Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI399

Музыканың бала өміріндегі маңызы

Музыка арқылы балалардың дыбыс үніне зейіні, байқағыштығы, тапқырлығы жетіледі. Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшіліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді. 

Өнер баланың әлемді тануына, халықтың мәдени бай мұрасынан сусындауына мүмкіндік береді.   Соның ішінде музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка баланың ойына азық беріп, кеңінен және әдеттен тыс ойлауға үйретеді, халықтың рухани мәдениетіне жақындастыра отырып, патриоттық сезімін тәрбиелейді, адамгершілік және азаматтық белсенділігін оятады. Сөйтіп, осының нәтижесінде қоғам үшін қажетті азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Музыкасыз, ертегісіз баланың ақыл ойы мен қиялын толықтай дамыту мүмкін емес. Әуезді ән арқылы берілетін эстетикалық тәрбие сұлулықты, көркемдікті сезінуге, сезініп қана қоймай оны бала бойына қалыптастыруға септік етеді. Осы ретте баланың жас ерекшеліктеріне қарай даусына сай ән таңдау мен әндерді үйретудің тиімді тәсілдерін қолданудың маңызы зор.   

Қай заманда болмасын музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері мен айқындылықтары бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты. Музыка сабағында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі компазиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру.Солардың арқасында -ақ баланың музыкаға деген қызығушылығы артып, одан әрі дами түседі. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты компазиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға жұмыстанады.

Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз. Музыка – тек балаларды ғана емес, әрбір адамды белгілі бір жүйеге баули алатын үлкен бір ғылымның бірі.

 

367 0
Алмат Қамбаров, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000213
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: