Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI34

Үштілділік – адамның өміріндегі жетістік қағидасы

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің білім беру жүйесіне де өзінің тың жаңашылдықтарын енгізіп отыр.

Қазіргі таңда өзара байланысы мен өзара тәуелділігі басым әлемде жас ұрпақты бәсекелестікке дайындаудың бірден бір жолы үш тілде білім және тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі үш тілді білім беру – мектептегі оқу пәндерін екі немесе оданда көп тілде оқыту, жас ұрпақты білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп , өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік деп атауға болады. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. Сондай үш тілде білім беру жобасын алғашқылардың бірі болып қолға алған  білім ордаларының бірі- Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №3 жалпы білім беретін мектепті айтуымызға болады. Білікті басшы Айгүл Қуанышқалиқызы Шалабаева басқарып отырған білім ордасы да  заманымыздың тілек-талабы үш тілді білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Мектебімізде  физика пәнінің мұғалімі Ардақ Қуандыққызы Муханова және химия пәнінің мұғалімі Гүлбану Дүйсенбекқызы Досниязова  үштілде оқыту курсын бітіріп келіп, бүгінгі таңда өз пәндерін ағылшын тілінде оқытып жүр. Мектеп директоры Айгүл Қуанышқалиқызының бастамасымен  "Үштілділік-жаңғыруға бағыт алудың бастамасы, білім берудің ұлттық моделі" тақырыбындағы жаратылыстану пәндері бойынша аудандық семинар  ұйымдастырылды. Семинар мақсаты: «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдарымен таныстыру, көптілділіктің білім беру саласындағы маңыздылығын, үштілде білім беруді мектепте жүзеге асырудың іс-тәжірибесімен әдіс алмасу. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің бас маманы, әдіскерлері мен білім беру ұйымдарынының мұғалімдері қатысты. Акт залында концерттік бағдарламамен сүйемелденген семинардың ашылу салтанатынан соң физика пәнінің мұғалімі Муханова Ардақ Қуандыққызы 

7 «а» сыныбына «Механикалық жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

"Үштілділік-жаңғыруға бағыт алудың бастамасы, білім берудің ұлттық моделі" тақырыбындағы жаратылыстану пәндері бойынша аудандық семинарды қорытындылау бөлімінде Шалқар аудандық  білім бөлімінің бас маманы Жансәуле Бекетова семинардың өту барысын жан-жақты талдай отырып, семинарда іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге білім бөлімінің Алғыс хатын табыстай отырып, мектеп ұжымының жұмысына оң баға берді.

Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ. Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым–физика пәнінің зерттеу әдістерін ғылыми, пәнаралық, интерактивті әрекет жасау арқылы оқушының жалпы ғылыми ойлауын, көзқарасын қалыптастыру негізінде бәсекелесікке қабілетті белсенді ұрпақ дайындау. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер қолдану барысында CLIL технологиясы тиімді болып саналуда, яғни оқушылар жұпта, жеке, топта, ағылшын тілінде физикалық терминдердің, шамалардың әрекеттерін ағылшын тілінде айтуды іске асырады, әр оқушы сабақта орындалатын тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып отыруы сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын жоғарылатады. Физика пәнін ағылшын тілінде меңгертудің ана тілінде оқытудан ерекшелігі физикалық терминдерді ағылшын тілінде енгізу, әртүрлі пәндегі бір ғана терминдердің ағылшын тіліндегі мағынасы түрліше болатындығына оқушылардың көзін жеткізу, зертханалық жұмыстарда қолданылатын құралдардың, қондырғылардың және материалдардың атауларын оқушылар ағылшын тілінде білуі, есептердің шығарылуын ағылшын тілінде түсіндіруі, сабақты бекіту кезеңінде сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беруі, алынған нәтижені түсіндіруі және соған сәйкес қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру басты міндет болып табылды.


Сонымен қоса физика сабағында үш тілді меңгеруді сабақ барысында ойын түрінде өткізу оқушылардың  грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Пәнді ағылышын тілде оқыту оқушыларға қосымша ресурс ретінде болашақ мамандығына да көмегі зор.

Ертеңі өсері биік ,дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтардың өсуі үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой –пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Сондықтан, қорыта айтарым, тәрбие – тал бесіктен, яғни, шәкірттеріміз үштілді болып жетілсе, алдыңғы ұрпақ талай мақсаттарға жетеді.



177 0
Муханова Ардак Куандыковна «№3 ЖОББМ» КММ-нің физика пәні мұғалімі Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы "Ұлы Дала Ұстазы" Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 9632147855
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: