Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI476

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу - танымдық іс- әрекетін белсендіру

Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. 

Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді,білімді,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.

Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда,оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ.

Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен ойындырды барынша қолдануда.

Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады.Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын,ынтасын арттыруында болып табылады.

Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та  оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.

Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын  сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық

мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.

5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір  білім беруді мақсат етіп, ойналған кзде ғана нәтижелі болады.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын  оқушыны бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді,іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады.Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып,сол тілді білуге қызығады.

Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор  десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Ойын арқылы оқушының: қисынды ой-қабілеті дамиды;

өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

сөздік қоры баийды, тілі дамиды;

зейіні қалыптасады;

байқампаздығы артады;

өзара сыйластыққа үйретеді;

ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;

бір-біріне деген оқушы сенімі артады;

сабаққа қызығушылығы артады.

Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.

Қорыта келгенде, ойын – балаларды жан - жақты тәрбиелеудің, жеке ерекшелігін зерттеудің құралы. Ойын – баланың сезім мектебі, баланың өмірін ұйымдастырудың белсенді формасы.

Қазіргі заман жаңа өзгерістер мен жаңалықтарға толы. Инновациялар мен технологиялардың енуіне байланысты заман өте қарқынды дамуда. Ағылшын тілі халықаралық қарым - қатынас тілі болғандықтан, еліміздің ғылыми, мәдени және ақпараттық құралдардың дамуына, жаңа жетістіктерге жетелеуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай, қазіргі таңда әр тұлғаның ағылшын тілін білуі заман талабы. Бұл ағылшын тілін жоғары деңгейде оқытып, жақсартуды талап етеді. Оқытуды жақсартуға студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру жатады.

Тілді үйретудің негізгі міндеті – оқушыларды тілде емін - еркін ойлап - сөйлеуге, қарым - қатынас жасауға үйрету. Ал мақсаты – оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамыту және өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Китайгородская Г. А. өзінің «Интенсивный курс» деген еңбегінде студенттердің сабақтағы белсенді іс - әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілетттерін дамыту арқылы, білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың маңызы зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн - деп атап көрсеткен.

Жалпы ойын әрекеті күрделі құбылысқа жатады. Әдістемеде ойын түрлерін белгілі бір білімді, іс - әрекетті үйрету құралы ретінде қолданады. Ойынның тек сыртқы бөлігі ғана - ойын, ал бейнесі, мазмұны және оның бағыты оқыту болып есептелсе, біздің жағдайымызда – тілді қарым – қатынас құралы ретінде меңгерту. Ойынды сабақ барысында қолданудың маңызы жайлы көптеген ғалымдар атап өткен. Соның бірі Д. Б. Эльконин ойын туралы қазіргі көзқарастарды және оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді, болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Соның ішінде Д. Б. Эльконин ойынның адамға қажетті маңызды төрт функциясын бөліп көрсеткен. Олар: оқушының сабаққа деген ынта – жігерін дамыту; дүниетанымын кеңейту; ақыл – ойын дамыту; және еркін – мінез құлқын өрістету

Қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, PowerPoint, ActiveStudio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр. Осы мақсатпен дидактикалық ойындарды оқушыларды Active Studio мен сабақтарымда суреттерді сәйкестендіру, суретін салу, керекті суретті орнына қою сияқты ойындары оқушы білімін дамытуға қолданамын, және де суреттер арқылы есте сақтау қабілеттері де дамуына септігін тигізеді.

Дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. 

Оқу процесінің жеделдеуіне байланысты шетел тілі пәндерінде заман талабына сай, әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып отыр.

Әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталату, тексттерді жаттату, тағы басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып, шаршататыны белгілі. Сондықтанда шетел тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқудың алғашқы кезеңінде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ал бара – бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі қиыншылықтарға кездеседі. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтан сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ол үшін мұғалім мен бірге оқушы да ойынның шартын меңгеруі тиіс. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды.

Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге, оның тілін білуге қызығады.

Оқыту процесінің әртүрлі сатысында ойын түрлері танымдық мақсатты көздей отырып оқушының жас ерекшелігіне қарай әртүрлі формада қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларында заттың түріне қызығушылық басым болады. Сондықтан, олардың қатесін үнемі көрсете бермей, қайта олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек.

12 - 14 жастағы оқушыларға да танымдық қабілетті меңгертуде өзіндік психологиялық ерекшеліктер бар. Бұл жастағы оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін шығармашылық мәнде ұйымдастыру пайдалы.

Жоғары сынып оқушылары әртүрлі шығармашылық жұмыстар істеп үйренгендіктен, олардың бойында білім алудың белсенді формалары қалыптасып дамиды. Бұл сыныптарда ойын түрлері шығармашылық мәнде, мақсатты жүргізіледі.

452 0
НҰҚҚАЛИ ҒАББАСОВ, М. Жүнісов атындағы НОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі БҚО, Казталов ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000272
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: