Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI489

Танымға бастар жол

Тарау

Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні

Беккулиева Маржан Атабековна

Күні 

 

Сынып 

5

Сабақтың тақырыбы     №5

Танымға бастар жол

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді және өз өмірінде оларды басшылыққа алуға ұмтылады.

Құндылық 

Дұрыс әрекет

Қасиеттер 

Адалдық, жігерлілік, шыншылдық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға өзін, өзгелерді, әлемді танып-білудің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік 

Дамытушылық 

Тәрбиелік 

 

- «танып-білу» ұғымы туралы түсінік беру.

- мақсатқа жетудің жолдарын үйрету.

- адалдыққа, жігерлілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар 

Ұйымдастыру кезеңі (1мин)

 

 

 

 

 

 

1.Жағымды көңіл-күй (2-3 мин)

 

Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендейді. 

 

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай А.Енсеповтың «Балалық шақ» композициясының сүйемелдеуімен жағымды көңіл-күйге ену жаттығуын өткізеді.

 

Оқушылар өздерінің сабаққа дайындығын көрсетеді.

 

Оқушылар тыныс алып, жағымды көңіл күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

  1. «Өзін-өзі тану» сабағына қажетті оқу құралдары
  2. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал
  3. АКТ

 

https://youtu.be/uDgb1RtshoI

 

Жағымды көңіл күй мәтіні

 

Айналадан жақсыны көріп, танып біле білген адам әрқашан ізденіс үстінде болады және   өзін де, өзгені де шабытқа бөлейді. Ал шабыттанған адам ізгі әрекеттер жасайды. Әрбір жанның кішкене ғана болса да қандай да жақсы ісі әлемнің жақсара түсуіне септігі тиеді және өзінің де үлкен армандарын қолжетімді етеді.

Әрқайсымыз білімді болып, білімді жақсылыққа жұмсауды үйренейік!

2.Үй тапсырмасын тексеру (алдын-ала берілген, 3-5мин)

Үйге оқып келуге берілген аңыз бойынша оқушылардың аңыздың түпкі мәнін түсінулерін байқайды, сұрақтар қояды.

Сұрақтар:

1. Ахметтің жақсы білім алуына кімдер ықпал етті?

2. Мұғалім балаларға үйге қандай тапсырма берді?

3. Неліктен Ахмет басқа балалар тәрізді сабаққа қоразды  ешкімге көрсетпей сойып әкелмеді?

4. Ахметтің іс-әрекетінен нені ұғуға болады?

5. «Ар-ұжданым бәрін көріп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Ар-ұжданына сүйенген адам қандай әрекет жасайды?

7. Ахметті қандай бала деп сипаттайсыңдар?

Сұрақтарға жауап береді, өздерінің ар-ұждан, адалдық туралы ой-пікірлерін ортаға салады.

20-21 беттегі «Қожа Ахмет Йассауи» аңызы

 

3.Жағымды ой, дәйексөз (1-2мин)

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

 Халық нақылы

Талдау сұрақтары:

  1. «Жақсы» деген немене?
  2. «Жаман» деген немене?
  3. «Үйрену» мен «жиренудің» мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді қайталатып айтқызады, дәптерге жаздырады. 

Дәйексөз бойынша түсініктерін кеңейтеді. 

 

Дәйексөзді қайталайды, дәптерлеріне жазады.

Өз түсініктерін ашып айтады. «Жирен» сөзінің мағынасын түсінуге тырысады. 

Презентациялық слайд, жұмыс дәптері

4.Оқиға айту, әңгімелеу (5-6мин)

а) Оқушыларға «Қарияның даналығы» аңызы бойынша бейнефильмді көруге ұсынады.

ә) Сұрақ-жауап тәсілімен аңыз мазмұнына, құндылық пен қасиеттердің ашылуына бағыт берерлік талдау жұмысын жүргізеді. 

 

Сұрақтар:

1. Қария ұлдарына қандай тапсырма берді?

2. Қария ұлдарын тапсырманы орындатуға бәрін бірге жібере ме әлде біртіндеп жібере ме? Не себептен біртіндеп жіберді?

3.Ұлдарының айтқандары шындық болса да, бірақ көргендері дарақтың  нақты бағасын беруге неліктен жеткіліксіз деп санайды қария?

4. Жыл мезгілдеріне орай ағаштың қалпын көру арқылы ұлдарына қария не үйреткісі келді?

5. Ұлдарының бойынан қандай қасиеттерді байқап, көре білдіңдер? Ал қарияның ше?

6. Қоршаған ортаны, адамды, әлемді  тану жолында қандай құндылықтарға сүйенсе алған білім  берекелі болмақ?

 

а) «Қарияның даналығы» аңызы бойынша бейнефильмді көреді.

ә) мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді, дұрыс әрекет құндылығы мен адалдық, жігерлілік, шыншылдық қасиеттерін ашатын, терең  ой-пікірлерін ортаға салады.

https://youtu.be/riYf8cCjStc 

 

5.Шығармашылық жұмыс (4-5 мин)

Оқушыларды екі топқа бөледі. 

Шығармашылық тапсырмалардың шартын түсіндіреді.

1 топ: жақсы істердің кластерін құрастырады.

2 топ: «Жақсылық жасай білемін» тақырыбында сахналық көрініс дайындайды.

Нақты уақыт белгілейді, оқушыларға хабарлайды. Оқушылардың бір-бірінің жауаптарын, ойларын тыңдауға мүмкіндік туғызады.

Берілген тапсырмаларды орындайды. 

Тапсырманы сынып алдында жария етеді.

Плакат

Фламастер

Қажетті құрал-жабдықтар

6.Жобалау қызметі (10-11мин)

Оқушыларды үш топқа бөледі. «Қайырымдылық – қайырлы іс» акциясының жоспарын құруға бағыт береді.

Топпен жұмыс жасайды. «Қайрымыдылық – қайырлы іс!» акциясының жоспарын құрып, постер қорғайды. 

Презентациялық слайд

7.Үйге тапсырма (1-2 мин)

 «Қайырымдылық» аңызын оқып келуге тапсырма береді.

 «Қайырымдылық» аңызын оқып келу тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Оқулықтың 22-23 беті, 

Күнделік

8.Топпен ән.

(2-3 мин)

Ф. Оңғарсынованың сөзіне, А. Асановтің әніне жазылған «Достар» әнін барлығына бірге  айтуға ұсынады.

 

 

Ф. Оңғарсынованың сөзіне, А. Асановтің әніне жазылған «Достар» әнін барлығы бірге  айтады.

 

https://youtu.be/Xaqy9kEbOK0

9.Сабақтың қорытынды сәті. (1-2 мин)

Жағымды музыканың сүйемелдеуімен сабақтың мақсаты мен мазмұнына байланысты тілек сөздерін айтады.

 

Тілек сөзі.

Бүгінгі сабақтан сендер  адам баласы үнемі игілікке, ізгілікке, жақсылыққа ұмтылған сайын оның дүниетанымы да кеңейе түсетінін байқадыңдар, сезіндіңдер деп ойлаймын. Ендеше, білім алу, дүниетанымдарыңды кеңейту жолында әркез дұрыс әрекет жасап, адалдық, жігерлілік, шыншылдық қасиеттері үнемі сендердің бойларыңыздан табылсын.

Мұғалімнің қорытынды тілек сөзін тыңдап, өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қысқаша айтып өтіп, кері байланыс жасайды.

https://youtu.be/uDgb1RtshoI

 

117 0
Маржан Беккулиева Сарыкемер мектеп-гимназиясының Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Ұлы дала ұстазы № 000555
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: