Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI420

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында төңкерілген сабақты қолдану

«Төңкерілген оқыту» технологиясын 2007 жылы АҚШ мектебінде алғаш өз тәжірибелерінде қолданған америкалық химия пәнінің мұғалімдері Аарон Самс пен Джонатан Бергманн. Қазіргі таңда оқыту жүйесінде аралас оқыту технологияларын пайдалану тиімді әрі ұтымды жол болып келеді. Мектептер мен колледждерде «төңкерілген сабақ» технологиясы жиі қолданылуда. Исаак М.А «Төңкерілген сабақтың аралас сабақ өткізудегі қолайлылық құралы ретінде» деген мақаласында «Төңкерілген оқыту (орысша «перевернутое обучение»; ағылшынша «flipped learning»)» технологиясы дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, мектепте өткізілетін теориялық мәліметтерді өз бетімен видеолекциялар, видеолар, слайдтар, электронды оқулықтар түрінде қарастырып, сыныпта сол алған мәліметін тест түрінде, жаттығулар, жекелей немесе топтық тапсырмалар арқылы, зертханалық жұмыс орындау арқылы бекіту көзделеді. 

Жалпы айтқанда, білім алушы  мұғалім берген тапсырманы өздігінен қарастырып, сыныпта басқа оқушылармен бірге жұмыс жасайды. Мұғалім арнайы электронды программаларды пайдалана отырып лекциялар жазып, білім алушы  қауымына қолжетімді етіп дайындайды. Мәліметтерге білім алушы  өз білімін тексеру үшін тест сұрақтарын   ұсына алады. Білім алушылар  өздерін қызықтырған сұрақтарды сайтқа жазу арқылы немесе сыныпта сұрауға мүмкіндіктері бар. Себебі, өздігінен қарастырған тақырыпты мектепте сынып оқушыларымен бірге қарастыра алады. Сыныпта мәліметтерді үздік оқушылар тереңдете қарастыратын болса, орташа оқитын балалар ұстаздың көмегімен тақырыпты алып кете алады. Көбінесе, сыныптағы сабақ жұптық, топтық немесе ұжымдық түрде өткізіледі.

«Төңкерілген сабақ» бұл - оқытудың инновациялық сценарийі. «Төңкерілген сабақтың» әдістемесі негізгі үш компоненттен тұрады:

1.Мұғалімдердің виртуалды бағдарламаларды дайындауы (топтау немесе құру): видеосабақтар, презентациялар, басқа да материалдар және тапсырмалар, сонымен қатар оқушылармен байланыста болу үшін электронды қызмет көрсету;

2.Оқу іс-шараларын ұйымдастыру: мұғалімнің тақырып бойынша негізгі құзыреттілігін анықтау, сыныпта жұмыс істеу формалары, сыныптағы білім алушылардың жұмысына арналған тапсырмаларды дайындау. Сонымен қатар, білім алушылар мұғаліммен бірге жұмыс жасау барысында қосымша тапсырмаларды шешеді: материалды тереңдете, біріктіреді және қайталайды;

3.Білім алушылардың білімі мен құзыреттілігін ағымдағы және қорытынды бағалау. Мұғалім білім алушылармен  бірге соңғы жұмыс түрлерінің бірнеше түрін таңдай алады, мысалы, тест немесе жоба ретінде 

 «Төңкерілген оқыту» мен «дәстүрлі оқытудың» айырмашылықтарына тоқтала кетсем: 


 

Дәстүрлі оқыту

Төңкерілген оқыту

 

Оқушы

«Тыңда, есте сақта және орында» схемасы бойынша ғана жұмыс жасау. Сабақ барысында белсенділіктің болмауы

Оқу үрдісінде оқушылардың тікелей қызығушылықтарының оянуы

АКТ

Технологиялар мен веб-құрылғыларды пайдалану

АКТ бойынша жұмыс жасаудың формасы мен әдісінің өзгеруі

Мұғалім

Үйретуші, білім алушылардың тәртібін қадағалаушы және оқушылардың білімін бағалаушы

Білім алушылардың өздігінен жұмыс жасауға көмек көрсетуші, сенімді қарым-қатынас

Әдістер

Пассивті түрдегі білім беру, мұғалімнің білім алушыға берген білімі ғана

Белсенді және интерактивті білім беру. Жекеленген-бағытталған қатынас

Сабақтың құрылымы

Сыныптағы сабақ кезінде мұғалім білім алушыларға сабақ түсіндіреді, ал үй тапсырмасын өздігінен орындайды және көмек сұрауға мүмкіндігі болмайды

Үйде өздігінен  тақырып бойынша видеолекциялар, слайд қарастырады, ал сыныпта өзге оқушылармен бірге тапсырмалар орындап, үй тапсырмасын бекітіп, тақырыпты толықтай меңгереді


4.Білім алушылар білім деңгейіне қарап емес, жұптық, топтық және ұжымдық болып бөлініп видео материалды қарастыруға, оқулықпен жұмыс жасауға немесе жұмыс жазуға бөліне алады. «Оқулықпен жұмыс» жасайтындар кітапты оқып, «жұмыс жазатындар» постер немесе қабырға қағазын жасап, ал видеоматериалдармен жұмыс жасайтын оқушылар жаңа ақпарат көздерін қарастырады. Осының нәтижесінде әр топта әртүрлі ойлау перспективасы мен ақпарат қабылдау қалыптасады. Нәтижесінде бір-бірімен ақпарат алмасып, сабақтың мақсаты орындалады. 


Артықшылығы

Білім алушылар үшін

-сапалы білім ресурсы;

-оқуға деген жоғары мотивация;

-сабаққа деген қызығушылық;

-әркім өз темпі бойынша оқу;

-сабақ материалының қолжетімді болуы;

-топтық жұмыстың маңыздылығы;

-сыныптан тыс уақытты тиімді пайдалану;

-сабақ уақытында бір-біріне көмектесу;

-ақпарат көзін бағалау;

-әркім өз әрекеті үшін жауапкершілікті болу.

Мұғалім үшін

-сабақта бағыт-бағдар беруші;

-оқытуға жеке көзқарас;

-білім беру қызметін басқа жолмен ұйымдастырады;

-білім алушылар тапсырма бойынша автоматты түрде жұмыс істейді;

-білім сапасын диагностикалаудың жеңіл тәсілі;

-оқу процесіне ата-аналарды тарту мүмкіндігі


«Төңкерілген сабақ» технологиясын пайдалана отырып, білім алушылардың білімін жоғарылату, қазіргі уақытта жедел дамып жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)  пайдалана білу көзделген. Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. АКТ бойынша интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді  меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.

Бүгінде «төңкерілген сабақ» XXI ғасырдың білім беру жүйесінің негізгі ұстанымының бірі ретінде танылуда. 

Қорыта айтқанда, төңкерілген сабақ – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталады. Білім алушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін болашақ өмірінің қажетіне жаратып, пайдаға асыра білуі керек. Бұл— қазіргі жаңаша оқытудың мақсаты және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол болып табылады.

154 0
Гульмира Есентаева, Сарыкемер мектеп-гимназиясысының директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Ұлы дала ұстазы № 000152
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: