Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Желдің пайдасы мен зияны

Пән: Жаратылыстану

МектепСарыкемер мектеп-гимназиясы

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: Меркебаева Нүрила

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 

 

Сабақ тақырыбы

Желдің пайдасы мен зияны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру
 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Желдің қалай пайда болатынын біледі. Желдің қандай пайдасы мен зияны бар екенін түсінеді.

Бағалау критерийлері

Табиғат құбылыстарының маңыздылығын сипаттап, желдің пайдасымен зияныны мысал келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар 

-құбылыстың маңыздылығын сипаттайды;

-желдің пайдасы мен зиянын атайды, сипаттайды;

-желдің жылдамдығын, бағытын анықтау маңызды екенін әңгімелейді;

- Пәндік лексика және терминология

Желдің бағыты,     желдің жылдамдығы, желбағар, анемометр, метеорология, Бофорт шкаласы 

Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы

Талқылау сұрақтары:

-           Жел дегеніміз не?

-              Жел қалай пайда болады?

-           Желдің қандай пайдасы мен зияны бар?

-               Қатты жел болатыны туралы хабарламалар келсе, қалай дайындаласыңдар?

-             Жыртқыш жануарлар неге желге қарсы жүреді?

Құндылықтарды дарыту 

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары 

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім 

 

Жылы ауаның қалай қоғалатынын, желдің қалай пайда болатынын біледі. 

Сабақ барысы 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

 

Сабақтың басы 

 

Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ 

Жерде емес, аспанда емес, арасында

Қол жетпес ұсынғанмен саласына 

Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік 

Ойланып бұл жұмбақты табасың ба? (Жел)

 

Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі,

Адамзат ол нәрсені көрмес көзі

Жансызды қимылдатып жанды қылар,

Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі. (Жел)

Жел-ветер-wind

 Жел туралы тұрақты сөз тіркестерде бар.

Жел боп тию. (қарсы келу)

Айдарынан жел есу. (дәурен сүру)

 

Сабақтың ортасы  

 

Сабақтың тақырыбын және  мақсатын айтады.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда, топта, жеке)

1.Жел дегеніміз не?

2.Жел қалай пайда болады?

3. Желдің қандай пайдасы мен зияны бар?

1.Тәжірибе жасау. Оқушылар өздерін желпуішпен желпиді.

- Не байқадыңыздар?

- Жел қалай пайда болды?

- Сонымен жел дегеніміз не?

2. Тәжірибе жасау. Оқушылар шарды үрлейді. 

- Не байқадыңыздар?

-Не естідіңіздер?

-Желпуіш арқылы жасалған желмен қандай айырмашылық бар? (даусы, жағымды, жағымсыз т.б)

-Желдің даусын табиғатта қай кезде естиміз?

Күздегі жел-қара жел, жазғытұрымда – өкпе жел, қыста-боран.

Оқушылар желдің пайдасы және желдің зияны болып екі топқа бөлінеді?

3.Ойынның ережесі: Топ мүшелері бір-бірінің айтқанын қайталамауы үшін ақылдасып алады.Топтар кезек-кезек желдің     пайдасы мен зиянын үзіліс жасамай айтуы қажет . Егер айта алмай қалса, келесі топтың мүшесі болып саналады.

ҚБ «Ду қол шапалақ» әдісімен бағаланады.

4.Жел туралы видео көрсетіліп, толық мағлұмат беріледі.

5.Оқушыларға жоғарыдағы сұрақты пысықтау мақсатында топтық жұмыс беріледі. 

1.Бриз қандай жел? Бриз желінің күндізгі және түнгі бағытын айтыңыз.

2. Желдің пайдалы әсерін көк қарындашпен, зиянды әсерін қызыл түспен боя. Бос ұяшықтарға желдің пайдасы мен зиянды әрекеттерін жаз.

3.Салқындатқыш неліктен есіктің жоғарғы жағына, ал батарея терезенің астына орналастырылған? 

4. Қазақстан бойынша тұрақты 23 жел анықталған. Солардың бірі Сайқан желі туралы мәлімет бер.

ҚБ бағалау «Жел үні» 

 ҚБ. Тапсырмасы. Суреттегі құбылыс желдің пайдасын сипаттай ма, әлде зиянын сипаттай ма? Желдің қандай пайдасы мен зияны бар?

 

       Желдің пайдасы

Желдің зияны

 

 

Дескриптор: 

Білім  алушы

-суреттегі құбылыстың маңыздылығын сипаттайды; 

-желдің пайдасына мысал келтіреді;

 - желдің зиянына мысал келтіреді.

ҚБ  «Басбармақ» әдісі

«СМС» әдісі арқылы хабарламаны өз қалауы бойынша бір оқушы оқиды. 

«Қатты жел болатыны туралы хабарламалар келсе, қалай дайындаласыңдар?» -деген сұрақ бойынша миға шабуыл ұйымдастырылады.

3. Тәжірибе жасау. Оқушылар желбағармен желдің бағытын анықтайды.

-Не байқадыңыздар?

-Жел қай бағыттан соғып тұр?

-Ол желді қалай атаймыз?

 «Жыртқыш жануарлар неге желге қарсы жүреді?» деген сұрақ төңірегінде « Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы жауап алынады.

«Маугли» мультфильмінен үзінді көрсетіледі.

 

Сабақтың соңы

Қорытындыла айдары бойынша желдің әсерін «Аукцион» әдісі арқылы қорытындыланады.

 

№ 

      Пікірлер 

Дұрыс 

Дұрыс емес 

Жел қоршаған ортаны ластанудан сақтайды. 



2 

Желдің күші теңіз, мұхит бетінде толқын тудыра алмайды. 



3 

Желдің күшімен қозғалатын диірмендер арқылы егін суарылады. 



4 

Жел құрлықтағы құнарлы топырақты ұшырып, тоздырмайды. 



5 

Жел арқылы табиғатта өсімдік тұқымдары таралады. 



6 

Электр желілерінің үзілуінен адам өміріне еш қауіпті төнбейді. 



 

«Желкенді қайық» кері байланыс парағы

- Сабақты түсіндім деген оқушылар стикерге атын жазып , қайықтың желкені етіп  жапсырады.

-  Ал балалар біз қайығымыздың желкенін көтеріп, саяхатқа  дайынбыз. 

- Саяхатқа шығуға қорықпаймыз ба?

-Неліктен?

 

 

 

687 0
Нүрила Меркебаева Сарыкемер мектеп-гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Ұлы дала ұстазы № 000560
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: