Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI478

Пәндердегі экологиялық білім мен тәрбие беру

Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, пәнаралық байланыс арқылы биология, химия, география, физика т.б. сабақтарында өзіндік ерекшеліктері бар. 

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуды. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі сезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым.
  Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 8-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы».    Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек.  
  Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді.
  Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады.  
  Экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданылуда  
  Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).  

       
 Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру деп отырмын. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.
  Біріншіден сабақ оқытудың барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстырылған ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде, олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, іскерлік пен дағдыны меңгереді.
  Сондықтан экологиялық білім беруге әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: олар табиғатқа экскурсия, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары: экологиялық білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаның жай күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру  болып табылады.
  Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, оның жалпы кәсіби білімі мен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осының бәрі бір-бірімен үйлесімді жүруі оқушылардың экологиялық білімдерінің дамуына жол ашады. 

 Менің ойымша экология курсының жүргізілетін экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлін арттыруына мынадай жағдайлар әсер етеді:  
  1. Сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, білім және тәрбие беру әдістемесінің сапасын көтеруге әсерін тигізді.
  2. Мектеп бағдарламасында оқу материалын экологиялық жұмыстармен байланыстыру барысында, оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік береді.
  Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғалми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарды жаңа материалдардағы өзгерістерді кең түрде қолдануға болады.
  Осыған байланысты сыныптан тыс оқушыларға экологиялық білім беру факультатив үйірме сабақтары мен табиғи ортадағы жұмыстар жүргізілуі керек.   Қазақ халқында табиғат пен адам арасындағы байланыс өте ертеректен келе жатқаны бәрімізге мәлім. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстарын түсіндіруге ұмтылу, халықтың бойында ақыл санасында табиғат жайындағы танымды табиғатты аялаудың қажеттілігі жайында ұғымдарды белгілі жүйемен жинақтауға талпынған. Халқымызда «табиғатым-тағдырым» деген нақыл сөз бар. Ежелгі дүниеде халқымыз табиғатқа, туған жерге, суға, өзі өмір сүріп отырған ортасына көп көңіл бөле білген.
  Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылмаған, халқымыздың ауыз әдебиетінде де осы табиғат, жер, су, өсімдік, жануарлары бар дүниесіне де өте мән берілген. Ата-бабамыздың өмірлік тәжірибесінен жинақталған, аңыз, әңгіме, нақыл сөз, мақал-мәтелдернен халық даналығын танып білуімізге болады.  
  Сондықтан да, мектепте экологиялық мәселелер бойынша оқу-тәрбие процесін белгілі бір жүйеге келтіріп, салт-дәстүрге жетелейтін бағытта бағдарламалар құру қажет деп ойлаймын.
 
Экологиялық тәрбиенің мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтіуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру. Экологиялық деректерді, ғылыми мағұлматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне  байланысты.  Экологиялық тәрбие оқушылардың-табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
 

 

 

 

 

 

181 0
ЛУНАРА ХАСАЙНОВА, «Ө. Сахипов атындағы ЖОББ мектебі» КММ-нің мұғалімі БҚО, Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000274
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: