Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI389

Домбыра – қазақтың ең ардақты ұлттық қазынасы

Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде – бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. 

Домбыра жай ғана аспап емес, қазақтың ұлттық аспабы. Адамдар домбыраны қадірлеп ұстайды. Домбыраның негізгі шығу тарихы ерте заманда Құрманғазы атамыздан басталған. Құрманғазы атамыздың ең бірінші шәкірті – Дина. Дина аса қадірлі күйші. Таланты мен домбырада ойнау шеберлігінің арқасында оның танымал шәкірті Дина Нұрпейісованың да есімі қазақ музыкасының жылнамасына алтын әріптермен жазылған. Дина домбырада ойнауды әкесінен үйренген, 9 жасында кішкентай домбырашы бүкіл елге танымал болады. Жас шебердің өнеріне Құрманғазы да өз бағасын берген екен. Кейін ұстазына айналған ол Динаның күйші ретінде қалыптасуына үлкен ықпалын тигізген. Дина Нұрпейісованың белгілі шығармалары «Бұлбұл», «Әсем қоңыр», «1916 жыл» және т.б.. Соңғы концертін Дина 91 жасында қойған.

 Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып – қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә.Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т.Момбеков, М.Хамзин, Қ.Жантілеуов, С.Балмағамбетов, Л.Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қ.Ахмедияров, У.Бекенов, Р.Ғабдиев, С.Шәкіратов, Б.Ысқақов, Б.Тілеуханов, А.Үлкенбаева, А.Райымбергенов, т.б.

Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде: ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты,балдырған,балашық,шіңкілдек, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер, оркестр домбыралары. Домбыра өнері – халқымыздың сарқылмас қазынасы. Домбыра адамның көңіл – күйі, қуанышы мен мұңы. Ғасырлар сынынан өткен ең әсем, сырлы домбыра ғана ел аузында сақталып, бүгінге дейін жеткен. Сенің де өзіңе ұнайтын домбыра бар. Домбыра тыңдағанда, орындағанда, талдағанда көп нәрсе үйренгеніңе сенімдіміз.

Домбыраға деген қызығушылық әрі музыкалық аспаптың танымалдылығы ешқашан да тоқтаған емес. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастар көп. Бұл қуантарлық жайт. Бұл дәстүрді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің қолымыздан келеді.

298 0
Хорлан Аймаханова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің " О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі" МКҚК-ның домбыра пәні мұғалімі, педагог- модератор Түркістан облысы Ұлы Дала Ұстазы № 000202
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: