Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI391

Домбыра үйрету әдіс - тәсілдері

Халқымыздың ұлы аспаптарының бірегейі – домбыра аспабы.Домбыра өзінің қарапайым құрылымымен кең тараған аспап, әр қазақ баласының өмірлік серігі, ұлтымыздың төл құжаты.

Әрбір қазақ отбасында домбыраның болуы да заңдылық  іспеттес.Домбыраның күмбірлеген дауысы әрбіріміздің патриоттық рухымызды сөзсіз. Аспапты ойнау білу және үйрене білу үлкен сабырлықпен ұстамдылықты қажет етеді. Домбыра өнерінің, оны үйрену, үйретудің ұзақ ғұмырнамалық тарихы бар. Ол ертеден жеткен дәстүрлі құйма — құлақ әдісі. Кәсіби домбырашы болу бәріне міндет емес, бірақ домбыраны білу бар қазаққа қажеттілік. Дыбыстың таза әрі құлаққа жағымды шығуы домбырашының отырысына және аспаптың дұрыс орналасуына тығыз байланысты. Орындықта дұрыс отыру мен аспапты дұрыс ұстауды үйретуге мән беруіміз аса қажет. 

        Оқушының аспапты қысылмай меңгеруіне киімнің де әсері мол, киім денеге тар болмауы қажет. Әсіресе, екі иықты түсіріп, еңкеймей, тік отыруға  жаттыққан жөн. Домбырашының сол аяғы еденге нық басылып, денесін тік ұстауы керек. Алғашқы үйрену кезінде басын аздар алға қарай еңкейткені жөн, өйткені орындаушы домбыра пернелерін және өз отырысының  дұрыс немесе терістігін қадағалап отыруы керек. Домбыраның  басы сол иықтың деңгейіне дейін көтеріліп, шанақтың төменгі бүйірі оң аяқтың үстіне  орналасады да, ал жоғарға бүйірі кеудеге тақалып тұруы керек. Оң қолдың шынтағы қақпақтың ішекке дейінгі бөлігіне тиектің сыртқы жағынан орналасады. Домбыра оқытушысының   басты міндеттерінің бірі – оқушының үйдегі дайындығын, сабақ өту барысындағы қызығушылығын одан әрі арттыру.Әрбір оқушының бейімділігін арттырып, ынтызарын аудару үшін жеңіл меңгеретін, оның түсінігіне ыңғайлы тапсырмалар берген жөн. Жұмысты өте ауырлатып жіберуге болмайды. Егер оқушы тапсырманы орындамаған жағдайда, сол тақырыпты қайталап, тереңірек түсіндіру – оқытушының үлкен міндеті. Оқушының үйдегі жұмысының орындалу барысын сабақ сайын сұрап, қанша уақыт және қандай тәртіппен дайындалғанын біліп отыру керек. Оқушының қабілетіне, материалды игеру мүмкіншілігіне, ой-өрісіне, талғамына аса назар аудару керек. 

        Жаңа күйлерді жаттығу барысында нотаны бірден оқуға жаттығуды домбырашының дұрыс отырысы меңгеріп, екі қол қозғалыстарын қалыптастырғаннан кейін бастаған жөн.Жаттығуда берілген ноталық үлгіні әрі жәй екпінде, әрі ырғақты сақтап, санап ойнағанда ғана нәтижелі болады. Бірден оқуға жіберілген ноталар ойнауға, әрі санап отыруға ыңғайлы болып, оқушы білетін қағыстармен орындалады. Шығарманы бірден оқып, ойнауға басты мән біріліп, оған ұстаз тарапынан арнайы уақыт бөлінуі қажет. 

Оқушылардың орындау шеберліктерін арттыруға күй сипаттағы жаттығулардың, әр түрлі қағыстарға гаммалар және арпеджиолар ойнаудың әсері мол. Оқушының үлгерімі, көбінесе, оның үйдегі дайындық жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты болып келеді.

         Аспапты үйрету барысында оқу жоспарында көрсетілген көркем шығармалардың мазмұны, орындау әдістері әрдайым тиянақты талданып отырады, шеберлікті жетілдіретін түрлі жаттығулар гаммалар, т.б техникалық шығармалар біртіндеп, сатылап үйретіледі. 

         Оқушы орындайтын шығармаларды бірте-бірте күрделендіріп оларды кідіріс жасамай ойнайтындай  дәрежеге жетуі керек. Осылай әрбір үйренушінің қызығушылығы артып, одан әрі жаттыға түседі.

Қорытындылай келе, халқымыздың ұлылығына айналған аспапты үйрете білу, үйренушіні одан әрі қызықтыру біздің қолымызда. Домбыра – халықтық аспап.Елімізге, халқымызға берері көп асыл дүние. 

 


272 0
Нұрсәуле Әуелбекова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның домбыра пәні мұғалімі, педагог- модератор Түркістан облысы Ұлы Дала Ұстазы № 000204
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: