Тәрбиенің аса маңызды құралы-өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғым-музыка өнері. Сондықтан да қазіргі таңда оқушының бос уақытын тиімді пайдаланудың бір жолы ата-ана өз баласының шығармашылық қабілетін ескере отырып, оны өзі қалаған үйірмеге қатыстырған жөн. Үйірмелердің негізгі мақсаты-мектеп оқушыларының бойында белгілі бір салаға деген қызығушылығын тереңдету.
Оқушылардың сұранысы бойынша оны өзі қалаған аспапқа үйрету немесе ән айтуға баулу. Жалпыға білім беретін орта мектептерде музыкалық-эстетикалық бағытта балаларды музыкалық тәрбиеге тереңдетіп оқытатын өнердің осы түрімен айналысуына зор мүмкіндік туғызады. Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Мектептен тыс музыкалық тәрбие ісінде ерекше орын алатын балалардың музыкалық мектептері жүйелі және жан-жақты музыкалық білім береді, кәсіптік музыкант болып шығуға еңбек етеді.
Тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы осындай музыкалық мектептерде жүйелі жоспарланған жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ондай мектептерде хор, домбыра, баян, фортепиано, вокал кластары бар. Оқушылармен жеке жұмыс
жасап ән салу, музыкалық аспаптарда яғни домбыра, баян, қобыз, сырнай, фортепиано, скрипка, гитара, т. б үйретуге арнайы мамандар жұмыс жасайды. Осындай жеке жұмысбалалардың болашақта топтық жұмысқа тартылуының алғашқы сатысы болып табылады.
Сонымен қатар мұғалімдер мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелерін қорытындылап отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың музыкалық іс-әрекетіне, сонымен қатар әр түрлі іс-шараларда алған жүлделі орындары үшін марапаттап мақтау громаталары мен дипломдар беріп отыруы керек. Мұндай жағдайда балалардың музыкаға деген қызуғушылығы арта түседі.
Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстару балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе олардың музыканы білуге деген ықыласы болуы керек. Бұған көпшілікпен бірге театрға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, байқаулар өткізу жатады.
Ұстаздардың міндеті-оқушылардың бос уақытын текке өткізбей, қайта уақытты тиімді пайдаланып, қоғамға пайдалы етіп өткізуге тәрбиелеу керек. Тәрбиелеу барысында, оларды сабақта ізденуге, ойлануға, ұйымдастыра білу балалардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіре түседі. Балаларды топпен жұмыс жасауға жұмылдырып, сабаққа қызығушылығын
тәрбиелеу, өз ойын жинақтап жеткізе білуге баулу үйретіледі. Баланың музыкалық ерекшеліктері табиғатынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту ең алдымен оның жас ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Музыкалық тәрбие беру арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік өз халқының өнерін бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.