Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI444

«Білікті ұстаз – білім кепілі»

Аңдатпа

Мақалада (эссе) ұстаз тұлғасының келбеті, шеберлігінің ерекшелігі айқындалады. Музыканы оқытуда өзімнің іс-тәжірибем мен мұғалім мамандығын таңдап, ұстаздық жолға келуім жайында да айтылады.

 

Тірек сөздер:

Мұғалім- Учитель-Teacher

Білім-Образование- Education

Музыка мұғалімі-Преподаватель музыки-Music teacher

Менің мамандығым- Моя профессия-My profession

 

«Білікті ұстаз – білім кепілі»

 

«Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел - ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп»

 

Мұғалім ең алдымен бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс. Ол оңайлықпен келе ме, қалай туындайды? Ол ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігінен, алдына айқын мақсат қоя білуінен, білімінен туындайды. Осының барлығын мейірімділікпен ұштастырып бала жүрегіне жол таба білу – ұстаз шеберлігінің бір қыры.

Осындай қаншалықты қиын, ауыр болса да соншалықты қызығы мол ұстаздық жолды таңдауымның бір себебі ғұмырын ұстаздыққа арнаған әкемнің жолын жалғастырып, асқақ арманын алға жетелеу еді. Екіншіден, маған мектепте білім берген ұстаздарымның ішінде Төлеген Ынтықбаев деген ағамыздың әрбір өткізген қызықты сабағы, күнделікті жаңалықтармен астасып жататын тәжірибесі, балаларға деген мейірімге толы жүрегі мен жылы шырайы әсер етті деп ойлаймын, әрі өзім де балалармен жұмыс істегенді жақсы көремін. Ұлағатты ұстазымның үлгісін көре жүріп, ұстаздық жолды таңдағанымды өмірдің маған бұйыртқан үлкен сыйы деп білемін.  

Педагогтық мамандық білімділікті қажет етеді. Ұстаздық жолды ұстанған мен үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Сондықтан әрбір өткізген сабағымда түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді қолданып, тәжірибемді шыңдап отыруға тырысамын. 

Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан музыканы меңгертуде оқушыларды табиғатпен тығыз байланыста оқыту керек. Кең байтақ қазақ елінің көркем табиғатын баланың да сүюін басты назарда ұстауды негізгі міндеттерімнің бірі деп санаймын. 

Эстетикалық сезім – педагогикалық шеберліктің негізгі компоненті. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде насихат айту оқу үрдісінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан, оқытудың, тәрбие берудің әсерлілігін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек.

Осы орайда мен әрбір сабағымда балалардың қызығушылығын, сабаққа қатысымын арттыру үшін көрнекілік құралдарды, техникалық құралдарды тиімді пайдалануды көздеймін.   

Музыкалық шығарманы орындау күрделі және сан қырлы үрдіс болып табылады. Қазақ халқының негізгі әрі қасиетті ұлттық аспабы домбыраны ойнауды меңгертуде баланың қабілеттілігімен қоса мүмкіншілігіне де зор көңіл бөлемін. 

Барлық ата – аналар өз балаларының жақсы білім беретін орында оқығанын қалайды. Ал білім ордасының өмірін, оның беделін, балалардың жетістіктерін кім белгілейді, оған «жақсы» деген мәртебені кім береді? Жауап біреу – мұғалім. Олай болса, тек шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім ғана өз ордасына осы атақты алып береді. Сондықтан да өз шығармашылығымды үнемі шыңдап отыруды да басты міндетім деп санаймын. 

Өзгелердің де тәжірибесін пайдалана білген ұстаз ғана педагогикалық шеберлік машықтарын байыта алатыны белгілі. Сондықтан да мен тәжірибелі ұстаздардың, әріптестерімнің бақылау және талдау тәжірибелеріне зор мән беремін. Талдау маған психологиялық заңдылықтарды тануды үйретеді. Кейбір әдістемелік тәсілдердің негізін құрап, бақылау қабілеттілігімді дамытып, еңбекті шығармашылық тұрғыдан түсінуіме ықпал етеді. Осылайша болжай білу қасиетім қалыптасады. Өзгелердің жұмысын талдай білу сабақтың артықшылығы мен кемшілігін анықтап, болашақтағы өткізілетін сабақтарыма өзіндік дұрыс талдау жасауға мүмкіндік беретін қасиет – сабақтың ең маңызды тұсын анықтауыма жол ашады.

Қорыта айтсам, әр мұғалім өз шамасын, өзіндік дүниетанымдық қабілетін таразылай отырып, адамдық болмысы жоғары рухани құндылықтар негізіндегі тәрбиелеуші бола алады. Мен де педагогикалық жолда осы биіктіктен көрінуге тырысамын. 

 

Жетелеген сенімменен алға күн,

Арайланып атқан нұрлы таңдарым. 

Ән – жырынан сусындадым қазақтың,

Ұлы өнерден таттым өмір бал дәмін. 

Өнер – менің өмірімнің өзегі,

Осы жолды жастайымнан таңдадым.

Ұлағатты ұстаз болған әкемнің,

Салып кеткен сара жолын жалғадым.

Мемлекеттік жоғарғы оқу орнында,

Білім алып, орындалды арманым.

«Қарлығаштай қанатымен су сепкен»,

Мейірімімді балаларға арнадым.

Шат күлкісін естігенде сәбидің,

Малынғандай болар нұрға жан – жағым.

Қазағымның өнерінің көгінде,

Тағы да бір жарық жұлдыз жанғанын. 

Тілеуменен еңбек етіп келемін,

Өсіп шығар бәлкім ертең сан дарын.

Кездессе де қиыншылық қаншама,

Мойымадым, жасымадым, танбадым.

Үміт артқан ұжымымның сенімін,

Ақтай алмай жатсам болар арға мін.

Ұлы еңбектің ұғынуда бар мәнін.

Ізденуден жалықпадым талмадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

518 10
Қуаныш Камалиев, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ-нің музыка пәні мұғалімі,«Өнегелі ұстаз» медалінің (2017 ж), «Қазақстанның үздік ұстазы» орденінің (2020 ж) иегері Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «Білікті ұстаз – білім кепілі» Ұлы Дала Ұстазы № 000253
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Карибаева Динара
Карибаева Динара
18 октября 2021 21:59
Сизге шыгармашылык табыстар тилеймиз! Окушыларыныз ардайым бииктерден корине берсин!
Карибаева Динара
Карибаева Динара
18 октября 2021 22:01
Цитата: Карибаева Динара
Сизге шыгармашылык табыстар тилеймиз! Окушыларыныз ардайым бииктерден корине берсин!
Абзал Рахманов
18 октября 2021 22:01
Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы дегендей,-
сiзден тәлім алған әрбір шәкірт биiк шыңнан көрiнетiнiне кәміл сенемдiмiн.
Қанатыңыз талмай - алға баса берiңiз !!!
Нургул
18 октября 2021 22:06
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға-дегнндей еңбек жолыңда биік шыңдарды бағындыр,саналы, тәрбиелі,өнерлі шәкірттерің көп болсын.
Жанар
18 октября 2021 22:18
Шығармашылық табыс тілеймін.Тек биіктерден көріне бер!!!
Жанар
18 октября 2021 22:19
Шығармашылық табыс тілеймін. Биіктерден көріне бер!!!
Салтанат
Салтанат
18 октября 2021 22:20
Мақалаңыздың мазмұнды әрі ой саларлықтай болғаны соншалық оқи отырып ұзақ бір сапар шеккендей әсерде болдым. Себебі, ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Елмен бөлісер әдемі ойларыңыз бен мазмұнды мақалаларыңыз көбейе берсін дегім келеді.
Ержан
18 октября 2021 23:42
Өте жақсы,мағыналы,мазмұнды жазылған мақала екен.Айтар ойы анық,өз ұстанымын ,тәжірибесін толық көрсетіп бөлісе білген. Ұстаздық жолындағы еңбектеріңнің жемісін көр,қанатың талмасын,шабытың ортаймасын.Дарынды, талантты,өнерлі шәкірттерің көп болсын.
Айжан
19 октября 2021 00:51
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттеріңді білім нәрімен сусындатып, музыка арқылы тәлім-тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіріп, өнер жолына бағыт-бағдар беруден жалықпа. Еңбегіңнің жемісін көр.
Галия
19 октября 2021 14:42
Қуаныш шығармашылығын арта берсін. Өте талантты, ізденімпаз жансың.