Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI394

Музыка өніріне балалардың қызығушылығын арттыру

Адамның адамгершілік қасиетінің ерте жастан қаланып, олардың қалыптасу процесі көбіне мектеп қабырғасында қаланатыны бәрімізге аян. 

Балалардың музыкалық іс-әрекеттерін, билерді бақылауы, ересектердің қимыл-қозғалыстарын байқап, олардың әртүрлі қимылдарын көріп, еліктеу арқылы шығармашылық қабілеттеріне талпындырады.Қазіргі таңда музыка білім беру жүйесінің мақсаты тек мектептен тыс білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды да алғыр, әр түрлі салада өнердің өрендерін, ақпарат көздерін өз бетімен қорытып қолдануға қабілетті, абзал адам тәрбиелеу болып табылады.

Қоғамға білімдар, алдыңғы қатарлы тұлғалар керек. Әрбір оқушының ой-өрісі кең, танымдық қабілеті жоғары, шығармашыл, дарынды тұлға болуы мектептегі, я болмаса мектептен тыс ұйымдардағы мұғалімдерге ғана емес, отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне де үлкен сын. Сонда ғана мемлекеттің басқа дамыған елдермен терезесі теңеліп, мәртебесі артады. Жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білінуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайту әсемдік пен сұлулықты көріп бағалай білуге, өз елін, өз халқын сүюге, қазақтың ұлттық өнерін құрметтеуге тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.

Музыкалық тәрбие беру кезінде педагогтың алдына негізгі үш міндет қойылады. Бірінші міндет- әртүрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін ояту, екінші- сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі - музыканы шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысымен шығармашылығын дамыту. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамытуда, орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын шыңдау барысында үш мақсат қоямын:

1. Музыкалық шығармалардың сипатын сезіну:

сабақтарымда музыканы сөзбен ғана сипаттамай суреттермен қимылмен

т. б. балаларға түсінікті етіп сипаттаймын.

2. Баланың тыңдай білу қабілетін арттыру: балаларға музыкалық фразаларды тыңдауды, түсінуді үйретемін. Өлеңнің бастамасы, қайырмасы деген ұғымдарды түсіндіремін, ажыратуды үйретемін.

3. Музыканы тыңдай отырып әнді, көркем кейіпкерді, биді көз алдына елестете алу; тыңдаған шығармада немесе ән айту барысында үркек қоянға, маң-маң басқан аюға еліктеу, маршпен жүрген сарбазға және оны өзінше сипаттау.

 

180 0
Әділжан Досжан, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның саксафон пәні мұғалімі Түркістан облысы Ұлы Дала Ұстазы № 000207
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: