Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI571

Шағын жинақталған мектептерде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады» деп К.Д.Ушинский айтса,  «Білікке сенген заманда ешкімге дес бермедік. Ал білімге сенер ертеңгі жағдайымыз қалай болар екен?» деген Абылай ханымыздың өз заманындағы толғанысы білімнің түбі терең екенін аңғартады. Ат үстінде ел билер, елін, жерін қорғаған бабаларымыздың басты арман-тілегі –  ұрпағының білімді, , салауатты болғаны еді. Міне, ғасырлар көшімен келе жатқан қазіргі жас ұрпақ білімнің қадірін түсініп отыр десек қателеспеспіз. Неге? Себебі, өскелең жас ұрпақ заманы - дамыған нарықтық заман. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа дәуірде жаңа білім, жаңа технологиялар,  жаңа тың талаптар дүниеге келіп,  көзіңді ашып-жұмғанша дамып, өзгеріп келеді. Демек, жаңа білім келгенннен кейін де қазіргі заманғы сабаққа да қойылатын талаптар тың, әрі жаңашыл бағытта. Яғни, оқылатын негізі материал тікелей өмірмен тығыз байланыста болу керек, ал оқыту әдіс-тәсілдері дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сай болуы қажет.

А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-демекші мектептің білім сапасының негізгі қалаушысы –ұстаз. Әсіресе, мына жаңа дәуірде мұғалімнің бойында терең теориялық білім, кәсіби құзыреттілік, шығармашылық талпыныс, үнемі ізденушілік болу керек.Сонда ғана оқушы білімге талпынады, шығармашыл бола алады, өз бетінше үнемі ізденеді.  Жалпы «мұғалім құзыреттілігі дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, біріншісі, С.Ожегов  сөздігі бойынша, белгілі бір  кәсіби қызметке  байланысты, «қандай да болсын  мәселеден  хабардарлық, беделділік», ал екіншісі,  «қандай да  бір  істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс – әрекет  етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық  шеңбері». Методикалық терминдер сөздігінде «Құзыреттілік – қандай  да бір  оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар  жиынтығы,  сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.  Қазіргі мына «ақпараттандыру заманында оқушыларға  қалай білім беру керек?», «сабақта алған білімдері бәсекеге қабілетті тұлға болуға қалай көмектеседі?» деген  проблемалар туындауда. Заманауи технологияларға жаппай компьютерлендіруге қарамастан, барлығының басында мұғалім тұратыны анық.Ендеше, «бүгінгі заманның мұғалімі қандай?», « Ол қандай болуы керек?» деген сұрақтарға жауап беретін болсам;  Міне, мен де, қазақ тілінің негізін қалаушы Ахмет атамыз айтқандай, мен «жаңа технология», «жаңа әдіс-тәсілдер», «СТО» технологияларын   сабақтарымда қолдану барысындамын. Енді міне, жаңа заманның білім беру бағыты жаңаланған сайын, менің кәсіби дамуыма бір жол ашылды, яғни сабақты өткізудегі жаңа әдіс-тәсілдер, жеті модуль, СТО, оның стартегиялары, оқушымен жұмыс, т.с.с. жаңа бағытқа беттедім. Жоғарыда айтып өткендей, мұғалімнің басты міндеті – білімді, білімін өмірде жан-жақты қолдана алатын шәкірт шығару. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеялар – оқыту мен оқудың жаңашыл әдістері.Оқушы өз бетімен ойлана алады, ойын өзі қорытындылайды, проблеманы анықтап, өзі сол проблеманы дәлелдейді, ерекше ой-пікірі туады, өзгенің де пікірін біледі.Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушының бойында мынандай қасиеттер дамиды: коммуникативтілік, шығармашылық, қызығушылық, ойлау, сөйлеу. Ал мұғалім бұл үдерісте тек қана анықталған бағытқа бағыттаушы, дұрыс шешім қабылдауға жағдай жасаушы, дұрыс шешім қабылдауға бағыт берущі рөлін атқара келе, оқушылардың түрлі пікірлерімен бетпе-бет кездесіп, оқушылармен бірлесе шешеді.Мен де дәл осы өзімнің педагогикалық тәжірибемде өзімді осы үдерісте жетілдірудемін.Демек, мен – «қазіргі заман педагогімін». 

Жай мұғалім хабарлайды,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады,- деп Уильям Уорд ағылшын ағартушысы айтып кеткендей, сабақта мен емес, оқушылар көп сөйлейді, тақырыпты мен емес, оқушылар өздері оқып, өздері түсінеді, оқушылар оқулықтан тыс тапсырмаларды өздері сыни ойлай арқылы орындайды, тапсырманы орындауда оқушыларыммен ақылдасып отырамын,үлгермей отырған оқушыларды сыныптастары жетелеп, кішкене болса да белсенділіктері артады, сабақтан кейін оқушылардың көңіл-күйлері жақсы болады, «С» деңгейіндегі оқушылар мен жоспарлаған қиын тұстарды алып шықты. Демек, мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады.Ал дәстүрлі оқуда мұғалім проблемены өзі айқындап, өзі шешіп беріп, оқушыға сыни ойлауға, проблеманы шешуге мүмкіндік бермейтін.Сабақты өзі ғана түсіндіреді, ал оқушы өздігінен ізденбейді, дайын ақпаратты дайын күйінде тұрған тапсырмалар барысында ғана орындайды.

Қазіргі заман педагогі – бұл рефлексивті педагог. Қазіргі үнемі даму заманында әрбір мұғалім өзін-өзі ұдайы жетілдіріп отыруы тиіс деп санаймын.Қазір XXI ғасыр – жаңа ғасыр – даму ғасыры. Ал мен «қазіргі заманға сай құзыретті педагогпін бе?» деген сұрақ мені толғандырады. Жаһандану дәуірінің талаптарына біліктілігім  сәйкес келе ме? Менің ойымша, бұған жауап: «Мен – заманауи құзыретті педагогпін». Мен өзімнің білімім мен біліктіліктілігіме сенемін, әртүрлі интербелсенді оқыту құралдарын тиімді пайдаланамын, сабаққа дайындыққа шығармашылықпен келемін. Ал, ең бастысы,мына жаһандану заманында  мен " Өз болашағымды –шәкіттерімді" оқытамын!

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қирабаева О.А. Қазақ  философиясының  тарихы. – Алматы, Ғылым, 

1999 ж

2. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі,2009ж

 

819 0
Гүлжан Молдағали, Алматы облысы, Ақсу ауданы «Қызылжар бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000278
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: