Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI481

Пифагор.

7-класқа  арналған  геометрия   пәнінің программасында «Пифагор теоремасы» деген теорема  оқылады.Оны оқушылар  жеңіл үйрене   алады.Алайда  олардың  көпшілігі   теореманың  шығу  тарихы мен   оны ашқан адам туралы  толық біле бермейді.Ол туралы қысқаша дерек берейік.

 Ертедегі ғылым өлкесінің  дара дүлдүлдерінің бірі грек  халқының дана математигі Аггинанорұлы Пифагор біздің эрамызға дейінгі  500-380 жылдар шамасында өмір сүрген.Ол әуелі ежелгі грек еліндегі  жеті   данышпанның бірі атақты философ   және математик Фалесің  мектебінде кейін оның шәкірті  Анаксимондрадан білім алады.Одан соң Фалестің айтуымен және сол кездегі дәстүр бойынша  білімін   жетілдіру үшін Мысырға барады.Сол тұста Мысырды жаулап  алған Вавилондықтар тұтқынға түскен Пифагорды өздерімен бірге ала кетеді.Бас еркі жоқ болғанмен  болашақ   ғалым  мұнда жүріп  Вавилондықтардан математиканы ,астраномияны және  өзін діни мистикалық  әдетке үйреткен астрология мен магияны меңгерді.Ол кезде астрология планеталардың орналасуына  орналасуына   қарап адамдар  тағдырын,ал магияметриялық денелердің қасиеттеріне   сүйене отырып келешекті болжайтын сәуегейлік ілімдер болатын.

      Тұтқыннан босанып келген соң біраз уақыт Самоста тұрады да кейін Италияның солтүстігіндегі  Кратон қаласына барып ,сондағы талапты ақсүйек жастарынан  «Туыстар »деп аталатын ұйым м ектеп  ашады.Жасынан көрген білгенін жадына сақтап  ,жан –жақты зерттей жүруді әдетке айналдырған Пифагор алғашында тікбұрышты үшбұрыштың катеттерімен гипотенузасының арасындағы сызықтық тәуелділікті таппақ болады.Содан кейін Пифагор оның әр қабырғасына квадрат сызыпсодан шыққан квадраттар аудандары арасындағы тәуелділікті тапты,міне атушулы «Пифагор теоремасы» осы еді.Ғұлама ғалым бұл теореманы дәлелдегенде  қатты қуанғаны соншалық,осынау ерен табысқа жеткізген құдайға құрбан етіп,100 өгіз сойып,үлкен той жасаған.Сондықтанда теорема орта  ғасырларда «гектатомба» - (грекше «гекта»-жүз, «томба »-өгіз ) деп аталады.алайда шешендік шеберліктің атасы аталған Цицерон бұл аңызға шүба келтіретінддігін айтқан-ды.Теореманы Вавилондықтар ,қытайлықтар мен мысырлықтар тіпті ерте замандарда  -ақ білген .Бірақ олар бұл тереманы Пифагор сияқты логикалық жолмен дәлелдеген жоқ.

     Ал қазір Пифагор теоремасының 600 ден астам әртүрлі дәлелдеулері бар. 

 

159 0
АЛИСА ШАРАФУТДИНОВА, М. Б. Ықсанов атындағы ОЖББ мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің математика пәні мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000276
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: