Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI52

Бала тәрбиесі жауапты іс

Мақсаты: Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығын айқындау

Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата - ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады.
 Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.
 Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
 Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деп асыл сөзін арнаған.
 Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
 Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ – бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.
 Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
 Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.
Қорытынды: Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
 «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен сөз соңында айтарым, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

928 33
Гульсим Таменова, Батыс Қазақстан олысы әкімдігі білім басқармасының, Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің, «Балбөбек» бөбекжайы МКҚК әдіскер-тәрбиешісі «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 0009
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Венера
4 октября 2021 21:18
Керемет жазылган биздин баламыздын тарбиешиси Гулсим Амановна сизди тек биктерден осындай кереметтей журнал газет беттеринен коре берейк жумысынзга тек саттилик шыгармашылык табыс тилеймин😘
Ақторғын Саматқызы
4 октября 2021 21:30
Бала тәрбиесі жауапты іс екенін әріптесім жақсы баяндаған. Бала – болашағымыз. Балаларды жастайынан қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болады, сол себепті білімді, мәдениетті, тәрбиелі,әдепті, сыпайы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін бүлдіршін тәрбиелеу өз қолымызда екенін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Гүлсім Аманқызы сізге зор денсаулық, шығармашылық ізденістер, жұмысыңызға табыс тілеймін. Тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріңіз биік белестерді бағындырып, сіздің мерейіңізді үстем қылсын💐💐💐
Асель Сабырқызы
4 октября 2021 21:44
Бала тәрбиесі отбасы үшін,балабақша тәрбиешісі ,жалпы қоғам үшін алаңдататын үлкен бір мәселе.Кішкентайынан фундаментті балаға қалай құясын,бала сол фундаментпен өсетіні сөзсіз.Алдымызға келген әр тәрбиеленуші балаларға өзгенің баласы демей ,өз баламыздай қарап тәлім тәрбие беруіміз.Осындай қасиет сіздің бойыңызда барыңа мен жүз пайыз сенімдімін.Гулсім Аманқызы тәрбиелеп отырған тәрбиеленуші бүлдіршіндеріңіз тек сізді қуантып биік белестерден көрсете берсін .Сіз мақтанатындай ұл қыздарыңыз көп болсын👏👏
Асель Сабырқызы
4 октября 2021 21:46
Цитата: Асель Сабырқызы
Бала тәрбиесі отбасы үшін,балабақша тәрбиешісі ,жалпы қоғам үшін алаңдататын үлкен бір мәселе.Кішкентайынан фундаментті балаға қалай құясын,бала сол фундаментпен өсетіні сөзсіз.Алдымызға келген әр тәрбиеленуші балаларға өзгенің баласы демей ,өз баламыздай қарап тәлім тәрбие беруіміз керек.Осындай қасиет сіздің бойыңызда барыңа мен жүз пайыз сенімдімін.Гулсім Аманқызы тәрбиелеп отырған тәрбиеленуші бүлдіршіндеріңіз тек сізді қуантып биік белестерден көрсете берсін .Сіз мақтанатындай тәрбиеленуші ұл қыздарыңыз көп болсын👏👏
Гульбаршин
4 октября 2021 21:52
"Бала тәрбиесі- жауапты іс" атты Гүлсім Амановнаның мақаласы тәрбиенің қаншалықты бала өмірінде маңызды екендігін аша білген.Сізге болашақта зор денсаулық, білімді шәкірттеріңіз көп болсын,биік белестерден көріне беріңіз!!!🌺🌺🌺
Мейрамгул Лұқпанқызы
Мейрамгул Лұқпанқызы
4 октября 2021 21:56
Бала-болашағымыз. Еліміздің де, отбасымыздың да. Сол себепті баяндамада баяндалғандай балаға тәрбиені Іс-әрекетімізбен көрсетуіміз керек. Баяндамада айтылған оймен толықтай келісемін. Балабақша ұжымының жұмысы өте қиын әрі төзімділікті қажет ететін мамадық. Құрметті Гүлсім Аманқызы сізге зор денсаулық шығармашылық табыс тілеймін. Шәкірттерің талантты, талапты, өнерлі болсын. 💐 💐 💐
Гүлжиян
4 октября 2021 22:25
Мақалада отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы жүйелі ашылған. Ата-ананың бала тәрбиесі үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі орынды көрсетіліп, педагогикалық әсер етудің тиімді әдістері ұсынылады. Гүлсім Аманқызы тәрбие өзегі ұлттық дүниетаным, ұлттық рух қалыптастыру екенін тілге тиек етеді.
Жансұлу Меңдібайқызы
Жансұлу Меңдібайқызы
4 октября 2021 22:27
Гүлсім Аманқызы Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Бала тәрбиесі баршамызға ортақ мәселе, Тәрбиеші бала жанының -бағбаны дейді, бала біздің болашағымыз, осы болашақ жас ұрпаққа қандай тәрбие берсек, бүлдіршін сол тәрбиені бойына сіңіріп, алдағы уақытта соны қайталайтын болады. Сіз талапты дұрыс қоя білетін, ерінбей еңбек етіп келе жатқан, керемет ұстазсыз. Осындай мақалаларыңыз көбейіп, биіктен көрініңіз🙏🙏🙏
Мөлдір
4 октября 2021 22:44
Керемет Гульсим Амановна биіктерден көріне беріңіз шығармашылық табыс тілеймін !
Жангулим Баймукашева
Жангулим Баймукашева
4 октября 2021 22:58
Гүлсім Аманқызы бала тәрбиесіне қатысты керемет ой жазыпсыз.Балапандарыңызды жан жақты тәрбиелеп жұмыста жетістікке жете беріңізВенера,
Жангулим Баймукашева
Жангулим Баймукашева
4 октября 2021 22:59
[quote=Жангулим Баймукашева]Гүлсім Аманқызы бала тәрбиесіне қатысты керемет ой жазыпсыз.Балапандарыңызды жан жақты тәрбиелеп жұмыста жетістікке жете беріңіз
Сапарова Орынай Каршыгиевна
5 октября 2021 07:56
Сәттілік,тек алға ауданымыздың мықты әдіскер тәрбиешісіз
Салтанат Әділханқызы
5 октября 2021 08:58
Гулсим Амановна мақалаңыз керемет. Сізге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілеймін. Тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріңіз үміттеріңізді ақтасын.
Арайлым
5 октября 2021 10:41
Керемет мақала, бала тәрбиесінде толағай табыстар тілеймін.
Абдрахманова Гульназ
5 октября 2021 11:32
Керемет👍👍👍
Айгул Жумина
Айгул Жумина
5 октября 2021 11:36
Сəлеметсізбе өте керемет жазылған. Бала-болашағымыз. Тəрбиешілерге алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
Маншук
Маншук
5 октября 2021 11:54
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, бала тәрбиелене отырып білім алады. Бала — әр жанұяның бақыты екенін естен шығармайық.
Нұрсәуле
Нұрсәуле
5 октября 2021 12:29
Бал тәрбиесі жөніндегі мақалаңды түгел оқып шықтым.Бала тәрбиесі балабақшадан бастау алатыны белгілі, осы салада тәжірибелі мамансың. Әлі де биіктерден көріне бер.Өз немерелерің де саналы, тәпбиелі, білімді азаматтар болып өсе берсін.
Гульнар Маликовна Сакказова
5 октября 2021 12:53
Балабақшамызда осындай мейірімді, жаны жайсаң, кішіпейіл, мәдениетті тәрбиешісінің болғанына қуанамын. Гульсим апайымызға мықты денсаулық, еңбегіне мол табыс тілеймін.
ТурмухашеваГулбаршын
5 октября 2021 12:57
Гулсим Амановна бала тәрбиесі туралы өте керемет жазылған.Сіздің көп жылдан бері бала тәрбиесіндегі еңбегіңіз ашылып жазылған.Сізге толағай табыс,еңбегіңіздің жемісін көріңіз,бала тәрбиесіндегі еңбегіңіз биіктерден көріне берсін.
Жаңылсын Серікқызы
Жаңылсын Серікқызы
5 октября 2021 13:12
Сәттілік тілеймін керемет
Каресова Нургул Сержановна
5 октября 2021 15:24
Жалпы бала тәрбиелеу оңай емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Баланы дамыту, ой-өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата-ана да баланың жан дүниесін түсініп, жеке тұлға ретінде қарау керек.
Гүлсім Аманқызы жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып, балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінің заманауи қалыптасуына ықпал етіп, ұжымның және әріптестерінің ерекше құрметіне бөленген жан. Қашанда ізгіліктің ұйытқысы болып, шығармашылық шыңның биігінен көріне беріңіз. Бала тәрбиесіндегі еңбегіңізге жеміс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін.
Сәттілік.керемет жазылған
5 октября 2021 16:15
Цитата: Каресова Нургул Сержановна
Жалпы бала тәрбиелеу оңай емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Баланы дамыту, ой-өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата-ана да баланың жан дүниесін түсініп, жеке тұлға ретінде қарау керек.
Гүлсім Аманқызы жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып, балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінің заманауи қалыптасуына ықпал етіп, ұжымның және әріптестерінің ерекше құрметіне бөленген жан. Қашанда ізгіліктің ұйытқысы болып, шығармашылық шыңның биігінен көріне беріңіз. Бала тәрбиесіндегі еңбегіңізге жеміс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін.
Самал Жаксылыковна
Самал Жаксылыковна
5 октября 2021 17:50
Керемет макала.Алдагы уакытта шыгармашылык табыс, мерейимизди устем етерликтей шакирттер тариелене берсин
Таменова Гульсим
Таменова Гульсим
5 октября 2021 18:37
Самал Жаксылыковна,,
Сәлеметсіз бе рахмет сізге
Султанова Самал
Султанова Самал
6 октября 2021 12:09
Бала тәрбиесі жөнінде өте жақсы жазылған мақала екен! Сізді тек биіктерден көре берейік!
Алтынганым
6 октября 2021 17:34
Отба ында ата-ананың ыкылысы мен мейiрiмiнен нэр алған бала балабақшада тэрбиешiлердiн шугылала шуагына боленедi. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мумкiндiктердi ашып, олардың өнегелi де тэрбиелi болып тэрбиеленуiне улесiнiз зор. Сiзге алдагы уақытта да шығармашылық табыс тiлей мiн!
Бакытгул
Бакытгул
7 октября 2021 22:55
Бала тәрбиесі жөніндегі мақалаңыз керемет жазылған.
Жазира Каримовна
Жазира Каримовна
7 октября 2021 23:31
Бала тәрбиесі-тал бесіктен. Осы тақырыпты ашық, ауқымды етіп түсіндірген екенсіз. Гүлсім Аманқызы еңбегіңіз елене берсін. Тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріңіз биіктерден көріне берсін. Тек алға!!!
Айсулу
Айсулу
7 октября 2021 23:39
Жарайсыз Гүлсім Аманқызы!Өте дурыс айтылган дүние!Бала тарбиесі ата анадан бөлек балабақшадан,тарбиешілердің тәрбиесінен басталады.Еңбегіңіз еленіп,жұмысыңыздың жемісін көре беріңіз!Балапандарыңыз ел сүйсінер азамат болып,өсе берсін,өне берсін!