Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI351

Жемқорлықсыз ел гүлденген ел бәрі де балабақшадан басталады

 «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деп дана халқымыз бекерге айтпаған. Тәрбиенің басты мақсаты – адамдықты, адалдықты, парасаттылықты, даналықты насихаттап, үлгі етіп, рухани тұлға тәрбиелеп шығару. Балаға тәрбие негізі екі бұлақтан, яғни, ата-ана және педагогтан келіп құйылады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, бөбекжай балабақшасы КМҚК іс-шаралар жоспары бойынша  оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Ата-аналармен, педагогтармен тығыз әртүрлі іс-шара мен байқау, дөңгелеу үстел, отырыс, семинар, жиналыс ұйымдастыруға ұйтқы болып жүр. Балабақша ата-аналарды тек көрермен ретінде ғана қарастырып қоймай, балабақшадағы байқаулардың қазылар алқасының құрамынада енгізген. Балабақша ашықтығын қамтамасыз етуі бойынша, қолжетімді жерде «Сенім жәшігі» орналасқан. Жәшікке салынған ақпараттардың жүргізілуін бөбекжай балабақша директоры сараптан өткізіп, тиісті шара қолдануда. Сондай-ақ балабақшамыздың ортаңғы топтарында түрлі конкурстар ұйымдастырылады.

            Осылай балабақша мен ата-аналар ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл бөле білсе, олармен  білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.

            Ұлы жазушы М.Әуезовтың сөзіне сүйенсек: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен».

       Өз еліне, жеріне, Отанына, тіліне деген патриоттық сезімі жалындап тұрған жан сол жалынның ұшқынын бала бойына бере алады. Өз өзіміздің ұлттық рухымызды тіктеп, баланың бойына адами қасиеттердің дәнін егу арқылы, Мәңгілік елімізге лайықты азамат тәрбиелейміз деген сенімдемін. Қазақ халқы – орасан зор адамгершілігімен, ар намыстың тазалығымен көзге түскен халық. Ендеше, ұрпақ болашағына бей-жай қарауға болмайды.

143 0
Гульжан Курмашева, Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Алпамыс» бөбекжайы» балабақшасы КМҚК дене шынықтыру нұсқаушысы Ұлы Дала Ұстазы № 000254
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: