Би – өмір сүру символы. Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер. Сонау ерте дүниеден адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, балалардың гормоникалық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Классикалық бимен айналысу балаларды әдемілікке және қимылдарының нақтылығына үйретеді, күші мен икемділігін арттырады. Олардың бұлшықет қозғалыс, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерін дамытып, мүлтіксіздігін нығайтады. Сонымен қатар, балалардан күш- қуатты, жинақылықты талап ететін би өнері олардың еңбек сүйгіштігін көтереді, ерігі мен мінез-құлқын шынықтырады. Кез келген ұлттық биі әр түрлі мағынада, әр түрлі жағдайда бастау алған. Мысалы, испан билері көбіне махаббаттан; ұйғыр билері тікелей өз мінездер сипаттаудан; қытай, жапон билері ішкі сезімді білдіруден; үнді билері өздерінің құдайларын баяндаудан бастау алған. Ал қазақ биі салты-дәстұр, тұрмыс- тіршілік, ою-өрнегімізден басталады. Әсіресе, қол мен дененің пластикалық икемділігін, қыздардың еркелігі мен назын, сұлулығын көрсетіп, ер адамдардың керісінше жанып тұрған өткірлік, түрлі күрделі секірулер мен буын қимылдары, ат шабыс, өзге де жігерлі қимылдарды сипаттау арқылы ерекшеленеді. Би өнері – тілсіз өнер, оның айтар мағынасы болуы шарт. Философиялық мағынаға бай болуы тиіс. Былай айтқанда, спектакль іспеттес. Жүректегі, ойдағы жазуды би тілімен, жеткізу, халықты бұған сендіру – басты мәселе. Осы жағынан келгенде, қолдың, саусақтың, буынның, дененің әр қимылы жас жеткіншектерді өнерге баулып, оларға эстетикалық тәрбие беруде бидің ол баланы музыка тыңдауға, ырғақты сезініп, мәнерлі қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеп, дене бітімінің сымбатты болып өсуіне жол ашады.
Мектеп жасына дейін хореографиялық негіз алған балалар жеткілікті түрде мықты қимыл-қозғалыс дағдысы мен қабілетін меңгерумен қатар, жақсы есте сақтау, зейін, ұшқыр қиялмен ерекшеленеді.
Баланың эстетикалық, физикалық және рухани ойлау қабілеттерін тәрбиелеуге би өнері қомақты әсерін тигізеді. Би тек сұлулыққа ғана қызмет етпейді. Ол дененің физикалық дамуына да ықпал етіп, дене иілгіштік қасиетін дамытады. Олай болса, хореография іс-әрекеті баланың белсенді қимылдауын шығармашылық тұрғыда іске асырып қана қоймай, әр-түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы ерте жаста ырғақты сезіну, ет пен дене бітімін күшейту мен дамытуға әкелетінін де атап өтуге болады . Бала бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар. Мектепке дейінгі тәрбиеленіп отырған балалар үшін би өнері көңілді де қызықты болуы шарт. Ең алдымен биді билеуге үйрету үшін ән мен күй тыңдауы, оны түсіндіру қажет. Сол себепті көңілді-көңілсіз, шапшаң-жай ырғақтарын таныстыра отырып, балаларға би қимылдары үлгі арқылы үйретіледі.
Би қимыл элементтері негізінен үш жастан бастап үйретіледі. Би қимылдарын оларға белгілі бір құралдармен ойыншықтармен үйреткен анағұрлым жеңілірек. Ал жоғары топтарда көбіне қазақтың ұлттық билерін және басқа ұлттардың билерін үйретуді қолға аламыз. Бұл топтарда асатаяқ, домбыра, даңғыра кесе, орамал, қамшы, қылыш т.б құралдар қолданылады. Көпшілігі аяқ, қол, иық қимылдарына арналған. Бұл билердің барлығы балаларға өте қызық, орындауға жеңіл. Би ырғағымен үйлесе билеу үшін, балаларда белгілі бір қимыл қоры болуы тиіс. Ол дене жаттығу қимылдарынан алынады. Сондай ақ, гимнастикалық жаттығу қимылдары да қолданыс табады. Аталған қимылдар доп, құрсау, лента заттармен күрделеніп,ортаңғы және мектепке даярлық топтарда үйретіледі. Іс-әрекет үстінде әрбір дененің бар қимылдарын орындап қана
қоймай биге қызығушылығын ынталандыра, музыка ырғағына сәйкес, мәнерлі көрсетеді. Би қимылдары ең бір күтпеген ойлардан, кейбір қоршаған ортадағы жағдайларды бақылаудан пайда болады.
Хореография - қозғалыстың ,дыбыстың жарық бояауының,костюмдердің әдемілік әлемі. Би сабағы баланың дене дамуына себеп болатыны және оларды рухани азықтандыратыны сөзсіз.үйлесімді жаттығулар жеткіншектерді ұқыптылыққа үндейтінін де ұмытпауымыз керек.