Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет, Мүсіндеу
Мақсаты:Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айра білуді үйрету.
Білімділігі: Бауырсақ ертегісінің мазмұны арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру.
Дамытушылығы: балаларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру,ермексазды алақан арасына айналдыра отырып, саусақ ұштарымен бастыру арқылы ұсақ қол маториксын дамыту
Тәрбиелігі: балалардың арасында өзара сыйластық, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. Жасаған жұмыстарын ұқыпты, таза жасауға үйрету.
Қажетті құралдар: слайд, ермексаз,сулы майлық,тақырыпқа сай суреттер
Әдіс-тәсілі: түсіндіру: түсіндіру,сұрақ-жауап
Оқу қызметінің кезеңдері | Педагогтың оқу қызметі
| Балалардың оқу қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық | Слайд 2 Шаттық шеңбер Қайырлы таң, аспан ата Қайырлы таң, жер ана. Қайырлы таң, қонақтар Қайырлы таң апайым. Қайырлы таң, достарым Сендерді көріп қуандым. -Жарайсыңдар, балалар қазір жылдың қай мезгілі? -қыс мезгілінде неше ай бар? -Қанекей атап беріңдерші? -Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Ал бүгін балабақашаға келгенде ауа-райы қандай болып тұрды?
|
Балалар тәрбиешімен бірге келген қонақтармен, бір-бірімен амандасады.
-Қыс мезгілі -қыс мезгілінде үш ай бар -Желтоқсан, қаңтар, ақпан -Салқын, қар жауады, аяз болады. -балалардың жауабы |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | -Балалар қараңдаршы біздің топ ертегілір еліне айналып кеткен секілді. -Ендеше мына тақтадағы суреттерге қарайықшы, қандай ертегілірдің суреттері бар екен? -Балалар біз бүгін «Бауырсақ» ертегісіне қонаққа барамыз, сендердің барғыларың келеме? -Олай болса бәріміз мына сыйқырлы экранға қарап мені мұқият тыңдаңдар, жарайма. Слайд 3 -Ерте, ерте ертеде Ешкі жүні бөртеде. Әдемі орманда атамен әже өмір сүріпті......... Ата мен әже балалардан бауырсақты тауып беруге көмек сұрайды -Балалар қалай ата мен әженің бауырсағын тауып беруге көмектесеміз бе? -Олай болса орманға қарай барайық. Слайд 4 -Саламатсызба қоян -Саламетсіздерма балалар. -Қоян біз ата мен әженің бауырсағын іздеп шықтың көрмедің бе? -Көрдім, егер сендер менің тапсырмамды орындасаңдар, бауырсақтың қайда кеткенін айтамын. -Жарайды қоян, тапсырмаңды айта ғой. -Мына суреттегі ертегілірді атап беріңдерші? -Қалай балалар қоянның тапсырмасы орындаймыз ба? -Олай болса экранға қарайық. Слайд 5 Слайд 6 -Ал қоян балалардың жауаптары дұрыспа? -жарайсыңдар балалар, өте тамаша сендер ертегілірді жақсы біледі екенсіңдер, ал ата мен әженің бауырсағы адасып кеттім деп қасқырдан көмек сұрауға осы жолмен домалап кеткен. -Рахмет саған аққоян -Сау болыңдар балалар. |
Балалардың жауабы
-Ия
-Ия
Балалар тәрбиешінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.
Ия орындаймыз Балалардың жауабы.
-Сау болыңыз аққоян.
|
| -Олай болса балалар қасқырды тауып содан сұрайық. Слайд 7 -Саламатсызба қасқыр, біз ата мен әженің бауырсағын іздеп жүрміз көрмедің ба? -Сәламатсыздар ма көрдім бірақ айтпаймын -Неге айтпайсың? - Менің сендерге қояр бір тапсырмам бар соны орындасаңдар ғана айтамын. -Қасқыр біздің балалар кез келген тапсырманы орындай алады, айта бер тапсырмаңды -Мына суреттегі заттардың қайда орналасқандарын атап беріңдерші? -Қалай балалар қасқырдың тапсырмасын орындап бауырсақты тауып аламыз ба? -Олай болса қасқырдың тапсырмасына мұқият болайық. Слайд8 Слайд 9 - Қалай қасқыр, балалар тапсырманы толық орындадыма? -Ия қандай білімді едіңдер, балалар бауырсақ ата мен әжеден адастым деп қонжықтан көмек сұрай осы жолмен орманға қарай кеткен. -Рахмет қасқыр Сау болыңдар балалар. Слайд10 -Саламатсызба қонжық -Саламатсыздарма балалар -Қонжық біз ата мен әженің бауырсағын іздеп жүрміз қайда кеткенін айтасыңба? -Жоқ айтпаймын -Неге, қонжық? -Менің тапсырмамды орындасаңдар ғана айтамын? -Жарайды қонжық біздің балалар білімді сенің берген тапсырмаңды лезе орындап береді, айта ғой тапсырмаңды. -Мына суретте үй жануарлары мен жабайы жануарлар араласып кеткен соларды ажыратып берсеңдер ғана бауырсақтың қайда кеткенін айтамын. -Балалар, қонжықтың берген тапсырмасы орындаймыз ба?
|
-Ия орындаймыз
Балалрдың жауабы
-Сау болыңыз қасқыр
Ия, орындаймыз
|
| Слайд11 - Ал қонжық тапсырманы дұрыс орындадықпа? -Өте тамаша, балалар сендер расыменде ақылды, білімді екенсіңдер. Ал енді қонжық бауырсақтың қайда екенін айта қойшы? -Балалар бауырсақ осы жолмен түлкіден көмек сұраймын деп кеткен, сендер түлкіге барып көріңдерші -Рахмет қонжық, балалар онда тездетіп түлкіні тауып алайық, әйтпесе қу түлкі бауырсақты алдап жеп қояр. -Сау болыңдар балалар. Слайд13 -Сәлеметсізбе түлкі бикеш, біз бауырсақты іздеп жүрміз, көрмедің бе? -сәлеметсіздер ме балалар, көрдім бірақ мен оны тығып қойдым. Қайда тыққанымды айтпаймын. -Неге түлкі. Меніңде бауырсақ жегім келіп тұр, ол бауырсақты қазір өзім жеймін. - Түлкі бикеш ол ата мен әженің бауырсағы оған тиіспе, біздің балалар саған көп бауырсақ жасап береді. -Кәнекей алдымен жасап беріңдер, содан кейін сендер іздеп жүрген бауырсақты босатамын. Слайд14 (балалардың жұмысы кезінде түлкі шығады қасында бауырсақ бар) -Мінекей түлкі балалар саған көп бауырсақ жасады енді бауырсақты босат -Ой рахмет, қандай дәмді, көп бауырсақ, Мен енді буырсақты босатайын, ал сендер берген бауырсақпен достарыммен бөлісейін, сау болыңдар балалар.
| Балардың жұмысы
-сау болыңыз қонжық
Балалар ермексаздан түлкіге арнап бауырсақ жасайды
Сау болыңыз түлкі |
| -Балалар келген жолымызбен кейін қайтып ата-мен әжеге бауырсағын апарып берейік. Үйшіктің қасында ата мен әже жолға қарап отырады. -Ата-әже, жолда қоян, қасқыр, қонжық, түлкіні кездестіріп берген тапсырмаларын орындап, бауырсағыңызды әкелдік. -Ата-әже мені кешіріңізші мен енді сендердің айтқандарыңды тыңдаймын, сіздердің рұқсаттарыңызсыз еш жаққа шықпаймын. -Ой балаларым менің, рахмет сізерге мінекей сіздерге арнап менде тәттілер дайындап қойдым, сау болыңдар. - Балалар енді ертегілер елінен шығып топқа оралайық. Әдемі әуенмен топқа келеді. |
Балалр қуанышты күйде ата мен әжеге бауырсақты ертіп келеді.
-сау болыңыз ата-әже.
|
Рефлекциялық- түзетушілік | -Балалар біз бүгін қандай ертегіге қонаққа бардық? -Бауырсақ ертегісінде ата мен әжеге нені табуға көмектестік? -Жолда бізге қандай аңдар кездесті? -Жарайсыңдар, балалар далада ойнап жүрген кезде танымайтын адмдармен сөйлесуге болама? -Танымайтын адамдар тәтті берсе алуға болама? -Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз осымен аяқталды келген қонақтарға сау болыңыдар деп қоштасайық. | Бауырсақ ертегісіне
Бауырсақты
Қоян, қасқыр, түлкі, аю
Жоқ болмайды. Жоқ болмайды.
Сау болыңыздар
|
Күтілетін нәтиже
Білуі керек: сурет бойынша көрсеткен ертегілірді атай, қойған сұраққа жауап бере білуі крек.
Болуы керек: тақырыпқа сай түсінігі болуы керек
Қолынан келетіні: Берілген тапсырманы ұқыпты орындау қолдарынын келуі керек.