Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім ө/бөлімшесі: Координация және реттелу Күні: Сынып: 8 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Авезова Гүлнар |
| |||||
Қатысқаны: | Қатыспағаны |
| |||||
Сабақтың тақырыбы: Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы |
| ||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.7.1 Көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау.
|
| |||||
Сабақтың мақсаты | - Көздің құрылысын түсіндіру; - Көздің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтап сипаттау; - Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу. |
| |||||
Бағалау критерийі | - Көру мүшесі арқылы қабылдау ерекшеліктерін сипаттайды; - Көру мүшесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты айқындайды; - Көру жітілігі мен көру аймағының шегін анықтап, көрудің маңызы мен гигиенасын түсіндіреді |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар қолданады: Көздің құрылысы мен оның құрылымдарының атқаратын қызметі арасындағы байланысты тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша, жазбаша түрде сипаттай алады. Көру жітілігін анықтап, оның маңызын түсіндіреді. Талқылауға арналған тармақтар: Қасаң қабық..., себебі.... Егер көз бұршағы қисықтығын өзгерте алмаса, онда.... Торлы қабықта ..., өйткені онда Көру рецепторларының ...түрлері бар. Құтышаның қызметі.... Көру рецепторлары...орналасқан. |
| |||||
Құндылықтарға баулу | «Зайырлы қоғам және руханият» құндылығы аясында көру жітілігі мен көру аймағының шегін анықтау арқылы көздің маңызы мен гигиенасын сақтаудың қажеттілігін түсінеді. Жеке жұмыста өзіне деген сенімділік, өзін-өзі реттеу икемділіктері дамиды. Жеке жұмыстарда оқуға жауапкершілікпен қарауға, талдау жасауда сыни ойлауға дағдыланады. |
| |||||
Пәнаралық байланыс | Көздің оптикалық жүйесі, мөлдір қабығы мен көз алмасында сәуленің сынуы, торлы қабықта бейненің пайда болу ерекшеліктері негізінде физика пәнімен байланысады. |
| |||||
Алдыңғы білім | 7-сынып, «Координация және реттеу» бөлімінен жануарлардың жүйке жүйесінің түрлерін, сипап сезудің болатынын және терінің маңызын біледі. |
| |||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңі | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа назарларын аудару Ынтымақтастық атмосферасасын құру, көңіл-күйлерін қалыптастыру. ІІ Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал » әдісімен өткен тақырыптан сұрақтар беру:
Дескриптор: Адам мен приматтар отрядының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата алады. ІІІ. «Ой шақыру» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашамын.
Жаңа сабақты түсіндіру. Бейнекөрініс көрсету Миға шабуыл: Ерте тұрған кісінің бір ісі артық" Деген екен бабалар тауып айтып Іштерінде ең сергек мен емес пе? Сақтандырам сансыз түрлі қауіптен де Бұл қай сезім мүшесі деп ойлайсыңдар?«Адамның барлық сезім мүшелерінің ішінде көз - әрқашан жасампаз табиғаттың керемет туындысы әрі ғажап сыйы. Максим Горький: «Көру қабілетінен айырылудан өткен қорқынышты нәрсе жоқ. Бұл адам айтқысыз қасірет, ол адамды сыртқы әлемнің оннан тоғыз бөлігінен мақұрым қалдырады» деп жазған екен.
|
Слайд | |||||
Сабақтың ортасы
| Тапсырма №1. « Сәйкестендіріңіз»
а) көз бұлшықеттері 1 ) көзге түс береді ә ) қабақтар мен кірпікшелер 2 ) көзді қимылдату б ) жас бездері 3 ) линза қызметін атқарады в ) тамырлы қабық 4 ) терден,ылғалдан қорғайды г ) көзбұршақ 5) қоректік зат және оттекпен д )нұрлы қабық қамтамасыз етеді. 6 ) көзді ылғалдайды Дескриптор:Көздің құрылысы мен қызметін сәйкестендіреді Тапсырма №2 .«Офтальмолог дәрігер»
Дескриптор: көз ауруларын анықтай алады. Дальтонизм-түсті ажырата алмау тұқым қуалайтын ауру. Коньюктивит- кең таралған жұқпалы ауруы. Тапсырма №3.«Құпия» әдісі арқылы көру қызметін анықтап,жазады
|
Bilim book Электронды оқулық TWIG
көздің моделі
8 сынып «Атамұра» баспасы, 2018 ж
| |||||
| «Көз жаттығулары» 1. Орнымыздан тұрамыз. |
| |||||
Сабақтың соңы
| «Еркін микрофон» әдісі 1.Көз алмасы неше қабықшадан тұрады? 2.Көздің қосалқы мүшелеріне жататын құрылым? 3.Көздің мөлдір жарықты еркін өткізетін бөлігі? 4.Ақ қабықтың алдыңғы бөлігі 5.Адам сыртқы ортадағы ақпаратты қабылдайды
Кері байланыс
Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды. Мен сабақты жақсы түсіндім. Тақырып бойынша әлі де түсінуім керек.
|
| |||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау
| |||||
|
|
| |||||
Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен? |
|
| |||||
|
|