Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI483

Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуде жаңа технологияны енгізу

Қазақ тілі пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын балаларға  қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін  мәдениет аралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді. 

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан –жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектулдық кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін –өзі дамытып, оқу –тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Тіл үйрету жұмысы – күрделі процесс. Сондықтан оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың барлығы бір –біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет.                                                                 

    Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана –сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Балалардың ақыл-ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден-бір жолы өзара тілдік қарым-қатынас.                                                                                                                               Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүймелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді, әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Мектепке дейінгі даярлық тобындағы балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесуден қуану сияқты факторлар өз себебін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың сөздік қорын байыту, күнделікті өмірде қолдана біліуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап,сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттіқ тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор.

           Қазіргі таңда балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп,оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп сапалы нәтижелері байқалып отыр. Осындайда сөйлеу тілін дамытуда ойындар қолданудың маңызы зор. Ойын дегеніміз жас ерекшелікке қарамайтын,адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің көп білуді,сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан,ойынды сөйлеу тілін дамытуда пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

            Ойын-қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту,рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.

Оқу қызметінде тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптарға негіздей отырып тілдік процесстің төмендегідей басты мәселелерін үйретуге болады. Ол мәселелер мыналар:

Белгілі бір тақырыппен таныстыру арқылы  баланың сөздік қорын дамыту.

Тақырыпта кездесетін жаңа сөздерді үйрету.

Ауызша сөйлем құрауға үйрету.

Сөз бен сөзді байланыстыруға,ауызша ойларын жүйелі әңгімелеуге жаттықтыру.

Осы айтылған күнделікті оқу қызметінде белгілі бір тақырыпқа байланысты бір тұтас жүргізіліп отырғанда ғана тіл дамыту жұмысы жүйелі де жоспарлы түрде өтіледі. Әрине, балалбақша балаларына ойын арқылы жүзеге асады. Ойынның оқу қызметі  барысында басты мақсаты-білім беруді ойынмен ұштастырады. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы бала неге үйренеді:

Қисынды ой-қабілетін дамытады,

Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді,

Сөздік қоры баийды,тілі дамиды,

Зейіні қалыптасады,

Байқампаздығы артады.

Өзара сыйластыққа үйретеді,

Ойынның ережесін бұзбау, яғни,тәртіптілікке баулиды.

Бір-біріне деген бала сенімі артады достыққа,ынтымақтастыққа баулиды.

Оқу қызметіне қызығушылығын артады.

      Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану ең алдымен балалардың қазақ тілі пәніне деген ынтасын,қызығушылығын арттырады. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге не береді? – деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімділігін келесі жағдайлар сипаттайды: 

Баланың білімін қысқа уақытта бағалай алады.

Білім сапасын арттыра алады.

Баланың білімін кез келген уақытта бағалай алады.

Уақытты үнемдейді.

Ал,ақпараттық технологияны қолдану баланың келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. - оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі.

Шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады.

Танып, білуге деген қызығушылығын арттырады.

Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады.

         Бөбекжайда  балаларды ұлттық ойындармен таныстырып, қызығушылықтарын арттыру үшін әр оқу қызметі тақыраптарында ұлттық ойындардың элементтерін ойын түрінде көрсетіп,қызықтырып отыруымыз керек. Себебі өзге ұлт өкілдері қазақтың ұлттық ойындары туралы мектепке барғанда ғана мағұлмат алады. Егер де бөбекжайда  қазақтың ұлттық ойындарының аты,ойналу шарттары жайлы құлақпен естіп,көзбен көріп,ойнап жаттықса, мектепке барғанда балалар ұлттық ойындар туралы мәліметтерді жедел қабылдап,жеңіл меңгеретін болады. 

        Мысалы: «Бәйге»Біз оны заманға сай ақпараттық технология арқылы тақырапқа сай өзгерттік. Үш қатардан үш бала /үш қатарды үш топ ретінде қатыстыруға болады/ ортаға шығып, мұғалімнің жасырған жұмбақтарын шешулері тиіс. Белсенді, дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.

      «Теңге алу» Біз оны математика негіздері оқу қызметімен байланыстыра отырып, әр теңгенің астына суретті есеп бердік. Берілген есептің жауабын тауып,қазақ тілінде айтуы керек. /мысалы, екі аю қосу бір аю тең болады үш аю/.

 

 

          «Соқыр теке» Біз оны есте сақтау қабілетті дамытуға сай етіп құрастырдық. Интерактивті тақтада берілген суреттердің орналасу ретін есте сақтап, мұғалім жасырған суретті табуы керек. Мұғалімнің белгісімен балалар көздерін жұмып, белгімен ашуы тиіс. /Мысалы, кез келген ойыншықтың суретін сандықтың артына жасырады, балалар қай ойыншықтың суреті жасырылғанын және де сол ойыншықтың түсі қандай,құлағы ұзын ба,құйрығы бар ма деген сұрақтарға жауап бере отырып,суреттеп береді/.

       «Ханталапай» Біз оны көз тартымды суреттер арқылы безендіріп, балаларды әдемілікке тәрбиелегіміз келеді. Интерактивті тақтада суреттер беріледі. Мұғалім балаларға суреттерді бір уақытта ашап көрсететінін ескертіп айтады. Балалар бейнеленгент суреттерді естеріне сақтап, аталған сурет қай асықтың артында жасырынғаннын табу керек. /Мысалы: мұғалім балалардан пілдің суреті қай асықтың артында жасырынғанын сұрайды, балалар өз жауаптарында асықтың орналасқан тұсын толық әрі нақты айтып беру керек./

      «Қыз қуу» ойыны. Біз оны қозғалыс ойындарымен байланыстырып,қалам арқылы жылжытып көз алдарында кімнің жеңгенін байқайтындай етіп ойластырдық. Ортаға бір қыз бала және ұл бала шығып өзара тақырып бойынша алған білімдерін ойын арқылы көрсетеді. Интерактивтік тақтада бейнеленген ойыншық түрлерін ұл бала қазақ тілінде атауы керек. Белгіленген мәреге жеткенше дұрыс жауаптар беру керек. /Мысалы, қыз бала ойыншық атауын орысша атап,қалам арқылы ат үстінде отырған қыз бейнесін алдында жылжытады,ал ұл бала сол аталған ойыншықтың атауын қазақ тілінде атап, ат үстінде отырған баланың бейнесін жылжытады. Осы тұста мұғалім ойынды күрделендіріп, сөзден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрастырғызуына болады.

     Қазақ халқының ұлттық мұраларының бірі- ұлттық ойындар. Өйткені, ұлттық ойындар арқылы біз болашақ жас жеткіншектерді рухани сезімге тәрбиелей аламыз.Осындай атадан – балаға мұра болып келе жатқан ұлттық ойындар-дың атауларын естіп,дұрыс айтып ,жазуға үйренеді.Ұлттық нақыштағы суреттерді көру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы дамиды.Ұлттық ойын элементтерін ақпараттық технологиялар арқылы балабақшаларда қолдану өте тиімді деп ойлаймын, себебі пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.Тілге үйретуге деген бірден бір ұтымды тәсіл деп білемін.                                                       Балабақшада оқу үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.Балаларда танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу қызметінде  белсенді , білімінің сапалы болуына , оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға ,оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға , белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді,

         Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде , атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.Сондықтан оқытудың ақпараттық қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен баланың іс- әрекетіне араласып,онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді.

      Бүгінгі таңда өзге ұлт  балаларына қазақ тілін оқытудың түрлі жолдары қарастырылып жүзеге асырылуда.Оқытудың жаңа технологиялық үлгілері ұсынылуда.Өзара қарым- қатынасты қамтамасыз ету үшін сөз сөйлеуші интерактивті стратегияларды қолданады.Интерактивті сөз –өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгемелесу, әлдекіммен сұхбаттасу түрінде болады.Демек ,интерактивті оқыту –бұл ең алдымен , сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен тәрбиеленушінің өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.                                                                                                                               

 

 Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» Мұғалімнің ізденісте, жан – жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады.

349 0
КЫМБАТ НАЖМЕДЕНОВА, №16 «Лесная сказка» бөбекжайы МКҚК І санатты қазақ тілі мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000277
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: