты міндетті сапалы атқару – сіз бен біздің еншімізде!

 

 

 


 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академисы Кіріктілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал Астана 2016

2. А.А. Шукирова "Биология сабағында ағылшын тіліндегі терминологиясы" 2016 ж ҚБББ

3. Нуракаева Л. Т., Шегенова З.К. Методические рекомендации учителям по использованию метода предметно-интегрированного обучения (CLIL).– Астана. – 2013.– С.8 – 10.

4. Ахметова М.С. Предметно-языковое интегрированное обучение биологии //viеwеr_imаgеs/15684311/f/1.png.

5. Лалетина, Т.А. Интегрированный подход и использование предметно-языковой интеграции при обучении иностранному языку. [Электронный ресурс]. Режим доступа: uploads/3_ Laletina%20T%5B1%5D.A.pdf.

6. Стоянова А., Глушкова М. Руководство по проектированию и реализации многоязычных программ.

737 11
Альбина Оразбаева, Алматы облысы, Қапшағай қаласы «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ, биология пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000279
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Өте жақсы жазылған
25 октября 2021 11:33
Өте жақсы жазылған
Куламанова Каршыга
25 октября 2021 11:34
Өте жақсы жазылған
Айжамал Махмутова
25 октября 2021 11:46
Тамаша жумыс жарайсың 👍👍👍
Серікова Құралай
25 октября 2021 11:52
Керемет 👍👍👍
Айым Қуанышқызы
25 октября 2021 12:16
Керемет жұмыс!
Айым Қуанышқызы
25 октября 2021 12:17
Жарайсыз! Керемет жұмыс!
Асия
25 октября 2021 13:26
Өте жақсы жұмыс👍
Жаныл Оралхановна
25 октября 2021 13:32
Жарайсыз Альбина Баглановна! Керемет жұмыс!
Ажар
Ажар
25 октября 2021 13:43
Керемет жазылған!
Есжанова Гульзира
25 октября 2021 13:59
Керемет жұмыс. Рақмет!
Бакытжамал
25 октября 2021 14:26
Өте керемет!