Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Кестеде берілген функция графигінің қасиеттерін өзгерту

Бөлім 

 Ақпаратты электронды кестеде өңдеу

Педагогтің  аты-жөні:

Нарымбекова Алия Рыскуловна

 

 

Күні:

 

Сынып:

8

Сабақ тақырыбы:

Кестеде берілген функция графигінің қасиеттерін өзгерту

Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.1 – электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әр түрлі типі мен форматын қолдану

Сабақ мақсаттары

  • кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу тәсілдерін біледі;
  • кестеде берілген функцияның графигін тұрғызуда, практикалық тапсырмалар қолданады;
  • қолданбалы есептерді электрондық кесте көмегімен шешуде, мәселені өз бетінше шешу жолдарын түсінгенін бағалайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау 

Ресурстар 

Сабақтың басы 

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.

Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық орындық» әдісі Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен тарау бойынша сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап беруі керек, себебі орындық ыстық.

  1. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер қолданудың тағы қандай жолдарын білесің?
  2. Абсолютті сілтеме дегеніміз не?
  3. Салыстырмалы сілтемелер дегеніміз не?

Оқушылар сәлемдеседі

 

Оқушылар сұраққа жауап береді

 

Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау

 

Сабақтың ортасы 

Жаңа сабақпен және сабақ мақсаттарымен таныстыру. 

Жаңа тақырыппен танысу: Бейнежазба көру

https://www.youtube.com/watch?v=s_dNwvNIiHw

 


Өтілетін тақырыпқа сай сурет көрсетіледі, көре отыра оқушылар сыни тұрғыдан сұрақтар қояды. Нәтижесінде қолданбалы есептерді шешуде электрондық кестені қолдануға, ол арқылы оңай әрі тез орындауға болатынын айтады.

Олай болса, оқушылармен бірлесе бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты, мақсатқа жету үшін бағалау критерийін тұжырымдайды.

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар өздерінің жауаптарын ортаға салады. Нәтижесінде бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері ашады

 

«Ынталандыру» - мұғалім бағалауы ауызша

  • Бәрекелді!
  • Жарайсың!
  • Ұтымды жауап айта алдың!

Топбасшылары бағалау парағына белгілеп алады.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісімен жаңа тақырыпты топта талқылайды, пікірлеседі. Топтар топ ережесін сақтап, кезек - кезекпен ортаға шығып түсіндіреді.

І топ. Функция графигін тұрғызу тәсілдері (постерде)

ІІ топ. Excel-ге график тұрғызу үшін нені анықтау керек (қажетті сөздерді тізбектеп жазу)

Дескриптор:

  • Функция графигін тұрғызуда кестеге мәлімет енгізуді, формула қолдануды біледі.
  • Excel –де функция графигі нүктелік және графиктік диаграмма арқылы тұрғызылатының біледі.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беруде топ мүшелері бір-біріне көмектесіп, толықтырады

ҚБ: «Басбармақ » - оқушылар тақырыпты түсінулеріне қарай, топтар бір-бірін «басбармақ» көрсету әдісі арқылы бағалайды.

Компьютерде практикалық тапсырма орындау.

Саралаудың қарқын тәсілі бойынша оқушылар тапсырманы жылдам орындайды. Келесі тапсырманы күрделендіріп, өздігінен іздендіріп орындауға жұмыстандыру, мұғалім тарапынан сұрақтар беріледі. Түсіндей, жай орындайтын оқушыларға, өз тобындағы оқушылар көмек беріді.

1-тапсырма.

у1=2х + 2 функциясының х айнымалысы [-4;4] аралығында 1 қадаммен өзгергендегі мәнін есептеп, функцияның графигін тұрғызу. Осы функциялардың қиылысу нүктесін анықтандар.

Тапсырманы орындау алгоритмі:

  1. Кестені жасауда х мәнін [-4; 4] аралығында 1 қадаммен алайық. А1 ұяшығына -4, А2 ұяшығына -3 енгізіп, ерекшелеп оң жақ төменгі бұрышындағы автотолтыру + батырмасын А13 ұяшығына дейін апарамыз.
  2. Берілген х мәнін у1=2х + 2 функциясына салып, у1 мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+2 формуласын В3 ұяшығына енгізіп, В13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.
  3. у1=2х + 2 функциясының графигін салу үшін А1:А13 және В1:В13 ұяшықтарды көшіріп Кірістіру(Вставка) – Нүктелік(Точечная)-Тегіс нүктелі иір сызық(Точечная с гладкими кривыми и маркерами) командаларын орындап, кө түсті сызықтық түзуді аламыз.

Дескриптор:

  • алгоритмі арқылы функцияның нүктелік графигін тұрғызады.
  • Графиктердің қиылысу нүктесін анықтайды .

2-тапсырма.

2-тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 


 

B, D, F бағандарына тиісіті сандарды 

енгізеді

нәтижесінде смайлик графигі шығады

Дескриптор:

  • Функция графигін тұрғызады

«Бағалау парағы» - өзін-өзі бағалау

Сабақты қорытындлау

  1. Функцияның графигі дегеніміз не?
  2. Excel-ге функцияның графигін тұрғызуға арналған диаграмма түрлерін ата?
  3. Excel-ге график тұрғызу үшін нені анықтау керек?

 3-тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

B бағаны әріптер D сандар енгізіледі 

нәтижесінде жүрек графигі шығады

Дескриптор:

  • Функция графигін тұрғызады

Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.

  1. Функцияның графигі дегеніміз не?
  2. Excel-ге функцияның графигін тұрғызуға арналған диаграмма түрлерін ата?
  3. Excel-ге график тұрғызу үшін нені анықтау керек?

Тест сұрағы арқылы бігінгі сабақты қортындылаймыз.

  1. Кірістірілген функциялар қай менюде(жапсырмада) орналасқан?

A) вставка; B)формулы;

C)главная; D) вид

  1. Excel программасындағы математикалық функцияны көрсет?

A) если; B)доход;

C)корень; D) дата

  1. Excel програмасында диаграмманың қандай түрлерін құруға болады?

A) жәй; B) қарапайым; C) стандартты және стандартты емес; D) күрделі

  1. Excel программасында формулалар қай таңбадан бастап жазылуы керек?

A) + ; B) = ; C) - ; D) :=

  1. Электрондық кестеде адрестерді көрсетудің қандай түрлері бар?

A) абсолюттік; B)салыстырмалы; C)аралас; D) барлығы да

Дескриптер

Диаграмма түрлері, формула түрлеріне нақты жауап беріп, бүгінгі сабақты қорытындылайды. .

«Бағалау» парағына жазады.

 

 

 

 

Бейнежазба көру

 

 

Топқа бөлінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар

ды орындайды

 

 

Ауызша мадақтау, ынталандыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайлик

тер 

Оқулық 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы 

Зымыран сұрақтар

Оқушылар қағазға үш сұрақтан жазып, ұшақ жасап, келесі топқа ұшырады.

Кері байланыс: «Тазалық» әдісі Оқушылар сабақтағы қажет мәліметтерді қоржынға, ойлану керек мәліметтерді

еттартқышқа, қажет емес мәліметтерді қоқысқа салады

Үйге тапсырма Тақырыпты оқу 94-99 бет.

Оқулықтан №7 тапсырма.

«Астана қаласы халық санының өзгеруі диаграммасын тұрғызыңдар.

 

Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

Тақырыптан түсінгенін айтады

Бір-бірін бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

1 632 10
Алия Нарымбекова Сарыкемер мектеп-гимназиясының Математика пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Ұлы дала ұстазы № 000555
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Айдана
27 декабря 2021 08:50
өте жақсы жазылған ҚМЖ
Әділет
20 января 2022 20:43
123 jnt rthtvtn
Assel
18 декабря 2022 22:34
сәлеметсіз бе?осы қмжны поштама жібере аласызба?
өте жақсы
21 декабря 2022 09:36
қмж қалай алуға болады
кушти
21 декабря 2022 20:49
ок жақсы савсвсвсч ссссссссссссссссссссс сыыыыыыыыыыыыыыы
қмж алу керек
28 декабря 2022 08:10
қмж алу керек
Гульнур
9 января 2023 10:47
кмж керек бере аласызба
Сағыныш
9 января 2023 21:49
Сабақтың разработкасы жақсы екен
Сағыныш
9 января 2023 21:59
Қмж жақсы жасалған
arai zhantakbaeva
25 января 2023 22:41
жақсы жазылған жақсы