Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар. Сүйіспеншілік.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық,
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бақыт жолындағы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: Өмір бақытының кілті кішіпейіл, кешірімдіде екендігін үйрету;
өмірде риясыз қызмет етуге, бақыт сыйлай білуге баулу; жанашырлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті: «Су астына саяхат» шығамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ыбырай Алтынсарин жайлы жазып келген мақалаларын қорғайды.
3. Дәйексөз Клод Андриан Гельвеций
Махаббат – іс-әрекеттің қуатты көзі
Махаббат деген не?
4. Әңгімелеу
Хаттар
- Ыбырай Алтынсарин халқының игілігі үшін алдына қандай мақсат қойды?
- Оның Николай Ивановичке жазған хатындағы көтерілген мәселелер қаншалықты маңызды?
- Ұлы ұстаз кітаптың мазмұнына не себепті аса мән берді?
- Оның еліне деген сүйіспеншілігі қандай іс-әрекеттерінен көрінеді?
Өзің халқыңның болашағы жарқын болуы үшін қандай мақсат қойған болар едің?
5. Тапсырма: Жағдаятты оқып , сұраққа жауап беру.
Бірде Дәруіш сапарға шығып, жолда кездескен кез-келген жолаушыны «Жүрегің бар ма?» деген сөзбен қарсы алыпты. Адамдар айтылған сөздің мағынасына мәніне бірден көңіл бөлмесе де , жолаушылардың бірі, сен «Жүрегің бар ма?» дегенің орнына, неге қайырымдылық, махабббат, сенім, жақсылық , тіпті рақымдылық туралы айтпайсың ба? – деген сауал қойыпты. Сонда Дәруіш: «Тек жүректі ұмытпауың керек, сонда қалғанының бәрі болады» - деп жауап беріпті.
Дәруіштің ойымен келісесің бе? Неліктен?
6.Топпен ән айту Ә:Ш.Қалдаяқов
Бақыт құшағында С. Т.Молдағалиев
Көзіңнен бір ұшқын Көктемнің бұлбұлы
Ұшты ма білмедім Кеудеме қонады
Әйтеуір нұр құштым Құшаққа қыр гүлі
Әйтеуір гүлдедім Толғандай болады
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауын, жаңа жауып басылған
Әнбісің төгілген Жанарың ұшқыны
Жырмысың армандай Жүректе жанады
Бір бақыт көрінген Қолыңның ыстығы
Жақындап қалғандай Қолымда қалады
Мен бүгін бұлақпын Сүйемін мен күнді
Ілгері жүгірген Көңілді жалынды
Бір нәзік шуақпын Сен биле еркімді
Жаныңа үнілген Әлдиле жанымды
7.Үй тапсырмасы.
- Келесі сабақ: «Сүйіспеншілік елінде» тақырыбына эссе жазу, коллаж, сурет салуға да болады.
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде.
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.