Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI323

Тұғыры биік Тәуелсіздікке-30 жыл

Тәуелсіздік–бабалар аңсап, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік- таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Тәуелсіздік-ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Бұл- ата- бабаларымыз  ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған Қазақ елінің бүгінгі ұрпақтарының туған ел, туған жерге деген махаббатының айғағы.

Әлемдік өлшемде уақыттың бір түйір бөлшегінде де тұрмайтын осы кезеңде Қазақстан адам танымастай құлпырып, адам сенбестей жетістікке қол жеткізді. .Қазіргі таңда Тәуелсіздік- барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі-алдымен халқымыздың бақыты. Елімізде бейбітшілік болуы халқымыздың өжеттілігі, батылдығы емес пе? 1991 жылы – еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезі болды. Қазіргі Қазақстан әлемге мақтанарлықтай абыройға қол жеткізді.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»атты мақаласы еліміздің өткені, қазіргісі мен болашағы жайлы айтып, бізге жаңа серпін мен жаңа белестерді бағындыруға жігер қосты.    

Біздің мақсатымыз еліміздің ертеңі , болашақтың иесі жастар жанына еліне деген махаббат  ұрығын сеуіп, дәнін дарытуымыз керек. Оның тамырланып, өсіп-өркендеуіне қамқорлықпен жағдай жасау-парызымыз. Осындай перзенттік парыз алтын ұя мектепте өскелең ұрпақты өмірге баулып, оларға тәлім-тәрбие, терең білім беріп жатқан ұстаздар қауымына жоғары жауапкершілікті жүктейді. Өйткені ,өз дәуірінде ғылым- білімде «екінші ұстаз »атанған ұлы ғұлама Әл-Фараби тәрбиесіз берілген білімді зая кеткен еңбекке теңеген емес пе? Болашақ ұрпақ білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде еліміздің патриотына айналады. Өзінің жеке мақсат мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі. Мен де еліміздің күннен күнге нығайып, дамуына әрбір қазақстандық аянбай еңбек ететін жас ұрпақ тәрбиелей білуіміз керек деп есептеймін. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын!

Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!

145 0
Гульжан Тулебаева, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Ұлы дала ұстазы № 000237
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: