Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI406

Музыкалық тәрбие беру жолдары

Музыкалық тәрбие беру мектептен тыс, оқушылардың өз еркімен, музыкаға қызығушылығына қарай іске асады. Музыкалық тәрбие беретін үйірмелерге хор, ансамбль, домбыра, би кластары жатады. Осының ішінен әр оқушы өзіне ұнаған үйірмеге өз қалауымен қатыса алады. Бүгінгі мектептегі ең басты кемшілік оқушыларда мәдениеттің жетіспеуі. Олар мектептен тыс бос уақыттарын тиімді пайдалана алмайды. Міне осы орайда оған ата-анасының, жолдастарының тигізер әсері мол. 

Техникалық заманның дамыған уақытында оқушылар үйірмелерге, мұражайларға, театрларға барғаннан гөрі компьютерлік ойынханаларға, клубтарға барғанды дұрыс көріп тұрады. Ал мұндай ортаға барған оқушылар қандай тәрбие ала алады. Әрине олар темекіге, ұрлыққа әуес болады. Бүгінде оқушы уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдай жасалған. Тек дұрыс жолды таңдауына ата-ана мен мұғалімдер бағыт беріп отырса болғаны. 

Тәрбиенің аса маңызды құралы-өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғым-музыка өнері. Сондықтан да қазіргі таңда оқушының бос уақытын тиімді пайдаланудың бір жолы ата-ана өз баласының шығармашылық қабілетін ескере отырып, оны өзі қалаған үйірмеге қатыстырған жөн. Үйірмелердің негізгі мақсаты-мектеп оқушыларының бойында белгілі бір салаға деген қызығушылығын тереңдету. Оқушылардың сұранысы бойынша оны өзі қалаған аспапқа үйрету немесе ән айтуға баулу. 

Жалпыға білім беретін орта мектептерде музыкалық-эстетикалық бағытта балаларды музыкалық тәрбиеге тереңдетіп оқытатын өнердің осы түрімен айналысуына зор мүмкіндік туғызады. Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Мектептен тыс музыкалық тәрбие ісінде ерекше орын алатын балалардың музыкалық мектептері жүйелі және жан-жақты музыкалық білім береді, кәсіптік музыкант болып шығуға еңбек етеді. 

Тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы осындай музыкалық мектептерде жүйелі жоспарланған жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ондай мектептерде хор, домбыра, баян, фортепиано, вокал кластары бар. Оқушылармен жеке жұмыс жасап ән салу, музыкалық аспаптарда яғни домбыра, баян, қобыз, сырнай, фортепиано, скрипка, гитара, т. б үйретуге арнайы мамандар жұмыс жасайды. Осындай жеке жұмыс балалардың болашақта топтық жұмысқа тартылуының алғашқы сатысы болып табылады. Сонымен қатар мұғалімдер мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелерін қорытындылап отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың музыкалық іс-әрекетіне, сонымен қатар әр түрлі іс-шараларда алған жүлделі орындары үшін марапаттап мақтау громаталары мен дипломдар беріп отыруы керек. Мұндай жағдайда балалардың музыкаға деген қызуғушылығы арта түседі. 

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстару балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе олардың музыканы білуге деген ықыласы болуы керек. Бұған көпшілікпен бірге театрға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, байқаулар өткізу жатады. 

Музыкалық тәрбие беру музыкалық мәдениетті жүйелі түрде дамыту. Музыканы түсінуге, көңіл күйлерін қабылдауға тәрбиелеу. Болашақ ұстазға музыка пәнінің әдіс-тәсілдерін үйрету.

Музыкалық тәрбие алушы балаға жеке қалыптасқан тұлға ретінде қарау керек. Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды мінез-құлқының тұрақтануына және көңіл күйінің көтеріңкі болуына көп көңіл бөлген жөн.

 

322 0
Гаукарат Серікбаева, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның сольфеджио пәні мұғалімі, педагог- модератор Ұлы Дала Ұстазы № 000220
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: